Ахмет Йүгінеки



Ахмет Йүгінеки (XII ғ.)
Туып-өскен елі Түркістан қаласы маңындағы Жүйнек деген жер. Әкесі Махмұд ақын болған. Ахмет араб тілінде еркін сейлеген. Кейбір деректерде оны туғаннан соқыр болған десе, енді бір деректер: «Соқыр адам қалайша табиғат сүлулығын тамашалап, поэтикалық тілде қалай суреттейді? Оның үстіне, Шыгыс әдебиетін қалайша оқи алады?!» деп теріске шығарады. Осыдан келіп, ақын жанарынан уақыт өте келе айрылған деуге болады. Өз заманының қадірлі де беделді адамы болған. Білімпаздығы үшін «Әдиб (оқымысты деген сөз) Ахмет» атаныпты.Қожа Ахмет Йасауидің шәкіргі. Ол түркі халқы әдеби тілінің қалыптасуына ықпал еткен. Өзінің атақгы «Хибату-л-хакайық», ягни «Ақиқат сыйы» деген еңбегін жазады. Кітап 466 жол өлеңнен тұрады, 20 шақгы тақырыптарға бөлінген. Шығарма аруз өлең өлшемімен, тұркі тілінде жазылған. Бір-бірінен айырмашылығы аз үш түрлі нұсқасы және әртүрлі үзінділері бар.
Оның ойларының біралуаны мынадай: адам дүниеге Алла мен ғылымды танып-білу үшін келеді. Жердің қүпиясын білу — бақытты өмірге барар жол. 18 мың ғаламды жаратқан Жаратушыны мақгамаған жер-дүниеде ешкім жоқ. Алла жақсылықгы 100 бөліктен жаратты. Оның 99-ын өзіне қал-дырып, тек біреуін ғана жерге жібереді. Жер бетіндегінің бәрі Алла еркімен істелінеді. Өзіңе жақынды да, алысты да — адамдардың бәрін сүй, Алланың хикметін сезіне біл. Егер адам өздігінен ғьшымга бет бұрмаса, оны канша оқыткан-мен, құмға сіңген сумен бірдей. Ешкдшан біреу жайында жаман айтпа, сол кезде ешкім сен жайывда жаман айтпайды.
Егер өз көзіңмен кермесең не оған толық көзің жетпесе, куәлік берме, жала жаппа. Болмаған іс жайында ешнәрсе айтпа. Бұл үлкен күнә болып саналады.
Адамдар, әлеуметгік һәм басқа да жағдайларына қарамастан, құдай аддында бірдей, Адам өзіңде бар нәрсеге қанағат тұтуы керек. Егер олай етпесе, ең үлкен қасиет — адамшылықган айрылады. Тек ақымақ адамдар ғана, біріншіден, тегін айтьш, мақгана алады, екіншіден, баскд рудың өкіддерін өзінен төмен ұстауға ұмтылады, үшіншіден, ауа-райы жұлдыздарға байланысты дегенге сенеді, төртіншіден, өлген адамды көп жоқгап, жьиайды. Адамдағы төтті де ащы нәрсе — тіл. Жақсылық та, жа-мандық та тілден келеді. Айтылған сөз атылган окден теқ. Тіпті, бір сөз айтар алдында әбден ойлану керек…
Ақынның осы атақгы кітабының қолжазбасы Стамбұл мешітінде сақталған. ІПығармалары 1444 жылы Арслан, Әмір мен 1480 ж, түрік ғалымы Нәжит Асыл жасаған көшірмелермен белгілі. Түрік тілінде алғаш рет Рашид Рах-мети Арат жариялады. Ал казақ тіліндегі транскрипциясын Әмір Нәжит (1981 ж.) жасады.

Қожа Ахмет Йасауи (1093-1166 жж.)

Қожа Ахмет Йасауи — сопылық поэзияның негізін салушы ақын, күллі Күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер тұлға. «Мединада -Мұхаммед, Түркістаңца — Қожа Ахмет» деген қанатты сөздің өзінен-ақ кезіңде оның қандай қадір-құрметке бөленгенін аңғаруға болады. Әкесі Ибраһим Махмұд Сайрамда жасаған ғұлама кісі болыпты. Ахмет Йасы (Түркістан) каласында дүниеге келген. Шешесі ертерек өледі де, жеті жасында әкесі дүние салады. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туыс боп келетін Арыстанбаб екен. Ол өмірден қайтқаннан кейін, 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тіддерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне көңіл қояды. Кейін Бұхарада Имам Жүсіп Хамаданидың діни медресесінде оқиды. Оны тәмәмдаган соң сопылық жол-дың біраз ащы-тұщысын татып, кептеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырады. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналады… Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, ягаи қылуетте өткізеді. Бүны Ахмет: «Пайғамбар жасына жетгім. Маған одан артықгың кджеті жоқ. Пайгәмбар белгілеген мерзімнен артық өмір сурудің керегі жоқ», — деп түсіндіреді. Канша жыл ғұмыр кешкені жөніңде әртұрлі деректер бар. Бір де-ректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берген. Ж.Аймауытов, ақынның 149-хикметіне сүйеніп, Йасауиді 125 жас жасаган дейді (онда 1041 ж. туған болады).
Әзірет Султан атанган бабамыздьщ мәңгі өшпес асыл мұрасы — «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне тұркі тіліңде жазылған. Түпнұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені ХУ-ХУІ ғасырлардағы көшірмесі гана. Ондай нұсқалар өте көп. Олардың көбі Стамбұл, Қоқан, Ташкент, Москва, Алматыда сақталған. Түркі тілдес адам-дар Ахметтің «Хикметін» қиындықсыз оқи алды. Бұл шығарма түркі халықтарының рухани жетістігі болып табылады. Ол — шығармаларын оғыз-қыпшақ диалектісімен жазған ең алғашқы дарынды түркі ақыны.
Исламның сопылық бұтағы VII-VIII ғғ. пайда бодды. Ал «Диуани хикмет» мұсылмаңдық жолының негізігі ережелері мен қағидаларын көрсетш береді. Үлы кітапга ақын исламдық төрт ұстынға — шариғат, тарихат, хақикат, мағрипат мәселелеріне назар аударады. Шариғат — ислам дінінің заңдары, дәстүр-салтгары. Тарихат — сопылық ілім. Хақиқат — құдайға жақындау, қосылу. Мағрипат — дінді танып-білу. Ахметгің ойынша, шариғат, тарихат, мағрипатсыз хақиқатқа (Аллаға жақындау) жетпек жоқ. Адамның өзін өзі айқындауы оның рухани өмір танымынсыз, тіші, қажет болса, жанын берер шынайы берілусіз мүмкін емес. Йасауи тақуалық пен сабырлылыққа, тәубешіл болуға үндейді. Пайғамбардың «иман жаны — ұят» деген хадисін санаға құяды. Бұл о дүниеде жұмақка апаратын алтьш көпір екен. Адамдарды әдіддікке, қайырьімдылық-мейірімділікке шақырады.
Оның жолын үстанған шәкіртгері мен сопылықгы уағыздаушылар туркістандық ғұламаны күллі әлемге таратты. Қожа Ахмет түркі халықгарыньщ жаңа исламдық өркениеттегі халықгық ағымының арнасын анықгап берді. Ол жаңа діни идеологияны тәңірілік шамандықпен, зорастризммен бірікгіре отырып, қоғамдық-әлеуметгік санаға сіңіруде көп еңбек етті.
Ахмет Йасауи аркасында сопылық ілімнің философиялық жүйе ретінде түркі халықгары рухани дүниетанымында шешуші маңызы бодцы. Егер түркі халқы оған дейін Тәңірге сыйынса, енді олар бір Аллаға табынды. Осы арқылы олар Шығыс философиясы мен әлемдік діни пәлсапаны танып білді.
Әмір Темірдің бүйрығымен XIV ғасырда Әзірет Сұлтан рухына арналып Түркістанда архитектуралық ескерткіш орнатылды. Бұл жайында жергілікті халықга мынадай аңыз бар: Қожа Ахмет Йасауи мазарын тұргаза бастағанда, кара дауыл кабырғаларын үшырып әкетеді. Осыдан кейін Темірдің түсіне шал (Қызыр) еніп, ол ең аддымен Ахметгің ұстазы Арыстанбабқа мазар тұрғызу жөнінде аян беріпті. Темір шалдың айтканын екі етпей орындап, содан кейін барып кана өзі ойлаған жұмысына кіріседі. Қажылықка келгендер алдымен Арыстанбабтың басына түнеп, содан кейін барып Ахметке тәу еткен. 1982 жылдан бұл ескерткіш мемлекет қарауында. Керемет ғимаратгың ұзындығы — 65,5 м, ені -45,5 м, биіктігі 37,5 метрлік кақпалы порталы бар. Мазарда отызға жуық мешіт, кітапхана, залдар бар.

Махмүд Қашғари (1029-1101 жж.)
Махмұд Қашғаридың толық аты-жөні Махмүд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол — XI ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында емір сүрген ғалым. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жаға-сы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады. Осы калаларда оқьш жүрген кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының менталитеті қызықтыра бастайды. Жинактаған мол тәжірибесімен байкағанын ол өзінің басты еңбегі — «Диуани лұғати-ат-түркге» зерделейді. Ғалымның бұл кітабы ерте ортағасырлық түркі халқынын энциклопедиясы есепті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген. Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әртүрлі қызмет атаулары, тағамдар мек сусын атаулары, үй, жабайы жануарлар, қүстар, айлар мен апта күнтізбесі, дәрілік жабдықгар, астрономия, әскери, медициналық, діни т.б. атаулар қамтылған. Сол кездегі түркі халықгарының дүниені қабылдауы, этикалық нормалары мен кұңдылықгары, өзін өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әртүрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болган кейбір тарихи окиғалар жайында (Мәселен, Александр Македонский жорығы туралы) құнды мәліметгер бар. Тарихшылардың назарын өзіне аударған — шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М.Қашғари оны 1072-1074 жыддары Халиф Әл-Мұқгадиға арнап қурастырған.
«…түркі тілін үйренудің қажетгілігін емір талабы мен ақыл таразысы әбден дәледейді… Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яша, кырғыздардың сөздері мен сөйлеу мөнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әркайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш әрі таусылмас әдеби-көркем мұра боп қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым.
«Жинақгы» сегіз бөлімге топтастырдым… Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым.
Түркі халықтарының… бәйіт-жырлары мен… мақал-мәтелдерінен мысаддар келтірдім. Бүл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бүл кітап ұрпақган ұрпаққа халықшқ мүра-ны қаз қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, әсемдік әлем — мәңгілік өмірге біржола жолдама алды», — деп жазды.

Абай Құнанбайұлы (1845-1904 жж.)

1845 жылы Семей облысының қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен. Қазақгың ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл.
Абай ең әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл дәріс алады. Осында Шығыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысады. Сонымен катар орыс тілі және әдебиетіне деген қызығушылығы артады. Алайда қаладағы окуын аяқгай ал-май, әке әмірімен ауылына қайтады: Құнанбай ел билеу ісіне араластыру мақсатымен баласын шақыртып алады. Әрі қарай өз бетімен оқып, білім алған.
Өлеңді он екі жасынан бастап шығара бастаған, алайда бұл кезеңнен бізге жеткені бірнешеу ғана. Жігіттік шағы өткен соң өлеңге қайта оралған ұлы ақын жас кезіндегідей бүркеншек атпен жазып жүреді. Тек 1886 жылы ғана «Жаз» атты өлеңіне өзінің тұңғыш қолын қояды.
Абай сегіз қырлы, бір сырлы, тек ақын ғана емес, сонымен қатар, ол сазгер, ойшыл және қогам кдйраткері. Асыл мүрасы аса бай: өлеңцер мен поэмалардан, аудармалар мен қара сөздерден тұрады. Пушкинді алғаш рет аударған да Абай болды. Лермонтов пен Крылов поэзиясы Абай тәржімесі арқылы ұлттық игілігімізге айналды. Шиллерді, Гетені, Байронды, т.б. кдзакдіа сөйлетгі.
Кемеңгер ойшылдың «Қара сөздері» — этикалық-философиялық еңбегі — сегіз жыл бойы жазылды. Бұл XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысын зерделеген шығарма. Мұнда жұртымыздың қараңғы-лықты қармалаған ауыр халін ашына айтып, оның себептерін іздестіреді, ұғындырады, жарыққа жетелер жалғыз жол — оку-білім екенін түсіндіреді. Ел тарихына үңілдіреді…
Өз өлеңдерінде Абай әсем табиғатты, туған жерді әлеуметгік өмірмен астастыра суретгей отырып, «өз қолынан өз ырқы кеткен» қалың елі қазағының бойындағы жаманшьшық мінездерді — жалқаулықгы, еңбексіздікті, көрсе-қызарлықгы, алты бақан алауыздықгы, надандықгы жеріне жеткізе әшкерелейді, «дүниенің кілті — орыстың тілін», өнер-білімін білуге шақырады.
«Ескендір», «Масғұд», «Әзім әңгімесі» поэмалары Шығыс еддері шайырларының үрдісінде жазылған.
Абай өзі өмір сүрген ел ішіндегі әлеумет істеріне ықпал етіп отырған. Ел билеуге тікелей араласып, әртүрлі күрделі мәселелердің адамгершілік тұрғыда әділ шешілуіне атсалысты.
Шығармашылық мұрасы ішінде Абай әндері де айрықша орын алады. Пушкиннің «Евгений Онегинінен» аударған үзінділері нәзік әуен болып, қазақ жұртшылығына кеңінен тарады.
Абай есімі жер жүзі халықгары үшін Шекспир, Гете, Пушкин есімдерімен қатар тұр. Өйткені оның асыл сөздері тек бір халықгың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани казынасына айналды.
Ақын таланты мен еңбегіне деген үлкен кұрмет — 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен Абайдың туғанына 150 жыл толуы әлемдік деңгейде тойлануы болды. Бұл дүние жүзі халықгарының ұлы ақынға, оның мәңгі жасайтын шығармаларына бас июі еді.

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН (1841-1889 жж)

1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында туған. Ағартушы, балалар әдебиетінің атасы.
Ыбырай өз заманының атақгы биі Балғожа Жаңбыршаұлының қолында өсті. Тоғыз жасыңда Орынбордағы қазақ балаларына арналған бірінші ерекше мектепте оқып, оны 1857 жылы бітірген соң, Омбыдагы облыстық баскармаға тілмаш ретінде қызметке қалдырылады.
Өз бетінше оқып-үйрене жүріп, Ыбырай өлем әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақын танысады. 1860 жылы Орынбордан Торғайға ауысып, мұғалімдік қызметке орналасады. Өзінің тікелей күш салуымен 1864 жылы қазақ балаларына арналган тұңғыш мекгеп ашады. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметі басталады. Мұнымен қоса, ол 1868-1874 жылдары Торғай басқармасының іс жүргізушісі, уездік сот, уезд бастығының орынбасары, кейде тікелей бастығының да қызметін аткарып жүрді.
Дегенмен де, ұйымдастырушылық қабілеті, таланты, педагог ретіндегі дарыны халық ағарту ісінің басшы орыңдарында жүрген кезде анық байкалды. Алтынсарин еңбегінің аркасында білім беру саласы қазақ даласыңда кең орын алды. Оның бастамасымен және өзі жинаған каржысымен 1884 жылы Торгайда, Електе, Николаевкада, Ақгөбеде облыстық мектептер, ал 1887 жылы Ырғыздағы алғашқы қыздар мекгебі отау көтерді. Алтысариннің катысуымен Орск қаласында мұғалімдер семинариясы және Торғайда кәсіптік училище ашыдцы.
Ы.Алтынсарин орыс графикасы негізінде қазақ шәкірттеріне арнап алғашқы оқулықгар жазды. Тұңғыш «Хрестоматия» авторы. Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі оқулығын дайындау ісіне де белсене араласты. 1884 жылы Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: «Ал енді, құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан ешуақытта да қайтпаймын», — деп айтқан мақсатына жету жолындағы жанқиярлық іс-қаракет жемісіндей оқу-әдістемелік шығармалары, халық ағарту мөселелері жөніндегі жазбалары, қыруар хаттары бүл кісінің өз халқы үшін қаншама зор еңбек еткенін аңғартса керек.
Алтынсариннің қалмамынан туған аудармалар, өлендер, әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегілер оқырман жүрегіне жол тауып жатты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Алтынсаринді казақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп бағалау әбден әділетті.
Алтынсарин аудармалары қазақгың көркем әдебиетінде мысал жанрының калыптасуына негіз болды, қазақ әдеби тілінің дамуына жол ашты. Ы.Алтынсарин тәржімелеген И.А.Крыловтың мысал өлендері жас ұрпақгы тәрбиелеудегі қажетті қүралдың біріне айналды. Алтынсарин «Хрестоматиясына» Л.Н.Толстойдан, Ушинскийден, В.Дальдан және басқа орыс ақын-жазушыларынан аудармалары енді. Ұлы ұстаздың мұсылмандық парызы туралы оқу кұралын жазуы да сол ағартушылық мұратгы көздеп жазылған.
Алтынсариннің ұшан-теңіз еңбегі қазақ халқының эко-номикалық, мәдени және рухани дамуына игі ықпал етті. Ол көрнекті ағартушы, педагог, жазушы және қоғам қайраткері ретівде казақ халқының адцыңғы қатарлы, озық мәдениетке жетуіне үлкен үлес қосты


Бөлім: Қазақ әдебиеті

Добавить комментарий