1. Нұрқасым Қазыбеков

    Нұрқасым Қазыбеков (1 мамыр 1936 жылы туылған, ҚХР Іле Қазақ автономиялық облыс, Текес ауданы) — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1975). 1957 жылы құлжа пед. училищесін, 1968 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1962 жылы тарихи отанына оралған соң Райымбек ауданындағы Таушелек орман шаруашылығы мекемесінде, «Жазушы» баспасында (1969) жұмыс істеді. 1969-82 жылдары «Жалын» альманағында, «Жалын» баспасында редактор. 1987-90 жылдары Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1991-1993 жылдары «Заман—Қазақстан» газетінде, 1993 жылдан «Түркістан» газетінде қызмет істеді.

Страница 95 из 95« Первая...9192939495