Жұмыс күшінің тиімділігін арттыру



Мазмұны
Кіріспе 3

1 Кәсіпорындарда жұмыс күшін басқарудың теориялық негіздері 6
1.1 Кәсіпорында жұмыс күшін пайдалану экономикалық тиімділігінің мәні және мазмұны 6
1.2 Кәсіпорында жұмыс күшін басқару мақсатты, басқару жүйесінің құрылымы 10
1.3 Кәсіпорындағы жұмыс күші және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар 18

2 ЕК «АқтөбеТемир ВС» ЖШС–дегі жұмыс күшін пайдалану тиімділігін талдау 28
2.1 ЕК «АқтөбеТемир ВС» ЖШС-нің ұйымдық-экономикалық сипаттамасы 28
2.2 ЕК «АқтөбеТемир ВС» ЖШС-нің экономикалық нәтижелерін талдау 32
2.3 ЕК «АқтөбеТемир ВС» ЖШС-тік кәсіпорынындағы жұмыс күшін пайдалану тиімділігін арттыруды талдау 45

3 Кәсіпорындарда жұмыс күшін пайдалану тиімділігін арттыру негізінде экономикалық өсімге қол жеткізу 51
3.1 Кәсіпорында жұмыс күшін пайдалануды жоспарлау 51
3.2 Кәсіпорында жұмыс күшін пайдаланудың экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыты 58

Қорытынды 67

Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

Қосымшалар 71
Кіріспе

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы — жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау, жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын жеңу.
Бұл аталған проблемаларға теориялық тұрғыдан айрықша мән берілуі тиіс. Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр.
Жоғарыда айтылған мәселелердің жиынтығы дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін және зерделеу бағыттарын анықтайды.
Отандық ғылымда өндіріс тиімділігін көтеруге ынталандыру мәселесіне қызығушылық соңғы жылдары айқынырақ байқала бастады. Бұл мынадай екі себепке байланысты: біріншіден, 70-ші жылдарда дамыған елдердің көптеген кәсіпорындарында еңбек қатынастары қақтығысқа толы болды, еңбекті ынталандыру мен ұйымдастырудың «гуманистік» тәсілдері жұмысшылардың дәстүрлі еңбек уәждемесінің әлсіреуіне әкелді, екіншіден, экономистер дамыған капиталистік елдердің тәжірибесін көбінесе қолданбалы көзқарас тұрғысынан зерттеді.
Бүгінгі таңда отандық ғалымдар тиімділікті арттыруға ынталандыру жүйесінің жаңа түрі пайда болғанын жариялап отыр, олар жұмыскерді машинаның қосымша бір бөлшегі ретінде қарастыратын теориялық көзқарастан бас тартып, материалдық және бейматериалдық ынталандыру жүйесіне көшуді қолдайды. Демек, жалдамалы еңбек уәждемесін және «классикалық» жалдамалы жұмысшыға тән емес жаңа қажеттіліктерді анықтауға талпыныс күшейіп келеді, бұл еңбек нәтижелерін, шығармашылық қызметтің рөлін мойындауда, өндірістік қызметтерді күшейтуде, т.б. жағдайларда жүзеге аспақ.
Қазақстандық ғалымдардан тиімділікті арттыруды ынталандыру және уәждеменің түрлі аспектілерін, өндіріс тиімділігі мәселесін, материалды мүдденің экономикалық қызығушылығын, қажеттіліктері мен ынталандырмаларын негіздеу Берішев С.Х., Мұхамбетов Т.И., Сағадиев К.Ә., Кенжеғожзин М.Б., Қошанов А.К., Сәбден О.С., Қадыржанов Е.К., Бердәлиев К.Б. және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Дипломдық жұмыстың зерттеудің басты мақсаты өндіріс тиімділігін жұмыс күшін ынталандыруды зерттеу, өнеркәсіп кәсіпорындарындағы тиімділікті экономикалық ынталандырудың негізгі бағыттарын айқындау.
Осы мақсатқа сай, жұмыстың алдында мынадай міндеттер қойылды:
— қазіргі экономикалық ғылым тұрғысынан өндіріс тиімділігін арттыруды ынталандырудың мазмұны мен табиғатын зерделеу;
— экономикалық ынталандырудың экономикалық мүддемен, материалдық мүдделілікпен және еңбек қызметі уәждемесімен өзара байланысын анықтау;
— жұмыс күшін экономикалық ынталандырудың басқару жүйесіндегі өндіріс тиімділігін арттырудағы орны мен рөлін негіздеу;
Зерттеу объектісі ретінде ЕК«АқтөбеТемир ВС» ЖШС-нің кәсіпорыны алынды.
Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде экономиканың постиндустриалық дамуы процесінде экономикалық ынталандыру мәселесіне арнаулы қазіргі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пайдаланылды. практикалық ұсыныстарды атауға болады.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс күшін пайдаланудың тиімділігін басқару теориясы, яғни оны бағалау әдістері, жұмыс күшінің мазмұны, тиімділікті арттыру тәсілдері жазылған.
Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын мысалы ретінде ЕК«АқтөбеТемир ВС» ЖШС алынып, қаржылық-экономикалық жағдайы, кәсіпорынындағы жұмыс күшін пайдалану тиімділігін арттыруы талданады.
Үшінші бөлімінде кәсіпорында жұмыс күшін пайдаланудың экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыты туралы сөз болады.


Бөлім: Өнеркәсіп, Өндіріс

Добавить комментарий