Тергеу әрекеттерін жүргізудегі криминалистикалық тактика



Жоспар

Кіріспе ……………………. 3
1 тарау
Тергеу әрекеттерін жүргізудегі криминалистік тактиканың жалпы түсінігі………………… 7
1.1 Тактика ұғымының жалпы түсінігі …………………… 7
1.2 Тергеу әрекеттерінде сот сараптамасын қолдану…………. 8
1.3 Тергеу үстінде қалыптасатын қарым қатынастың түсінігі………………. 11
2 тарау
Сараптама зерттеулерін қолдану мен жүзеге асыру …………… 13
2.1 Ғылыми білім қолданудың жалпы ережелері ……………..13
2.2 Сараптама түрлерінің айырмашылығы…………………….. 15
2.3 Арнаулы сараптамалық мекемелер…………………………26
3 тарау
Тергеу әрекеттеріндегі сараптама жүргізу ………………… 29
3.1 Сот ұйғарымы сараптама тағайындау ……………………….. 29
3.2 Зерттеу жүргізу әдістемелері…………………… 37
3.3 Сараптамалық зерттеуді лицензиялау……………. 41
3.4 Сараптама қорытындыларын қолдану………………..47

Қорытынды ………….50

4. Пайдаланылған әдебиеттер ……………………… 54
Кіріспе
Соңғы жылдары елімізде қылмыстың, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың өсуі, оның айла-әдістерінің күрделеніп, қауіпті сипат алуы байқалады.
Осының бәрі құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу және жедел іздестіру органдарының жұмыстарын одан әрі жетілдіруді, олардың қазіргі заманғы криминалистік тәсілдер мен әдістерді. іскерлікпен пайдалануын, қылмытың алдын Ашу, оның болуына себеп болған жағдайларды дер кезінде жою үшін арнайы шаралар қолдануын талап етеді.
Қылмысты ашу және тергеу үстінде жүргізілетін тергеу әрекеттері әрине, заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі керек. Бірақ, тергеу онымен ғана шектелмейді. Қылмысты ашу жөнінде өте күрделі жұмыстардың бірі болғандықтан тергеу үстінде заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі керек. Дегенмен, оның белгілі бір реті, тртібі жнее кезеңі қатаң сақталуы тиіс. Мұндай жағдайда да арнайы бір тәсілдер және әдістер қолданылуы мүмкін. Тергеу, жалпы алғанда екі жақтың – тергеуші мен қылмыскердің бір-біріне қарсы жүргізілетін қимыл-әрекеттерімен сипатталады. Бұл «күрес» үстінде екі жақ та өзіне ыңғайлы айла-тәсілдер пайдаланады. Тергеушінің қолданылатын айла-тәсілдерінің бәрі белгілі бір ситуациялық жағдайлардан туындайды да, оның бәрінің бірдей заңда көрсетуі мүмкін емес. Тергеу үстінде қолданылатын осындай әдістерді бір жүйеге келтіріп, тергеу практикасына ұсыну – криминалистік тактиканың міндеті. Тактикалық тәсіл-әдістер норматиті, яғни заңда көрсетілген ережелерді туындаған жағдайға бейімдеп, нақтылайды.
Құқық қорғау органдарының криминалистикалық тәсілдерді біліп, оларды шебер пайдалануы осы органдардың қылмысқа қарсы күрес жұмыстарынының іскерлігін және нәтижелілігін арттырады.
1998 жылдың қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексі өзінің заңды күшіне енді. Жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексін қабылдауға арқау болып, негіз берген – Қазақстан Республикасының Конституциясындағы елімізді құқылық реформалаудың Мемлекеттік бағдарламасындағы «Қазақстан – 2030» атты елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы егемендік, демократиялық, құқықтық мемлекеттің идеялары мен қағидалары. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде халықаралық қауымдастың мүшесі болғандықтан басқа шет елдермен, оның ішінде бұрынғы Кеңес одағынан бөлініп шыққан. Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдермен де бірігіп қылмыстықпен күресу мақсатында өзара байланысып әрекеттенуі үшін жаңа, осы жағдайлар ойластырған.
Құқық қорғау, оның ішінде тергеу органдарының қылмысқа қарсы жүргізілетін жұмыстарының пәрмендігі мен нәтижлілігі қылмысты ашуға, оны дәлелдеуге химияның, медицинаның, физиканың, ғылыми-техниканың басқа да ғылымдар саласының жетістіктерін кең түрде пайдаланумен тікелей байланысты.
Әртүрлі материалдарды, заттар мен бұйымдарды, бояуларды, жеке заттарды зерттеу сараптамасын кейінгі оқу әдебиетінде және сараптамалық практикада криминалистік сараптама қатарына жатқызылады.
Тергеу ісін жеделдету мақсатында іске байланысты сараптама белгілеу жоспарлануы, сараптаманы тағайындап өткізуге әзірлік шаралары қылмысты тергеу жөніндегі жалпы жоспардың құрамына енгізілуі тиіс.
Сот сараптамасының қажеттігі қазіргі кезде өсуімен сараптама түрлерінің кеңейуіне байланысты өмірдің талабы болып отыр.
Міне, осыған қарай арнайы білімдерді бар мамандардан сараптама, оның шешілетін жолдарын ізқдестіру жайлы сұраныс көбеюіне байланысты, сараптама түрлерінің бір маманның әр-түрлі сараптамаға бір көмегі тие бермейтінін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Тергеушілер мен жедел іздестіру қызметкерлерінің адам өмірі, зорлық-зомбылық, қарақшылық жайлы қылмысқа сараптама тағайындау кезіндегі шығарған қаулысындағы сарапшының алдына қойылған сұрақтары, сараптаманың атына сәйкес келмей жататындығы көңіліме ауыр ой әкеледі. Тергеушілер суық қару қолданылған қылмыстарға байланысты тролосологиялық немесе сот. медициналық сараптама, жәбірленушінің киген киіміне немесе денесіне суық қарумен зақым келтірілген бе деген сұраққа байланысты сараптама тағайындап жатады. Шындығында да, тросологиялық немесе сот медициналық сараптамалардың қорытындылары бұл жағдайдың толық шешімін таба алмайды. Бұл сұрақтың шешімін тросолог, дәрігер, биолог, қылшықтарды зерттейтін сарапшылардың көмегімен табуға болады. Кешенді шешім шығару, көптеген сарапшыларға зерттелетін заттардағы керек ақпараттарды толығымен тергеушілердің қамтамасыз етуі тиіс.
Сараптама тағайындау жайлы қаулы шығарудағы зерттеудің қорытындысы көрсетіп отырғандай, кешенді зерттеулер қазір өте аз қолдануда. Әдетте, тергеушілер кешенді сараптаманың орнына сараптаманың бір түрін тағайындап қана шектеліп жатады. Яғни, зерттеу барысындағы табылатын белгілер криминалистикалық тұрғыда төтенше қиындыққа әкеп соқтырады.
Бұндай жағдайда, әрбір сарапшы тек өздерінің зерттеу қорытындысымен ғана шектеледі. Ал, жалпы зерттелінген жағдай жайлы тергеуші міндетті түрде өз ойын қорытады. Көбіне тергеушілердің бұл салалар бойынша арнайы білімі саяз болып келуде. Мұндай жағдайдан құтылу үшін, көбіне тергеуші кешенді сараптама шығару жайлы қаулы толтырып, әрбір сарапшыға байлаулы толық сұрақтарды қамту керек.
Маман криминалистер оқиға болған жерді қарап болғаннан соң, тергеушіге іздеу кестесін толтыруға көмектеседі. Олар мына бөлімдерден тұрады: қылмыска жайлы ақпараттар, қылмыстың құралы, қолданылған көлік құралы туралы және оқиға болған жерден табылған айғақтық заттар жайлы, сараптаманың даму барысында іздердің немесе айғақтық заттардың алғашқы зерттеуге түскен кезінде-ақ сарапшылардың олардан аса қымбатты ақпараттарды алып, тергеу орнына беруге мүмкіндіктері бар.
Сараптама тағайындау кезінде салыстырмалық зерттеу үшін, қажетті үлгі ретіндегі обьектілерді дұрыс таңдау маңызды орын алады. Салыстырмалық зерттеу үшін, қажетті үлгілер сараптама жүргізу кезінде қолданылатын обьектілердің өз алдына жеке түрі болып табылады.


Бөлім: Құқық, Криминалистика

Добавить комментарий