Мәдениеттану

  1. Әлемдік мәдениеттер өркениеті

    Кіріспе
    Қазіргі заманғы сөзддіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,критмикен мәдениеті, қазақ мәдениетіжәне т.б.); б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) мәдениет — агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениеті және т.б.). Толығырақ »

  2. РЕАЛИЗМ

    РЕАЛИЗМ — көркемдік әдіс, яғни нақты өмір құбылыстарын көркем шығармашылықтың өзіне тән бейнелу құралдары арқылы шыншылдықпен суреттеу тәсілі. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік пошымы алуан түрлі болып келеді. Олардың бәріне ортақ нәрсе — болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелеу, өмір шындығын айнытпай кескіндейтін керемет картина, ғажайып образдар жүйесін жасау екені мәлім. Реализм әдістерінің мүмкіндігі мол, түрлері көп болғанымен ол шексіз емес. Көркем шығармашылық нақты болмыстан, өмір шындығынан алшақтаған жағдайда Реализмге орын қалмайды. Толығырақ »

  3. Мәдениет пен өркениет

    Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін үғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді. Толығырақ »

  4. ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі тенденциялары

    Мәдени өрлеу мәселесін шешу мәдениеттің табиғатын түсінуге, оны ұғыну сипатына, мәдениеттің тарихи дамуының бай материалын түсінуге байланысты болады. Мәдениеттануда мәдениеттің аз жетілген түрінен толық жетілген түріне даму бағыты ретінде өрлеу (прогресс) проблемасына екі негізгі тәсіл бар. Толығырақ »

  5. Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет

    Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет (XVIII-XIX ғ.ғ.)

    Ағарту дәуірі мәдениеттің жаңа типіне көшуді аяқтады. Жаңа мәдениет Жарық көзін Сенімде емес, Ақыл-парасатта деп білді (француз тілінде «ағарту» сөзі жарық деген мағынада «lumiere»). Әлем мен дүние туралы білімді экспериментке сүйенетін ғылымдар, философия мен реалистік бағытталған өнер беру керек болатын. Толығырақ »

  6. Айша Ғарифқызы Ғалымбаева

    Жердегі сұлулықтың мекені

    Айша Ғарифқызы Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған. Толығырақ »

  7. Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелері

    Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі:ерте қола-б.з. дейнгі ХVІІІ-ХVІғ.ғ. орта қола -б.з. дейнгі ХVІ-ХІІ ғғ; кейнгі қола -б.з. дейнгі ХІІ-
    VІІ ғ.ғ. басы. Бұл кезендер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептетіледі. Толығырақ »

  8. Ғылыми таным

    Негізгі мақсаты: Ғылыми танымның мәні мен құрылымын, теориялық сипатын түсіндіру, практиканың маңыздылығын дәлелдеу.
    Негізгі түсініктер: метод, методология, эмперика, эксперимент, фальсификация, синтез, анализ, индукция, дедукция, идеализация.
    1. Таным, қоғамдық процесс.
    2. Таным процесінің негізі.
    3. Сезімдік және логикалық таным
    4. Ақиқат теориясы.
    5. Ғылыми таным логикасы мен методологиясы.
    6. Ғылым этикасы. Толығырақ »

  9. Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері

    Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Евразия даласында скиф-сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Евразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Толығырақ »

  10. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті

    ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІ

    Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Толығырақ »