Ақмолла Мұхамедиярұлы



Ақмолла(шын аты Муфтахетдин)-қазақ, башқұрт, татар әдебиеттеріндегі ірі тұлғалардың бірі,ағартушы.Ақын 14 желтоқсанда бұрынғы Уфа губерниясы,Белебай уезі,Тоқсанбай ауылында дүниеге келген.Әкесі қазақ,шешесі башқұрт.Өгей әкесі Камалетдиннің қолында тәрбиеленген.Орынбор,Троицк маңындағы татар мектеп-медреселерінде оқыған.Кейін қазақ ауылдарында молда болып,бала оқытқан.Қашқын солдат деген жала жабылып,1863-1871 жылдары Троицкіде түрмеде отырады,тұтқындар қатарында жұмыс істейді.


Көп өлеңдерін қазақ халқына арнағанын айтып: «Қазаққа өлең жаздым ашық қылып…» дейді.Ақынның «Жоқтау» (1892), «Ақмолла»(1904), «Ақмолла өлеңдері» (1935) атты кітаптары шықты.Өлеңдерінің көпшілігі замана ағымы жайында,қазақтың тұрмысы,хал-жайы,оқу-өнер,ел арасындағы рулық-ақсақалдық,бектік-феодалдық қоғам туралы.Ол халықты «оянуға» , ілгері ұмтылуға үндейді.Табиғат ,жыл мезгілдері көріністерін береді.Солардан философиялық қорытындылар жасайды.Шығармаларының дені қазақтың он бір буынды өлең үлгісімен жазылған.


Бөлім: Қазақ әдебиеті

Добавить комментарий