Ақұштап Бақтыгереева



Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы, 23 тамызда Ақжайық ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1969). Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы 11 — орта мектепті бітірген (1961). 1961-66 жылдары Қазақтың қыздар пединституттың филология факультетінде оқыды. Еңбек жолын «Орал өңірі» облыстық газетінде бастаған. «Жұлдыз » журналы (1970), «Қазақ әдебиеті» газеті (1967) редакцияларында, «Жазушы» баспасында (1978) қызмет атқарды.

«Өрімтал» деген алғашқы өлеңдер жинағы 1967 жылдары жарық көрді. Кейіннен «Наз» (1969), «Қуанышым, іңкәрім» (1971), (Сені ойлаймын) (1973), «Ақ қанат » (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы», «Белокрылая» (1981), «Ақ желең» (1985), «Сүмбіле» (1990), «Ақ шағала» (2001) атты кітаптары басылып шықты. ақын өлеңдері орыс тіліндегі «Песня.МЕчта.Любовь», «Чудесный сад» (1980) топтамаларына енді. «Советская женщина», «огонек» журналдарының жүлдесін алған (1980) . ТМД елдері ақындарының (зүлфия, кузовлева, Н. басиков, с.капутикин және т.б ) өлең — жырларын қазақ тіліне аударған.


Бөлім: Қазақ әдебиеті

Добавить комментарий