Нұрқасым Қазыбеков



Нұрқасым Қазыбеков (1 мамыр 1936 жылы туылған, ҚХР Іле Қазақ автономиялық облыс, Текес ауданы) — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1975). 1957 жылы құлжа пед. училищесін, 1968 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1962 жылы тарихи отанына оралған соң Райымбек ауданындағы Таушелек орман шаруашылығы мекемесінде, «Жазушы» баспасында (1969) жұмыс істеді. 1969-82 жылдары «Жалын» альманағында, «Жалын» баспасында редактор. 1987-90 жылдары Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1991-1993 жылдары «Заман—Қазақстан» газетінде, 1993 жылдан «Түркістан» газетінде қызмет істеді.

Шығармалары:

«Тұсаукесер» (1974),

«Шалғайдағы мектеп» (1974),

«Бейтаныс» (1978),

«Ағайын» (1982),

«Ауылдағы ағайындар» (1988),

«Ой таразысы» (1991),

«Дала өрнектері» (1994),

«Алтын Орданың кұрылуынан құлауына дейін» (1998), т.б.


Бөлім: Қазақ әдебиеті

Добавить комментарий