Сыртқы Экономикалық Қызметіндегі (СЭҚ) кедендік – тарифтік реттеу



Мазмұны Бет

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………. 6

I. Бөлім. Сыртқы Экономикалық Қызметіндегі (СЭҚ) кедендік – тарифтік реттеу

1.1. Кедендік тариф — Сыртқы Экономикалық Қызметті (СЭҚ) ретеу құралы ретінде ………………………………………………………………………………………… 8

1.2. Қазақстан Республикасында нормативтік-құқықтық негіздері бойынша тарифтің реттелуі …………………………………………………………………….. 12

1.3. Шет елдер саясатының кедендік – тарифтік реттеулері …………….. 26

II. Бөлім. Қазақстан Республикасында Сыртқы Экономикалық Қызметтерді кедендік – тарифтік реттеудің қазіргі жағдайы

2.1. Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы Сыртқы Экономикалық байланыстары ………………………………………………………………… 36

2.2. Мемлекеттің Сыртқы Экономикалық Қызметті (СЭҚ) тарифтік реттеу жүйесі және «Акцепт – Терминал» Акционерлік Қоғамының қызметі ………………………………………………………………………………………………….. 49

2.3 Қазақстанның Сыртқы Экономикалық Қызметін реттеу құралы ретіндегі кедендік – тарифтік әдістер ……………………………………………………… 67

III. Бөлім. Қазақстан Республикасында Сыртқы Экономикалық Қызметтерді Мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары

3.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) кедендік – тарифтік реттеу аймағындағы кедендік ынтымақтастықтары ……………………………….. 74

3.2. Сыртқы Экономикалық Қызметтегі (СЭҚ) кедендік – тарифтік реттеудің механизмдер жүйесі ………………………………………………………………. 81

Қорытынды мен ұсыныстар ………………………………………………………….. 90

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ………………………………………………………. 92

Дипломдық жұмысқа қосымша беттер …………………………………………… 96

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі болып – елдің сауда экономикасына көшу шарттарында Сыртқы Экономикалық Қызметті реттеудің кедендік – тарифтің сферасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымдық бөлімінің құрылуын қамтамасыз етуін анықталуы табылады.

Кеден саясаты – сыртқы экокномикалық қызметке қатысушылардың іс әрекетттерін экономикалық-құқықтық реттеді жүзеге асырады. Осы бағытта орындалғын дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын реттеудің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту жолдарын көрсету.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының кеден ісінің нормативтік базасы өзі егемендік алып шыққаннан бергі кезде белгілі бір деңгейде қалыптасқан және дамыған елдермен әлемдік ұйымдардың құқықтық жетістіктерін енгізу арқылы даму үстінде.

Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық интеграцияны дамыту мен нығайтуы барысында, басқа мемлекеттермен Кедендік Одақтар, еркін сауда қатынастарын құру, кедендік сұрақтарды халықаралық құқықтық нормаларына сәйкес келісімдер жасады.

Кеден саясатын орындаудың негізгі құралдары – кедендік баждар, жинаулар (тарифтік реттеу), кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу процедуралары, түрлі кедендік шектеулер, сыртқы сауда тәжірибесіндегі лицензиялау мен үлестеу болып табылады.

Кедендік саясат – тауарлар, валюталық табыстар мен шығыстардың әкелу, әкету рационалды арақатынастарын көтермелеуіне бағытталған. Кедендік – тарифтік реттеу Қазақстанның есеп айырысу мен төлем баланстары жағдайларына әсер етеді. Қазақстан экспортының импортынан арттыруы Қазақстанға валюталық корлардың келуін қамтамасыз етеді.

Кедендік саясат фискалды функцияны да атқарады. Кеден органдарына төленетін кедендік төлемдер (кедендік баждар, қосымша құнға салық, акциздер, кедендік жинаулар және тағы басқалар) мемлекеттік табыстың маңызды қайнар көзі болып табылады.

Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның экспорттық – импорттық операциялар көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудің өсуіне әкелді. Сыртқы сауда операцияларын кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарлары мен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуіне де нақты әсер етеді.

Құқықтық базаның төмен сапасы құқықтық реттеудегі бос орындардың болуы кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу кезінде әдістер мен тәжірибе арасындағы жарылулар пайда болуына және «құқықтық шығармашылық аймағы» деген құбылыстың пайда болып, кең таралуына көмектесті. Осындай бағытта жазылған дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы Сыртқы Экономикалық Қызметтерді мемлекеттік реттеуді талдау және оның жетілдіру жолдарын ұсынуы табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

— Сыртқы Экономикалық Қызметті кедендік – тарифтік реттеудің теориялық жағдайын сипаттау;

— Қазақстан Республикасының Сыртқы Экономикалық байланыстарын талдау;

— Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы Сыртқы Экономикалық істердегі кедендік – тарифті реттеуді талдау;

— Қазақстан Республикасының кедендік – тарифтік әдістерін талдау;

— Қазақстан Республикасында Сыртқы Экономикалық Қызметіндегі мемлекеттік реттеуінің жетілдіруін ұсыну;

— Сыртқы Экономикалық Қызметті кедендік – тарифті реттеудегі механизмді жетілдіру

Дипломдық жұмыстың объектісі болып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынастарын, сыртқы экономикалық байланысы мен кедендік реттеу жүйесі табылады.


Бөлім: Құқық, Криминалистика

Добавить комментарий