Қазақ әдебиеті

  1. Ілияс Жансүгіровтың Құлагер поэмасы

    Қысқаша өмірбаяны
    Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді.
    1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
    Толығырақ »

  2. «Күй» (реферат)

    Дәстүрлі күйшілік өнер

    Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
    Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.
    Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.
    Толығырақ »

  3. Есенжанов Хамза Ихсанұлы

    Дүниеге келгені: 1908
    Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы
    Қайтыс болғаны: 1974 Алматы
    Мансабы: жазушы
    Есенжанов Хамза Ихсанұлы (25.12.1908, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы — 5.12.1974, Алматы) — жазушы.
    Толығырақ »

  4. Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы

    Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Толығырақ »

  5. Поэтикалық ерекшеліктің Тыныштықбек Әбдікәкімов поэзиясындағы көрінісі

    Поэзия-өмірдің бар қуанышы мен қайғысын әрлеп, әсемдеп өрген өрімі. Поэзияға-күннің нұрын, өмірдің жырын, әлемнің сырын бойына сіңірген, сіңіре отырып, жүректен жылы орын тепкен алып қуат. «Поэзия-өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорыған жамбысы. Поэзия бақшада құлпырған роза гүлін сипаттамайды, оның дөрекі заттық жақтарын лақтырып тастап, хош иісін, әсем құбылғыш бояуын алады да, осылардың жаратылыстағыдан да әсем өз розасын жасайды. Толығырақ »

  6. Поэтикалық ерекшеліктің Тыныштықбек Әбдікәкімов поэзиясындағы көрінісі

    Поэзия-өмірдің бар қуанышы мен қайғысын әрлеп, әсемдеп өрген өрімі. Поэзияға-күннің нұрын, өмірдің жырын, әлемнің сырын бойына сіңірген, сіңіре отырып, жүректен жылы орын тепкен алып қуат. «Поэзия-өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорыған жамбысы. Поэзия бақшада құлпырған роза гүлін сипаттамайды, оның дөрекі заттық жақтарын лақтырып тастап, хош иісін, әсем құбылғыш бояуын алады да, осылардың жаратылыстағыдан да әсем өз розасын жасайды. Поэзия-сәбидің күнәсіз ажары, жарқын жанары, күміс күлкісі, жанды қуанышы. Толығырақ »

  7. Асқар Алтайдың прозасындағы фантастикалық антропология

    Қазақ әдебиетінде М.Қабанбайдың аяқталмай қалған шығармасы «Кентавр», А.Кемелбаеваның «Қоңыр қаз» әңгімесін қазіргі қазақ прозасындағы фантастикалық антропологияның үлгісін көрсететін туындылар деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі жас прозайктердің шығармаларындағы тың тұрғыдан түлеген мифологиялық образдардың бірі Кентавр образы. Толығырақ »

  8. Абай мен Мұқағали поэзиясындағы үндестік

    Қазіргі қазақ поэзиясында Абай дәстүрімен жазбаған, Абай поэзиясынан нәр алмаған ақын кемде кем.
    Бүгінде ғасыр ақыны атанған Мұқағалидың да жырлары Абай дәстүрімен сабақтас. Абай өсиетін, ойын, Абай армандарын қазіргі қазақ поэзиясындағы жыр-шумақтарынан кездестіреміз. Алайда, бұл кезең ақындары ұлы Абай дәстүрін әрі қарай жалғастыра отырып, жаңаша, тың, соны соқпақпен түрен салды. Толығырақ »

  9. Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасы

    Шығарма иесін тілдік тұлға ретінде тану үшін оған қойылатын біз пайымдаған бірнеше критерийлері болуы тиіс.
    Біздің ойымызша, тұлға – интеллектуалды ерекше жаратылыс иесі. Кез-келген адам мен болмыс тұлғаның деңгейін («тұлғаны» «жеке адам» ұғымымен шатастырмау керек) бере алмайды. Кез-келген шығармашылық адамы жеке-дара тұлға бола алмайтыны белгілі. Тұлғаға ең алдымен даралық қасиет тән. Яғни ол «өзгелер» деп атауға болатын жалпылама ортақ болмыстан ерекшеленіп бөлініп шыққан өзіндік бітім-болмысымен айқындалуы қажет. Толығырақ »

  10. М. Дулатұлының шығармашылық қызметіне қысқаша шолу

    Міржақып Дулатұлы — сан қырлы тұлға. Атап айтқанда, ол – лингвист, әдебиетші, сыншы, зерттеуші, публицист, ғалым, жазушы, ақын, ұстаз, математик, журналист, қоғам қайраткері, жаратылыстанушы, аудармашы, заңгер. М.Дулатұлының жарық көрген кітаптары мыналар: 1. «Оян, қазақ!» 1909ж, Уфа: «Шарқ» баспасы; 2. «Бақытсыз Жамал», 1910ж, Қазан: Каримовтар баспасы; 3. «Азамат» (өлеңдер жинағы) Орынбор, 1913ж; 4. «Терме» (жинақ) Орынбор, 1915ж; 5. «Есеп құралы» оқулығы. Толығырақ »