Асан Сәбитұлы



«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды армандап, қазаққа жайлы қоныс — Жерұйық іздеген Асанқайғы Сәбитұлы Еділ бойында дүниеге келген. Тарихи аңыздарда әкесі саятшы екен дейді.Асанқайғы Сәбитұлы Алтын Орда ханы Ұлұғ Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болады. XV ғасырдың 20-жылдарында Ұлұғ Мұхамед Ордадан қуылғанда, ақын өз әміршісімен бірге кетеді.

Көп ұзамай Қазанда билік құрған Ұлұғ Мұхамедтің ақылгөйлері қатарында болған ақын, хан өлген соң, Дәшті-Қыпшаққа қайтып оралады. 1456 жылы Шу алқабында Қазақ Ордасы құрылған кезде, Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады. Сірә, ол қазақтардың бұрынғы Көк Орда жеріндегі үкімі артып, қазіргі Қазақстанның орталық және солтүстік-батыс алқабын қайтадан иеленген уақыты — 1465 жылы әлі тірі болса керек. Аңыздың айтуынша, ақын Сарыарқада — Ұлытауда дуние салыпты.


Бөлім: Қазақ әдебиеті

Добавить комментарий