Алмажан Азаматқызы



Алмажан Азаматқызы (1823 — өлген жылы белгісіз) Батыс Қазақстандағы Нарынның Бекетай — Бесқасқа дейтін құмында туған. Қай жылы өлгені жөнінде мәлімет жоқ . Әкесі Азамат 1836 — 1837 жылдардағы Исатай, Махамбет бастаған көтеріліске қатысып, қаза тапқан. Сол күресте 1838 жылы ерлікпен қаза тапқан. Азаматтан Алмажан деген қыз (Алмаш), Төрежан деген ұл қалады. Алмажан өзінің інісі Төрежан екеуі жетімдік көріп, шерлене өскен. Соған орай, талай зарлы — шерлі өлең, толғаулар шығарған.


Алмажан жасында өз жанынан өлең шығарып, ақын қыз атанады. Ол жөнінде бұрынғы Бөкей ордасының қазақтары арасында әр алуан аңыз да бар. Алмажанның шығарған өлең — жырлары көп болса да, біздің кезге жеткен шығармасы — «Жетім қыз» поэмасы. Оның 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылған нұсқасы оқырман қауымға мәлім. Дастан әділетсіз әкімдердің жетім — жесірлерге жасаған зорлық — зомбылығы әшкереленеді. «Жетім қыздың» басты кейіпкері — Алмажанның өзі. Оқиға екі жақтан баяндалады, арагідік қара сөзбен баяндауы бар.
Дастанның сюжет желісіне әкесі Азамат қайтыс болғаннан кейін жетім қалған 14 жасар қыз бен 7 жасар ұлға Нарындағы билік иелері тарапынан жасалған зардаптар, Жәңгір ханға арызданбақшы болғанда көрген қиыншылықтары негіз етіп алынған. Дастанда әділдік іздеп күрескен жетім қыздың өршіл тұлғасы сомдалған.


Бөлім: Қазақ әдебиеті

Добавить комментарий