1. Ішімдіктің зияны

    Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.

  2. ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

    ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.

  3. Денсаулық — басты байлық

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздія халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономи-калық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Менің мамандығым дәрігер болғандықтан, Жолдаудағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында да, қазақ «Тазалық — саулық негізі, саулық — байлық негізі» деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өйір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас үрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру — біздің міндетіміз.

  4. Әлібек Асқаров

    Жазушы Әлібек Асқаров Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Чернова ауылында 1951 жылдың 24 қаңтарында дүниеге келген.
    Мектеп бітірген соң ауылда түрлі шаруашылық жұмыстарын атқарды, киномеханик болды.

  5. Құлманбет Ақын

    Құлманбет — атақты айтыс ақыны. Ескіру жігімен талдағанда, Кіші жүздегі Байұлы руының Таз деген атасынан, туып-өскен жері Жем, Атырау аумағы. Туған, өлген жылдары жөнінде нақты мәліметтер жоқ.

  6. Құлан Алдабергенұлы

    Құлан Алдабергенұлы (1861, қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Ақтөбе ауылы – 1934, сонда) – ақын. Бала кезінен батырлық қисса-дастандарды жатқа айтып, ел арасына ерте танылған. Өлең шығарып, ауыл адамдарының оғаш мінез-құлықтарын мінеп, сүйіспеншілік, достық, ынтымақ тақырыптарына қалам тарта бастайды, өз замандастарымен айтысып, бақ сынайды.

  7. Қасым Аманжолов

    Қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.

    Қасым Аманжолов — көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.

  8. Ыбырай Алтынсарин

    Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған.

    Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би, өз ортасына белгілі, беделді адам болған. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 жылы Орынборда ашылған қазақ — орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. Дегенмен ынталы да зерек Ыбырай мектепті 1857 жылы үздік бітіріп шығады. Мектепті бітіргеннен кейінгі екі жылында өз елінде тілмаш болып қызмет етеді.

  9. Шыңғыс Айтматов

    Шыңғыс Айтматов (қырғызша: Чынгыз Айтматов) (1928 ж. желтоқсанның 12 Шекер, Қырғыз АКСР — 2008 ж. маусымның 10, Нүрнберг, Алмания) — ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты.

  10. Сүйінбай Аронұлы

    Белгілі қазақ ақындарының бірі — Сүйінбай Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Майтөбе жайлауында, 1822 жылы шілде айында туған. Өз әкесі — Арон Күсепұлы, арғы атасы — Жиенқұл деген кісілер. Сүйенбайдың аталарының көбірек тұрған ежелгі — Қапал ауданындағы Көксу, Қараталға қатысты Екейқұм деген жерлер. Ол кедей отбасыдан шыққан. Әкесі Аронның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен. Өзінің өмірі туралы айтқан өлеңдерінің бірінде ақын бұл жайлы және екей елінің түгел кедей болғанын толық бейнелейді.

Страница 92 из 95« Первая...9091929394...Последняя »