Биология

  1. Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу

    Медициналық генетика адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын ауруларды, оларға диагноз қоюдың және емдеудің жолдарын зерттейді. Бүкіл дүниежүзілік статистика бойынша дүниеге келіп жатқан сәбилердің шамамен 7—8%-ы түрлі тұқым қуалайтын аурулармен ауырады. Сондықтан сол ауруларды жан-жақты зерттеу, олардан алдын ала сақтандыру және емдеу жалпы адам генетикасының, соның ішінде, медициналық генетиканың негізгі проблемасы болып табылады. Толығырақ »

  2. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы

    ХІХ ғасырдың соңында клетка құрылысының зерттелуіне байланысты ядро мен оның құрамындағы хромосомалардың тұқым қуалаушылыққа қатысы бар екені анықталды. 1883 жылы бельгиялық зоолог Э.Бенеден мейоз процесіндегі редукциялық бөліну аталық және аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жорамалдады. Толығырақ »

  3. Фотосинтез

    Фотосинтез (Фото… және синтез) – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бқледі. Толығырақ »

  4. Цитология негіздері

    ЦИТОЛОГИЯ НЕПЗДЕРІ. ЖАСУШАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
    ЖАСУША ТЕОРИЯСЫ

    Цитология — жасуша туралы ғылым. Жасушаны зерттейтін ғылымды цитологш деп атайды (грекше «цитос» — жасуша, «логос» — ғылым). Цитология ғылымы бір жасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын, құрамын және қызметін зерттейді. Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын, қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияньщ зерттейтін кұбьшыстары мен зандылықтары цитология, тәнтану, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекулалық биология және т. б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Толығырақ »

  5. Эволюциялық ілім

    ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ІЛІМ
    ДАРВИНГЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ТІРІ ТАБИҒАТТЫҢ ДАМУЫ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАР

    Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Жер бетінде тіршіліктің болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы — адам баласын саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді. Толығырақ »

  6. Итмұрын

    ИТМҰРЫН
    (Раушангүлділер түқымдасы)

    Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Толығырақ »

  7. Картоп

    КАРТОП, картофель (нем. Kartoffel ) — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл. Картоптың 150-ге жуық түрі белгілі. Отаны — Оңт. жөне Орт. Американың таулы аудандары. Бір жылдық дақылдық картоп негі-зінен, 2 жақын түрге бөлінеді. Анд Картобы Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. Толығырақ »

  8. Сүт тағамдары

    Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой – ешкі сүті, сиыр сүті делінеді. Ал, жас төлдеген малдың алғашқы бір – екі күнгі сүті уыз болады. Сиыр көктемгі және жаз айларында күніне үш рет, күзге қарай суала бастаған кезде екі рет сауылады. Қой тал түсте қосақталып бір-ақ рет, бие сағат сайын, тіпті одан да жиі сауылады. Інгеннің сауымы да бие тәрізді деуге болады, бірақ биеден гөрі сиректеу сауылады. Толығырақ »

  9. Адам генетикасы

    Адам генетикасының ерекшеліктері. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді. Толығырақ »

  10. Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама

    1500 ж. — жану процесі жүрмейтін атмосферада жануарлардың өмір сүре алмайтындығы дәлелденді (Леонардо да Винчи). 1609ж. — алғашқы микроскоп жасалды (Г.Галилей). 1628ж. — қан айналудың ашылуы (В.Гарвей). Толығырақ »