1. Ақмолла Мұхамедиярұлы

    Ақмолла(шын аты Муфтахетдин)-қазақ, башқұрт, татар әдебиеттеріндегі ірі тұлғалардың бірі,ағартушы.Ақын 14 желтоқсанда бұрынғы Уфа губерниясы,Белебай уезі,Тоқсанбай ауылында дүниеге келген.Әкесі қазақ,шешесі башқұрт.Өгей әкесі Камалетдиннің қолында тәрбиеленген.Орынбор,Троицк маңындағы татар мектеп-медреселерінде оқыған.Кейін қазақ ауылдарында молда болып,бала оқытқан.Қашқын солдат деген жала жабылып,1863-1871 жылдары Троицкіде түрмеде отырады,тұтқындар қатарында жұмыс істейді.

  2. Ақмаржан Таубаева

    Ақмаржан Таубаева — ақын, журналист. 1958 жылы туған. 2001 жылы «Жайықтың ақ самалы» тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. «Нұр апасы Жайықтың», «Асыл арқау», «Ұстаздар әлемі» жинақтары шыққан. Өлеңдері «Қазақстан әдебиеті — 2000» байқауы қорытындысы бойынша «Күміс күйме» жинағына кіргізілген.

  3. Ақан Сері Қорамсаұлы

    Арқаның ардагері атанған Ақан (Ақжігіт) — қазақтың ән  өнері аспанында зор даусымен асқақатата жыр нөсерін ақтарып  ондағы тамаша таланттың айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат. өзі өмір сүрген дәуір шындығын ән-музыка, өлең — жыр туындылары арқылы бейнелей білген, ұлы суреткер, компазитор. Ойлы, сырлы ғажайып шығармаларын өз даусымен орындап, қалың елге кең таратып, тыңдаушының құлақ құрышын қандырған топшысы болат дауылпаз. өмір сүрген ортасынан озат шығып, асыл өнерімен де, жеке бас әдет-мінездерімен де, жүріс — тұрыс, киім киіс, сән-салтанатымен де даралана көзге түскен қазықтың ең қадірлі серісі. Асып-таспай, жабырқап жасымай әр кез арын таза ұстай білген, жақсылық пен әділеттік жолына белін бекем буған, ақыл-парасаты биік саналы гуманист.

  4. Ахмет Байтұрсынов

    Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері
    Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
    1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
    1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
    1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.

  5. Асан Сәбитұлы

    «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды армандап, қазаққа жайлы қоныс — Жерұйық іздеген Асанқайғы Сәбитұлы Еділ бойында дүниеге келген. Тарихи аңыздарда әкесі саятшы екен дейді.Асанқайғы Сәбитұлы Алтын Орда ханы Ұлұғ Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болады. XV ғасырдың 20-жылдарында Ұлұғ Мұхамед Ордадан қуылғанда, ақын өз әміршісімен бірге кетеді.

  6. Аралбай Оңғарбекұлы

    Қазіргі Маңғыстау облысының Бейнеу аймағындағы Қарақұм өңірінде дүниеге келіп, Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Айрақты, Қарнау, Қарақұм деген жерлерде ғұмыр кешкен. Бейіті Қарашұңғыл қорымында.

  7. Алмажан Азаматқызы

    Алмажан Азаматқызы (1823 — өлген жылы белгісіз) Батыс Қазақстандағы Нарынның Бекетай — Бесқасқа дейтін құмында туған. Қай жылы өлгені жөнінде мәлімет жоқ . Әкесі Азамат 1836 — 1837 жылдардағы Исатай, Махамбет бастаған көтеріліске қатысып, қаза тапқан. Сол күресте 1838 жылы ерлікпен қаза тапқан. Азаматтан Алмажан деген қыз (Алмаш), Төрежан деген ұл қалады. Алмажан өзінің інісі Төрежан екеуі жетімдік көріп, шерлене өскен. Соған орай, талай зарлы — шерлі өлең, толғаулар шығарған.

  8. Алдан Смайыл

    Смайыл Алдан Зейноллаұлы 1946 жылы 3-қазанда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Ақтау кеңшарында туған. Жазушы, публицист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2007ж), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006 ж.), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005 ж.), Қазақстан Журналистер одағының лауреаты (2001 ж), Халықаралық Алаш сыйлығының иегері (2005 ж.).
    1963 жылы Қаражал орта мектебін бітірген соң шопанның көмекшісі болып жұмыс істейді.

  9. Айтқали Нәріков

    1940 жылы 20 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ширявское селосында туған.
    1968 жылы Орал пединститутын бітірген. Содан бері журналист болып жұмыс істеп келеді.
    Тасқала ауданының құрметті азаматы.

  10. Абай Құнанбайұлы

    Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
    Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
    Абай

    Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Страница 94 из 95« Первая...9192939495