1. Орынбай Ақын

    Көкшетау өңіріндегі Айыртауда туған. Өз әкесі Байқожа, арғы атасы Бертағы ақын. 13-14 жасынан өлең шығарған. Кезінде Арыстан, Сералы, Шортанбай, Сақау, Шөже, Балта, Дана, Ақан сері, Тоғжан, Құлтума, т. 6. ақындармен айтысқа түскен.

  2. Оразақын Асқар

    1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан олкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей-Қаратас деген жерде туған.
    Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған.

  3. Несіпбек Айтұлы

    Айтұлы Несіпбек 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

  4. Мағауия Абайұлы

    Мұхаметжан Серәлин Қостанай облысы, бұрынғы Қарабалық ауданында 1872 жылы туып, 57 жасында өзінің елінде дүние салған. М.Серәлин ұзақ жылдар бойы баспасөз майданында қызмет істеп, қазақ тілінде тұңғыш рет шыққан «Айқап» журналының әрі ұйымдастырушысы, әрі редакторы болған.

  5. Көтеш Ақын

    Көтеш ақын Баянауыл аймағында туып-өседі. Алғаш рет он жеті жасында, Абылайға қарсы бас көтерген Мейрам руының намысын жыртқан өлеңі арқылы аты шығады.

  6. Жүсіпбек Аймауытов

    Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған.
    Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша-қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды.

  7. Ақұштап Бақтыгереева

    Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы, 23 тамызда Ақжайық ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1969). Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы 11 — орта мектепті бітірген (1961). 1961-66 жылдары Қазақтың қыздар пединституттың филология факультетінде оқыды. Еңбек жолын «Орал өңірі» облыстық газетінде бастаған. «Жұлдыз » журналы (1970), «Қазақ әдебиеті» газеті (1967) редакцияларында, «Жазушы» баспасында (1978) қызмет атқарды.

  8. Ақылбай Абайұлы

    Ақылбай Ділдәдан туған Абайдың тұңғыш баласы. Бірақ ол Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның қолында өседі. Он жасқа шыққан кезінде Ақылбайды Ғабитхан деген татар молдаға оқуға береді, онда 4 — 5 жыл оқу оқиды.Ақылбай талантты домбырашы болады, өлең айтуды, шығаруды машық етеді. Оның жастық, махаббат тақырыбына жазған көптеген өлеңдері болған.

  9. Ақтанберді Жырау

    1675 жылы Оңтүстік Қазақстан өңірінде, Қаратау бойында дүниеге келеді. Әкесі Сары ауқатты кісі болған. Болашақ жырау жамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. Ақындық талантын тым ерте, 10-11 жасында танытқан ол 17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарына қатынасады. Өзінің жанкешті ерлігімен, ақыл-айласымен көпке танылады. Талай рет өлім аузынан қалады. Бірде, тіпті, жортуылда жау қолына түсіп, өлім жазасы орындалар қарсаңда ғана қашып құтылады.

  10. Ақтан Керейұлы

    Әрі ақын, әрі жырау Ақтан Керейұлы қазіргі Ақтөбе облысындағы Сағыз бойында туып, сондағы Шибұлақ деген жерде қайтыс болды.Өлеңдері ауызша тараған. «Аяғына қан түссе», «Біріншіде не жаман?» деген философиялық терме және тұрмыс — салт жырларын толғаған.

Страница 93 из 95« Первая...9192939495