ОБЖ

  1. ТЖ келтіретін шығыны

    ТЖ XX ғасырда әлемде таралу бейнесі. Абсолютті шығын өлшемі. Қазақстандағы табиғи тәуекелдің жалпы бағасы жәен болжамы.
    Қазақстанның тәуелсіз ел болуы, қоғамдық қатынастардың барлық негізгі салаларын қайта жасақтауы – елімізде Азаматтық қорғаныс жүйесін әрі халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін құруға мәжбүр етті.
    Толығырақ »

  2. Күйіктердің түрлері және алғашқы көмек көрсету

    Күйік жоғары температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы.
    Толығырақ »

  3. Жалпы улағыш әсердегі УЗ-мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек

    — зақымданушыға газқағарды тез кигізу;
    — шлем масканың астынан амилнитриті бар жаншылған ампуланы енгізу (қөгілдір қышқыл антидоты);
    — ауыр зақымданған кезде 2 – 3 минуттық үзіліспен амилнитриттің 2 – 3 ампуласын енгізу;
    — тыныс алу күрт бұзылған немесе тоқтаған кезде жасанды демалдыру;
    — зақымдалушының тыныс алу орнына түскен соң оны тез арада емдеу мекемесіне алып бару; Толығырақ »

  4. Судың адам экологиясындағы рөлі

    Салмақ бірлігінде (г/м3, м/л) немесе көлем бірлігінде көрсетілетін су қоспасының көлем бірлігіндегі салынды заттектердің құрамы.Судың лайлылығы су қоймаларда жағаға жақындаған сайын (жағаны шаятын толқынға байланысты), ал ағын суда бетінен түбіне қарай (түпкі шөгінділерді шаятын ағынмен ұлғаяды) артады.Судың лайлылығы су тасу кезінде көп байқалады. Әдетте, жергілікті жердің сулығы азайған сайын судың лайлылығы артады: еуропаның орманды жолақтарындағы өзендерде судың лайлылығы 50-100 г/м3, орманды далада – 100-200 г/м3, далада және шөлейтте – 250-500 г/м3 шамасында өзгереді. Дүние жүзіндегі ең лайлы өзен Хуанхе ( 35-40 мың г/м3) болып саналады.  Толығырақ »
  5. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ПРИНЦИПТЕРІ

    Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері мыналардан құралады:
    1) оқиға орнын қарау;
    2) бірінші рет қарау, көмек көрсету;
    3) жедел жәрдем шақыру;
    4) екінші рет қарау. Толығырақ »

  6. Қоршаған ортаның шумен ластануы, оның адам денсаулығына тигізетін әсері

    Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.
    Толығырақ »

  7. Табиғаттың ластануы

    Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.

    Толығырақ »

  8. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ

    Еңбекті қорғау –бұл ілеуметтік-техникалық ғылым, өндірістік қауіпті жағдайларды және кәсіптік зияндарды зерттейді, оларды болдырмау шараларын жасайды немесе оқыс жағдайлардың, кәсіптік аурулардың алдын алу тәсілдерін қарастырады. Толық қаіупсіз не зиянсыз кәсіпорындар мүлдем жоқ.. Еңбекті қорғаудың мақсаты – жұмыс істеушінің қауіпсіздігіне және ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өнімділігін барынша жоғары көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігі адамның денсаулығы мен жұмыс істек қабілетін сақтау, адам еңбегін жұмыс мезгілін үнемдеу,оның белсенді жұмыс істеу периодын ұзарту, өнімнің жоғары сапасын көтеріп, қоғамдық еңбекті үнемдеу, негізгі өндірістік қорларды қолдануды жақсарту апаттар санын азайту және тағы басқалары арқылы артады.
    Толығырақ »

  9. Нағыз тұрмыстық қалдықтар

    Қоршаған ортаға қауіп туғызатын көптеген құбылыстар негізінен алғанда адамның өмірін жеңілдетіп, денсаулығын жақсартуға бағытталған жаңалықтар негізінде пайда болған. Әштен тұтанатын қозғағыштар синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер және медициналық препораттар адамның ізгі ниеті тұрғысында қолданылады, бірақ олардың әрекеті үлкен қолайсыздық тудырады.  Толығырақ »

  10. Алматыға қауіп қайдан келеді?

    Қазіргі кезеңде әрбір мемлекеттің орнықты дамуы үшін мынадай 3 факторға баса назар аудару керек: Мемлекеттік саясат, экономикалық бағыт және экологиялық жағдай. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Экономика мен саясаттың өзгеріп тұруы заңды құблыс, ал экологиялық апатты тоқтату немесе бағытын өзгерту — өте күрделі құбылыс. Осындай ластануға адам организмдері біртіндеп үйреніп, бұл өзгерістерді тіптен сезбейтін болған. Адам денесіне енген улы заттар организмге кері әсерін тигізіп, денсаулығын бұзады. Ағзада күрделі патологиялық өзгерістерге алып келеді.

    Толығырақ »