Тусті металлургия өнеркәсібіне қойылатын талаптар



Жоспар
I.Кіріспе
II.Еңбектің таза және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін
кәсіпорын басқармасының міндеттері
1. Өндірістік санитария және санитарлы-гигиеналық талаптар
2. Еңбек қауіпсіздігінің стандарт жүйесі (ЕҚСЖ)
3. Инструктаж және жұмысты қауіпсіз жүргізу тәртібі
III. Өндірістік жарақаттар, бақытсыздық жағдайлар және кәсіби
аурулардың көрсеткіші
IV.Қорытынды
V. Қолданылған әдебиеттер

I.Кіріспе
Тусті Металлургия өнеркәсібі – темірден басқа барлық металдарды кентастық шикізатты байытудан дайын өнім алуға дейінгі өндіріс сатысын қамтитын кешен. Тусті Металлургия Өнеркәсібі-нің негізін физик. және хим. қасиеттерімен ерекшеленетін жеңіл(алюминий, магний, бариллий, литий, т.б.), ауыр (мыс, никель, қорғасын, қалайы, мырыш, т.б.), баяу балқитын (вольфрам, молибден, ниобий, тантал,хром, цирконий, т.б.), асыл немесе құнды ( алтын, күміс, платина және платиналы металдар), шашыранды (галлий, индий, таллий), сирек кездесетін(скандий, иттрий, лантан, лантаноидтар) және радиоактивті (технеций, франций, радий, полоний, актиний, торий, протактиний, уран және трансурандық элементтер), жер қыртысында орналасқан металдар құрайды. Сондай-ақ Тусті Металлургия Өнеркәсібіне алмас, электрондар, кейбір хим. қосылыстар (сирек кездесетін элементтердің тотықтары, күкірт қышқылы, тыңайтқыштар, химикаттар, т.б.) өндірісі де кіреді. Азия құрлығының таулы қыратты аймақтарында түсті металдардың, алмастың ірі кен орындары бар. Қазіргі заманғы түсті металлургия өндірісі кен құрамынан 70-тен астам түсті металдарды бөліп алады; өнім көлемі жылына 20 млн т-ны құрайды. Олардың арасында өндірілуі жағынан жетекші орын алатыны — алюминий, ол түсті металлургия өнімдерінің жартысына жуығын құрайды. Өнеркәсіптің көптеген салаларында, құрылыста кеңінен қолданылатын ақ металды алудың технологиясы күрделі, сондықтан өндірістің жеке сатылары әртүрлі елдерде, тіпті аймақтарда орналасады. Алюминий өндірісінің алғашқы сатысы — боксит өндіру, негізінен, Аустралия,Гвинея және Ямайка, Бразилияның бай кен орындарына шоғырланған; екінші сатысы (алюминий оксидін алу) отын мен әктас мол аудандарда орналасса, соңғы сатысы (электролиз арқылы металды бөліп алу) арзан электр энергиясына бағдарланады. Осы себепті ірі алюминий балқыту зауыттары Канада, Бразилия, Норвегиядағы қуатты су электрстансылары мен Аустралиядағы жергілікті көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС маңында орналасқан. Сонымен алюминий өндірісін орналастырудағы басты фактор — арзан электр энергиясының болуы. Алдыңғы қатарлы технологиямен жұмыс істейтін ең жаңа алюминий кәсіпорындарының өзінде 1 т алюминий алу үшін 14 мың кВт/сағ электр энергиясы жұмсалады. Бастапқы энергия көздеріне бай АҚШ пен Ресейде алюминий өндірісінің өркендеуі байқалса, энергия қымбатқа түсетін Жапония мен Батыс Еуропа елдерінде, керісінше құлдырауда. Франциядағы зауыттар АЭС-тер маңына шоғырланған. Мыс пен альюминий – электр техникасы мен кабель өнеркәсібінің негізі металдары болып саналады. Альюминий, титан, магний өндірісі дамып келеді. Бұл салалар энергияны көп қажет ететіндіктен, зауыттар ірі электр энергиясы көздеріне жақын салынады.

II.Негізгі бөлім
Еңбектің таза және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін
кәсіпорын басқармасының міндеттері

Халық шаруашылығының барлық салаларында барлық кәсіпорындар
жоғары деңгейлі жұмыс жасау үшін еңбектің қауіпсіздігін және салауатты
жағдайлар туғызу керек. Ал бұл — кәсіподақ жұмысы.
Берілген бөлімді оқи отырып, еңбекті қорғау туралы анық білім алуға
болады.
Біріншіден – бұл барлық мекеме мен ұйымдар, өндіріс орындары үшін
тағайындалатын құқықтық нормалар жүйесі, сондай-ақ жұмысшылар мен
қызметтегі адамдар үшін жарақаттану, кәсіби және жұмыспен байланысты
басқа да аурулардың алдын-алу ережелері мен талаптары.5
Екіншіден – бұл мұнайөңдейтін және мұнайхимиялық, химиялық
өнеркәсіпте еңбекті қорғауды бақылауын реттейтін және еңбек заңы бұзылуына жауапкершілікті нормалар. Мемлекеттік бақылау органдар құрлымымен зерттеу қажетті. Техникалық инспектор жұмысы формаларының бірі болып, еңбек қауіпсіздігі стандарттар
жүйесінің талаптары орындалуын тексеруі болып табылады.
Еңбек заңдарына сәйкес, еңбекті қорғау ережелерін бұзған қызметтегі
адамдар, материалдық, дисциплинарлық, әкімшілік және қылмысты
жауапкершілікке тартылады.Жарақаттану анализі әдістерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін білу қажетті, сондай-ақ ақпаратты өңдеу мен тіркеудің, жинаудың кәсіби аурулар мен жарақаттанудың қазіргі кездегі әдістерін білген жөн.Бақытсыз жағдайлар мен апаттардың көп болуы адамдардың бұрыс іс-әрекеттері және жөндеу жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылмауы және дайындық кезеңінің жүргізілмеуінен болады. Химиялық және мұнайхимиялық кәсіпорындарда аппараттар мен құбырларды тазарту мен жөндеуге дайындау процесі кезінде, сондай-ақ жарылғыш қауіпті шаңдарды өңдегенде, жанғыш сұйықтарды сыққанда т.с.с., үрлеу үшін азот жиі қолданылады. Азотты сипаттай отрып, оны «инертті газ » деп жиі айтады.Шет ел және өзіміздің әдебиеттерде азоттың әсерінен адамдардың өлу жағдайлары көп кездеседі. Сондықтан өндірістік жағдайларда осы бөлімде үлгілерді таңдау кезіндегі қауіпсіздікпен, тыныс алу жолдарын қорғау әдістерін қолданумен байланысты, сондай-ақ кәсіби уланумен байланысты мысалдар көрсетілген. Инженер — химик — технолог химия өндірісінде жұмыс істегенде (эксплуатация, жобалау және реконструкция кезінде) осындай жағдайлармен кездесуі мүмкін, оны осы проблемаларды шешуге дайындау керек .Бұл бөлімдегі басты орынды қоймалар құрылысы және материалдар мен заттарды қауіпсіз сақтау сұрақтары орын алады. Оларға үлкен мән беру керек, өйткені өртке қарсы талаптарды бұзу жарылыстар мен өрттерге әкеліп
соқтырады.
1. Өндірістік санитария және санитарлы-гигиеналық талаптар
Еңбек қауіпсіздігінің стандартты жүйесі еңбекті қорғау талаптары
бойынша сәйкес министрліктер мен ведомстволар дайындайтын жалпы
ережелер мен нормалары, стандарттары түрінде орындалады. Мекемелерді
және өндірістерді жобалауда, сауда саттық пен тауарларды қолдануға беруде
міндетті түрде сақталатын ережелер, нормалар мен инструкциялар жалпыға
бірдей болуы керек. Мұндай құжаттарға құрылыс ережелері мен нормалары,
санитарлық ереже мен нормалар т.с.с жатады. Жалпыға ортақ ережелерімен
қатар салалық ереже мен нормалар болады. Оны арнайы министрліктер
дайындайды. Олар:
1. Қауіпсіз еңбектің стандарт жүйесі;
2. Жүйе құру негіздерінің ұйымдастыру әдістемелік стандарттары;
3. Қауіпті және зиянды факторлардың түрлері бойынша талаптар мен
нормалардың мемлекеттік стандарттары.
4. Өндіріс құрал-жабдықтары қауіпсіздігіне қойылатын мемлекеттік
стандарттар.
5. Өндірістік процестердің қауіпсіздігіне қойылатын мемлекеттік стандарттар;
6. Жұмысшылардың қорғаныс құралдарына қойылатын талаптардың
мемлекеттік стандарттары.
2. Еңбек қауіпсіздігінің стандарт жүйесі (ЕҚСЖ)
Еңбекті қорғаудағы бақылау жүйесі өндірістің барлық салаларындағы
байланыс өнеркәсіптерінің мақсатты басқарудың жүйесі болып табылады.
Жүйенің негізгі функциялары:
1. Еңбекті қорғау аймағындағы жұмыстарды ұйымдастыру және жүйелеу;
2. Еңбекті қорғау жұмыстарын жоспарлау;
3. Еңбекті қорғаудың дайындық күйін бақылау және еңбек қорғаудың
бақылауының жүйесін функциялау;
4. Еңбекті қорғау дайындық күйінің көрсеткіштерін есепке алу, талдау және
баға беру.
5. Еңбекті орғаудағы жұмыстары үшін марапаттау.10
Жүйенің негізгі мақсаттары:
1. Жұмысшыларды қауіпсіз еңбекке үйрету және еңбек қорғауды насихаттау;
2. Өндірістік құрал-жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3. Өндірітік процесттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4. Негізгі және қосымша құрылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5. Еңбекетің санитарлық-гигиеналық жағдайларын нормалау;
6. Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
7. Жұмысшылардың еңбегі мен демалысының тиімді ережелерін жасау;
8. Жұмысшылардың тұрмыстық санитарлық ережелеріне қызмет көрсету;
9. Жұмысшыларды арнайы мамандықтары бойынша таңдау.

3. Инструктаж және жұмысты қауіпсіз жүргізу тәртібі
МЕСТ талаптарына сәйкес инженер техникалық жұмысшылар, негізгі
және қосымша цех жұмысшылары химия өндірісінің қаншалықты қауіптілігіне қарамастан жұмысқа кірісер алдында және кейін де жұмыс стажы, дәрежесіне қарамай келесідей инструктаждардан өтіп отырады:
1. Кіріспе инструктажы. Қауіпсіздік инженері жұмысқа қабылданушылармен,
сол саладағы жұмыс стажына қарамай командировкаға келуші мен студент-
практиканттармен арнайы жасақталған кабинетте жүргізеді. Инструктаж
еңбек қорғаудың стандарт жүйесінің талаптарына сәйкес және сол өндірістің
басшысы өндіріс ерекшелігіне сәйкес толықтырып отырады.
2. Жұмыс орнындағы алғашқы инструктаж. Студент-практикант немесе
жұмысшылардың жаңа жұмыс бастағанда не бір цехтан екінші цехқа жұмыс
орнын ауыстырғанда өтеді. Әрбір жұмысшы бұл инструктаж түрін жеке
алуы қажет. Инструктаж алғаннан кейін 4-5 аптада мастердің не өндіріс
бөлген адамның бақылауымен үйреніп, қалаптастырып кеткенше жұмыс
жасайды және инструктаж алған күні журналға жазып отырады.
3. Қайталау инструктажы. Оқу дәрежесі, стажы, квалификациясына қарамай
6 ай сайын еңбек қорғаудың жұмыс орнындағы инструктажы бағдарламасы
бойынша жасалатын инструкция мен ережелер туралы білімін көтеру және
тексеру мақсатымен барлық жұмысшылар өтіп отырады. Инструктаж жеке
немесе мамандықтары ұқсас жұмысшы тобымен жүргізіледі.
4. Жоспардан тыс инструктаж келесідей жағдайларда жүргізіледі: еңбекті
қорғау бойынша ережелердің өзгеруіне байланысты; технологиялық процесс
жаңарып жетілдірілгенде еңбекті қорғауға әсер ететін заттармен,
құралдармен, шикізатпен және т.б. факторлармен алмастырғанда;
жұмысшылар аварияға, қопарылыс, өртке әкеліп соққан қауіпсіздік
ележелерін бұзғанда; өндіріс процесіне 30-60 күн үзіліс түскенде. Бұл
инструктаж жеке не топтарға арналып кіріспе инструктажы көлемінде
жүргізіледі.
5. Ағымдағы инструктаж – жұмысшылар наряд жабар кезде алады және ол
туралы журналға белгі соғады. Инструктаж жүргізуші адам инструктаж
бойынша алған білімдерін тексереді. Білімін көрсете алмаған адам жұмысқа
жіберілмейді, ол қайта өтуге міндетті. Инженер-техниктер арнаулы 11
курстарда білімін жетілдіріп отырады, оған өнеркәсіп басшысы тікелей
жауапты.
III. Өндірістік жарақаттар, бақытсыздық жағдайлар және кәсіби
аурулардың көрсеткіші
Өндіріс саласы оның ішінде химия өндірісінің саласы әртүрлі
болғандықтан, ондағы болған өндірістегі жарақаттану мен кәсіби ауруларда
әртүрлі сипатта болады.Бақытсыздық жағдайлар – бұл жұмысшығаөндірістегі қауіпті фактор әсер етуіне байланысты болған жағдай. Олар: өндірістік және өндірістік емес деп бөлінеді. Егер бір смена уақытында бақытсыздық жағдайлар болса, өткір аурулар, ал ұзақ уақыт нәтижесінде болса, созылмалы деп атайды. Егер санитария ережесі бұзылса, адамға еңбектің кеселді жағдайы әсер етіп мамандық ауруларына ұшырайды.
Өндірістің қауіпсіз және еңбек жағдайларын жасаудағы аталған
жұмыстарын талдау үшін баршаға ортақ өндіріске байланысты болған
бақытсыз жағдайлар кәсіби ауруларды жапа шеккендер үшін берілетін есептің тәртібі бар. Сол тәртіпке сәйкес әрбір денсаулық сақтау орындары жылына бір рет өзінің басшылық органдарына статистика басқармасы болған бақытсыз жағдайлар мен кәсіби аурулардың қанша рет болғанын абсолют саны туралы мәліметтер беріп отыр. Абсолют саны жарақат деңгейімен динамикасы жөнінде мәліметті толық бермейді, себебі әр өндірісте жасалған жұмысшы саны әртүрлі.
Сондықтан салыстырмалы көрсеткіштер жарақаттың жиілік көрсеткіші Кж және ауырлық коэффициенті Ка қолданылады. Тәжірибеде жиілік көрсеткіші әр мың адам ішіндегі болған бақытсыз жағдайлардың саны.
Кж= Н • 1000 / Р
мұндағы Н-еңбекте жарамсыздыққа алып келген ескерілген бақытсыз жағдайлар саны; Р-есеп беру уақытындағы орташа есептелген жұмысшы саны.
Жиілік көрсеткіші жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетпейді,
себебі кейбір өндірістерде ылғи жеңіл жарақат, ал екіншісінде тек ауыр болуы мүмкін. Жиілік көрсеткіш мәніне қарап оны ажыратып алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да ауырлық коэффициенті енгізіледі. Ол есеп беру аралығындағы 15берілетін адамның жарақаттануы себепті қанша жұмыс күнін жоғалтатынын сипаттайды.
Ка= Д / М
мұндағы Д- есеп беру уақытындағы жоғалтқан жалпы жұмыс күні.
Кж және Ка басқа жарақаттану бойынша статистикалық есепте бақытсыз
жағдайлардың негізгі себептері және жарақатқа әкелетін факторлардың түрлері бойынша тіркеу қарастырылады. Бақытсыз жағдайлардың негізгі себептері:
1. машина, механизмдер, қондырғы, құрал-жабдықтар бөлуге, сақтауға
арналған қосымша жабдықтардың конструкциясында жетіспеушіліктің
болуынан;
2. дұрыс жөнделмегендігінен;
3. үй, жұмыс орындары және олардың элементтерінің техникалық күйінің
жеткіліксіздігінен;
4. технологиялық процестің жетілдірілмеуінен;
5. технологиялық процестің бұзылуынан, қажетті техникалық құжаттың
болмауынан;
6. жол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан;
7. ұйымдастыру жұмысы қанағаттанарлық болса да, жұмыс орнының,
территория, өту жолы, демалу орындары дұрыс ұстамауынан;
8. техникалық қауіпсіз ережелерін администрация бұзса;
9. жеке қорғаныс құралдарының жоқтығынан, не дұрыс қолданбауынан, не
істемегендігінен;
10. инструктаж кезіндегі кемшіліктер болуынан;
11. жұмысшы мамандығына сәйкес болмаған жағдайда.
Жарақаттану факторларының негізгі түрлері:
1. машина, механизмдер, құралдар, қосымша құралдар;
2. транспорт жабдықтары, автотранспорт, жүк көтеруші қондырғылар;
3. құлаған, жарылған, ұшқан заттар және олардың жарықшалары;
4. үймереттердің немесе оның бөліктерінің құлауы;
5. адамның биіктен құлауы;
6. электр тоғы;
7. термиялық фактор ( күйік);
8. заттар, жүктер қозғалыста болуы;
9. уланған заттар;
10. суға бату;
Химиялық өнеркәсіптің өндірістік ғимараттарын жобалау
жағдайындағы өрт қауіпсіздігінің талаптарымен қамтамасыз ету
Химиялық өнеркәсіп ғимараттарын салғанда, оларды өртке қарсы
қауіпсіздікпен қамтамасыз ету керек. Мысалы, оған өрт кезіндегі
ғимараттардың мықтылығы, өрт болған ауданның шектеулілігі, керекті
инженерлік құрамдарды пайдаланып, өрттің ғимарат территориясында болуын тоқтату және т.б. жатады. Осы аталған талаптар құрылыс нормалары мен ережелерінде бекітілген.
Әр жағдайда өрт қауіпсіздіктің талаптары ғимарат пен мекемелердің өрт және жарылыстардың категориялық бағалануы нәтижесінде қабылданады. Өрттің болу себебі мен техникалық процестің ерекшелігіне сай, ғимарат пен
мекемелердің категориясын анықтау нұсқасы бекітілген. Осы нормалар
барлығына бірдей болып келеді. Мекеме және ғимарат категориясын жобалау ұйымының технологтары және министерліктер мен ведомстволар бекітеді.Категорияны қабылдау ең қолайсыз өрт пен жарылыстан бастайды. Ол нақты технологиялық процестерге және өртке қауіпті заттарға байланысты.Өрт қауіпсіздігі жағынан барлық мекемелер мен ғимараттар бес
категорияға бөлінеді: А,Б,В,Г,Д,Е.
Өрттен сақтандыру үшін тексерудерді республикалық ішкі істер бас
басқармалары және жергілікті жердің өрттен сақтандыру басқармалары халық шаруашылықтарының барлық обьектілерінде мына бағыттарда жүргізіп отырады:
— өрттен сақтандыру шараларын, ережелерін және техникалық жағдайларын
қайтадан құрылған және толықтырылған, сол сияқты жұмыс жасап тұрған
обьектілер үшін өрт қауіпсіздік ережелерін дайындау;
— жобалаушы ұйымдардың жаңа обьекті, құрылымдарды жобалау кезінде, не
бұрынғы конструкциясын өзгерту кезіндегі жұмыстарда өртке қарсы
ережелердің, нормалардың және техникалық жағдайлардың сақталуын
бақылап отыру.
Химиялық, мұнайхимиялық және мұнайөңдеу өнеркәсібіндегі өртке
қарсы қорғау әдістерін таңдағанда обьектілерді келесідей түр де
классификациялайды:
— технологиялық қондырғылар, коммуникация, ғимаратта орналасқан
сыйымдылықтар және т.б. қондырғылар;
— сыртта орналасқан қондырғылар;
— жанғыш сығылған газдар мен сұйықтарды сақтауға арналған резервуарлар,
құйылып-ағылатын эстакадалар және т.б.;
— ашық оты бар технологиялық қондырғылар (пештер).
Барлық обьетілердегі өрттер жанудың келесі түрлерімен сипатталады:
— факелдер (қысым астында бу, газдар мен сұйықтардың ұсақ тамшыларының
шашырауы кезінде);
— төгілген сұйықтар немесе ашық сыйымдылықтары;
— қозғалыстағы сұйықтар (ағымдағы);
— газбуауалы қоспалардың қопарылысы;
Химиялық, мұнайхимиялық және мұнайөңдеу өнеркәсібіндегі
қондырғылардың орналасуы өрт сөндіруді қиындатады.
Осыған байланысты өрт қауіпсіздігіне арналған ұйымдастыру-
техникалық шараларын қамтамасыз етуге баса көңіл аудару керек. Сондықтан, инженер-химик-технолог өндірістің командирі ретінде, жұмысшылар мен жұмысқа қабылданған әрбір адамды өрттен сақтану ережелерімен таныстырып, кіріспе инструктаж және жұмыс орнында жүргізілетін инструктажды арнайы көрнекті құралдар және плакаттар көмегімен жүргізеді. Өрт бола қалған жағдайда оның зардаптарын жою үшін өндірістің бас инженері жауапты басшы болады, ал цех бастығы зардаптарды жою жұмыстарының жауапты атқарушысы болады. Жұмысшылардың жеке қорғаныс құралдарын пайдалана алуын және апатмен өрт кезінде өздерін ұстай білуін үйрету график бойынша жүргізіледі және оқу-жаттығу сабақтары кезінде тексеріледі.

Қорытынды

Адамдардың өмірі мен еңбек жағдайын жақсарту, қауіпсіз еңбекті
қамтамасыз ету — қазіргі тапсырмаларды шешудегі маңызды шарттардың бірі.
Адам – қоғамның негізгі өндірістік күші және өндірістік жүйедегі
маңызды орта. Ауыр жарақат пен кәсіби аурулардың пайда болу мүмкіндігі,
еңбек жағдайларының қалай қамтамасыз етілуі, оның еңбекке деген қабілетінің дамуы мен сақталуы прогрестің даму уақытына тәуелді.
Еңбек қауіпсіздігінің проблемаларын шешудегі жүйелік сәйкестігінің ең
маңыздысы – технологиялық процесс, қондырғылар, құрал-жабдықтар, ал
басқаруға болатын жүйелік сәйкестік адамды қоршаған ортада нақты болатын процестер пен құбылыстардың байланысын және өзара қарым-қатынасын көрсетеді.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмыстардың негізгі бағыты –
қауіпсіз техника мен технологияны дамыту, яғни потенциалды қауіпті және
зиянды өндірістік факторларды болдырмау. Сонымен қатар адамдардың бұрыс іс-әрекеттерін, соның ішінде еңбек қауіпсіздігінің ережелері мен
инструкцияларын сақтамауына байланысты әрекеттерді болдырмау керек.
Тәжірибе көрсеткендей, көптеген жағдайда мұндай әрекеттер жарақаттанудың себебі болып табылады және мұндай қолайсыз әрекеттерді болдырмау нәтижесінде көптеген авариялар мен бақытсыз жағдайлардан құтылуға болады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Охрана труда в химической промышленности: учебник для студентов
химико-технологических специальностей под ред. Г.В.Макарова.1989. 496ст
2. Линецкий В.А., Пряников В.И. Охрана труда, техника безопасности и
пожарная профилактика на предприятиях химической промышленности.
М.:Химия, 1976. 440ст
3. Медведева В.С., Билинкис Л.И. Охрана труда и противопожарная защита в
химической промышленности. М.:Химия. 1982. 296ст
4. Вредные вещества в промышленности. Ч.: сост. Ж.И.Абрамова,
А.Я.Бройтман. Л.:Химия, 1971. 832ст
5. Денисенко Г.Ф. Охрана труда: Учебное пособие инженерных
специальностей вузов. М.: Высшая школа. 1985. 320ст


Бөлім: Өнеркәсіп, Өндіріс

Добавить комментарий