Нұршайықов Әзілхан



НҰРШАЙЫҚОВ Әзілхан (15. 12. 1922 ж. т., Семей обл., Жарма ауд., Ақбұзау с.) — жазушы, ҚР мемлекет сыйлығының иегері (1980), ҚР халық жазушысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемл. ұлттық университетін бітірген (1949). Отан соғысына қатысқан. Еңбек жолын мұғалім болып бастады. 1947-48 ж. Семей обл. «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») газетінде тілші, жауапты секретарьдың орынбасары, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі (1948-49), «Соц. Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде (1949-53) әдеби қызметкер, жауапты секретарьдың орынбасары, бөлім меңгерушісі, Павлодар обл. «Қызыл Ту» газетінің (1953-56) редакторы, «Соц. Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1956-61) Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, редактордың орныбасары, «Қазак, әдебиеті» газетінің (1961 -63) бас редакторы, «Соц. Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясында (1968-73) бөлім меңгерушісі, ҚР ҒА-иың Әде-биет және өнер ин-тында (1973-79) ғылыми қызметкер болып кетеді. Н. творчеств. жолын ақын және публицист ретінде бастады. Өлеңдері мен очерк, публицистикалық мақалалары ауд., обл., респ. Баспасөзде және соғыс жылдарында майдан газеттерінде жарияланып тұрды. Тың игерушілер өміріне арналған алғашқы очерктер жинағы «Алыстағы ауданда» (1958) жарық керісімен оның осы тақырыпқа арналған очерктер мен әңгімелер жинақтары («Тың астығы» — 1958; «Ертіс жағасында» — 1959; «Жомарт елке» — 1967) жариялана бастады. Жастардың өмірін, арманы толы ой сезімдерін жан-жақты айшықтауға арналған лирикапық повестері «Махаббат жыры» (1964), «Әсем» (1966), Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлердің ерлігін паш еткен «Махмет Қайырбаев» (1967), «Батырдың өмірі» (1969), замандастарымызды интернационалдық рухта тәрбиелейтін «Тоғыз толғау» (1977), «Невель түбінде» (1977), әдебиетіміздің белгілі қайраткерлерінің творчеств. қабілетін сомда-ған «Автопортрет» (1977), «Екі естелік» (1985) әңгіме, повесть жинақтары, жастардың ой — арман, адал достығы, махаббат туралы «Махаббат, қызық мол жылдар» (1970) романы, жауынгер жазушы Б. Момышұлының өміріне арналған «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-дилогиясы жарық керді. Нұршайықовтың шығармалары Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің емірін үлгі ету арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық, еңбекшілдік, адалдық тәрбиесін беруді мақсат етеді. Бірқатар кітаптары шетел тілдеріне аударылған. Нұршайықов әскери-патриоттық әдебиетті дамытуға қосқан үлесі үшін А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық — күміс медальға (1987) ие болған. 2-дәрежелі Отан соғысы. Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі», 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен және медальдармен марапатталған.


Бөлім: Қазақ әдебиеті

Добавить комментарий