Өндірістік ортаның жағымсыз әсер факторлары және олардың адамдарға әсері



ЖОСПАР

КІРІСПЕ……………………………………….3

1 Әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы шудың сипаттамалары…………………………4
1.1 Дыбыс пен шудың сипаттамалары…………………………………………………………….4
1.2 Адам организміне шудың әсері және оны төмендету, күресу шаралары…..7

2 Жұмыс орындарындағы діріл және оның жіктелуі…………………………………….11
2.1 Дірілдің адам организміне әсері және оны бағалау…………………………………..11
2.2 Профилактикалық шаралары………………………………………..15

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….17
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………..18

КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогресс жағдайында өндірістік қарқынды дамуы жаңа, жоғары жұмыс жылдамдықты және қуатты техникалар мен технологиялық жабдықтарың пайдалануға көптеп енгізілуімен тікелей байланысты, бұл шу жүктемесі жоғарылай түсетін еңбек жағдайын қалыптастырады.
Шудың өндірістік зиянды фактор ретіндегі әлеуметтік маңызы және одан қоғамымыздың шығындану деңгейі өте жоғары, ол еңбекке уақытша жарамсыздыққа ұшырататын сырқаттылықтың жиілеуінен, жұмысшылардың қажуы нәтижесінде еңбек тиімділігі мен өнім сапасының төмендеуінен, аппараттардың көбеюі мен мамандардың тұрақсыздануынан т.б. қалыптасады.
Бірқатар авторлардың (Тулин В.А., Бронникова Г.А., Кадыскина Е.Н. 1989) жинақтап-дәнекерлеу өндірісі мысалына жүргізген есептеулері, шу әсерінен еңбек өнімділігінің 2,7-ке төмендейтінін көрсетті. Басқа авторларың мәліметтері бойынша, шу әсерінен өнімділіктің төмендеуі 2-30 аралығындла ауытқиды. Бірқатар өнеркәсіптерде біз жүргізген зерттеулерден шу деңгейі мен еңбек өнімділігі арасындағы байланыс анықталды, мысалы шу деңгейінің 10 дБ-ге жоғарылауы еңбек өнімділігін 7-ке, ал 20 дБ-ге жоғарылауы 18-ке төмендетеді. Ал енді осы тақырыпқа тереңірек тоқталайық.


Бөлім: Өнеркәсіп, Өндіріс

Добавить комментарий