Жұмысшы күштің халықаралық миграциясы



ЖОСПАР.
I. Бөлім. Жұмысшы күштің халықаралық миграциясы.
1.1 Жұмысшы күштің халықаралық миграциясы және негізгі бағытты.
1.2 Еңбектің әлемдік нарығы және халықаралық миграцияның тиімділігі мәселелері.
2. Негізгі бөлім.
II. Бөлім. Жұмысшы күші миграциясының нарықтық салымы.
2.1 Жұмысшы күші тартылудың негізгі орталары.
2.2 Жұмысшы күштерінің халықаралық ауысуының себептері.
1.1 ЖҰМЫСШЫ КҮШІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИГРАЦИЯСЫ: ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Дүние жұзінде белсенді түрде жұріп жатқан өндірістің ин-тернационализациясы жұмысшы Күшінің интернационализациясымен қатар жүруде. Еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналды. Мигратциялық ағымдар бір елдер мен аймақтардан екінші елдер мен аймақтарға бет алуда.
Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді.
Халықтың жаппай миграциясы XX ғасырдың екінші жартысында әлемдік қоғамдастықтың өміріндегі ерекше құбылыстардың біріне ашылды.
Халық миграциясы дегеніміз — тұрғылықты жерін өзгерту немесе оған кайта оралу мақсатында адамдардың белгілі бір территория шекаралары арқылы қозғалуы, ауысуы.
Халықаралық миграция әр түрлі формаларда болады: еңбектік, отбасылық, рекреациялық» туристік және т.б.
Жұмысшы күшінің халыкаралық нарығы ұлттық шекараларды кесіп өтетін еңбек ресурстарының әр түрлі бағыттарын қамтиды. Жұмысшы күшінің халықаралык нарығы — жұмысшы күшінің ұлттық және аймақтық нарықтарының жиынтығы. Еңбектің халықаралық нарығы еңбек миграциясы формасында болады.
Жұмысшы күші митрациясының екі түрлі себебі бар:
— экономикалық сипаттағы,
— экономикалық емес сиптаттағы.
Экономикалық емес сипаттағы себептерге мыналар жатады: саяси, ұлттық, діндік, нәсілдік. отбасылық және тағы басқа.


Бөлім: Өнеркәсіп, Өндіріс

Добавить комментарий