Ақтан Керейұлы



Әрі ақын, әрі жырау Ақтан Керейұлы қазіргі Ақтөбе облысындағы Сағыз бойында туып, сондағы Шибұлақ деген жерде қайтыс болды.Өлеңдері ауызша тараған. «Аяғына қан түссе», «Біріншіде не жаман?» деген философиялық терме және тұрмыс — салт жырларын толғаған.

Ақтан адамшылық қасиет, адалдықты («Біразырақ сөйлейін», «Замана жайында», «Тыңдасаңыз сөзімді», «Қайыспас бұлар нар едім») өз шығармаларына арқау етіп, бұқара мүддесі үшін күрескен батырларды («Ерлік жыры») жыр еткен.
Сонымен бірге «Қырымның қырық батыры» сияқты ерлік дастандарын жырлап, Атырау аймағына таратқан. Жыраудың өлең — жырлары ойлы, бейнелі


Бөлім: Қазақ әдебиеті

Добавить комментарий