Қазақстан Республикасының кеден ісі



Жоспар.

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………5

1-тарау. Қазақстан Республикасының кеден ісін басқару……………………….7

1.1 Кеден органдарының басқарылуы………………………………………………….−

1.2 Кеден органдарындағы басқарудың негіздері…………………………………22

1.3 Басқарудың технологиялық аспектілері………………………………………….31

2-тарау «Акцепт-Терминал» Акционерлік Қоғамының қызметін ұйымдастыру………………………………………………………………………………………..37

2.1 «Акцепт-Терминал» Акционерлік Қоғамының жүйесіндегі басқаруды ұйымдастыру………………………………………………………………………………………. −

2.2 Кеден органдары жүйесіндегі басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдары……………………………………………………………………………………… 49

3-тарау. Қазақстан Республикасының кеден ісін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары……………………………………………………………………………………………….59

3.1 Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді ұйымдастырудың негізгі принциптері…………………………………………………….−

3.2 ТМД-на және Кедендік одаққа қатысушы елдердің кедендік бақылауын ұйымдастыру ерекшеліктері…………………………………………………………………..75

3.3 Қазақстан Республикасының кеден ісін ұйымдастырудағы жетілдіруге байланысты іс-шаралар………………………………………………………………………….82

Қорытынды мен ұсыныстар……………………………………………………………………91

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………94

Кіріспе.

ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы 16 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз, әрі экономикасы өтпелі, демократиялық мемлекет екенін танытты. Өзінің толық тұрақты дамуы үшін Қазақстан бір жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіктестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.

Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұрылымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қолдануына алып келді. Осындай бағыттардың бірі – кеден жүйесі. Кеден саласын ғылыми негіздеу үшін Қазақстандық қана емес, сондай-ақ бұрыңғы одақтың және халықаралық кеден заңдарынң негізінде қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуінің орны мен рөлін, ерекшелігін анықтау өте маңызды.

Кеден саласын монополиялық мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, ішкі және сыртқы саясаттың құрылымы, кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметінің арнайы органдарының, кеден ісінің құрылу жолдары арқылы кеден жүйесінің қалыптасуына алып келеді.

Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден аумағында арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметінің құралы болып табылады.

Осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кеден ісінің, кеден заңнамаларының жеткен деңгейі және оның құрылымы мен мазмұны жайында, кеден ісін құқықтық реттеу сұрақтарымен қызығатын тұлғалардың барлығына түсінік беру.

Қойылған мақсатқа жету, келесі мәселелерді шешуді талап етеді:

— Кеден ісі жүйесінің қазіргі жағдайын көрсету;

— Кеден ісі жүйесінің мәнін, мазмұнын және принциптерін қарастыру;

— Кеден ісі жүйесінің құрылымы мен құрылысын талдау;

— Ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстарын іске асыру;

— Кеден және кеден бекеттерін осы замаңғы техникалық құралдармен жабдықтауды.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

— Қазақстан Республикасы кеден ісін ұйымдастыру жағдайын сипаттау;

— Қазақстан Респеубликасының сыртқы экономикалық байланыстарын талдау;

— Қазақстан Республикасы кеден ісін жетілдіруді ұсыну.

Кеден ісін жалпы түрде алғанда: мемлекеттің кеден саясатынан, кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі мен жағдайынан, кедендік төлемдерді алудан, кедендік ресімдеуден, баылаудан тұратынын айтқан жөн.

Қазақстан Республикасының кеден қызметін реттейтін нұсқаулар, жаңа заңнамалар өңделген және әрекетке енгізілген. Кедендік инфрақұрылым құрылып, жұмыс істеуін бастады. Тауарлар мен көлік құралдарын тіркеу және өткізу пунктерін, кедендік бақылау аймақтарын орнықтыру жұмысы басталды және әр күн сайын жұмыс қарқындап жатыр.

Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі болып кеден ісі бойынша жазылған еңбектер, кеден ісі проблемалары және оның қоғамдағы, экономикалық рөлі туралы жазылған ғалымдардың еңбектеріне, кеден кодексына негізделген.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы ретінде «Акцепт-Терминал» Ашық Акционерлік Қоғамы қызметінің ақпараттық көздері алынды.


Бөлім: Құқық, Криминалистика

Добавить комментарий