Оразақын Асқар



1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан олкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей-Қаратас деген жерде туған.
Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған.

1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін, «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.

1955 жылы атамекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады.

Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының керкем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.

Шығармалары: Тұңғыш. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ. 1964; Мейі-рім. Өлеңдер. А., «Жазушы «, 1975; Ләйлә. Өлеңдер. А., «Жалын «, 1977; Көкорай. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979; Балқарағай. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1981; Сәулет. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы «, 1984; Таудай бол! Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Белжайлау. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1985; Расти большим. А., «Жалын», 1985; Өркеш. Таңдамалы, А., «Жалын», 1987; Баркөрнеу. Таңдамалы, А., «Жалын», 1992; Керімтал. А., «Жазушы», 1994; Жарапазан. А., «Балауса», 1995; Суретті әліппе. А., «Өнер», 1996; Әріптер әлеміне саяхат. А., «Интерпечать», 1999. Өрбұлақ. Өлеңдер. А., «Ануар», 2000; Тәуелсіздік тартулары. А., «Өнер», 2001.


Бөлім: Қазақ әдебиеті

Добавить комментарий