Кеден режимдер



Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………. …. 4

1 — Тарау. Кеден режимдерінің экономикалық-құқықтық сипаттамасы

1.1 Кеден режимдерінің түрлері мен олардың сипаты……………………… 7

1.2 Кеден режимдеріне кедендік бақылауды ұйымдастырудың құқықтық негіздері………………..…………………………………………………………. 17

2 — Тарау. Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметінде кеден режимдерін пайдалану және кедендік бақылау тәжірибесін талдау

2.1 Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті қызмет аймағындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кеден режимдерін қолдануын талдау …………………………………………. 23

2.2 Тауарлар мен көлік құралдарын жекелеген кедендік режимдер бойынша кедендік ресімдеуді ұйымдастыру тәртібі………………………. 29

2.3 Негізгі кедендік режимдердің құқықтық экономикалық мәні және қолдану мәселелері мен ұйымдастырылуын бақылау ……………………. 43

3 — Тарау. Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің кедендік әкімшілік жүргізу мен кеден режимдерін бақылауды жетілдіру шаралары…………………………… 48

Қорытынды ………………………………………………………………… 57

Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………………………… 61

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының алдына қойып отырған әлемнің дамыған елу мемлекетінің қатарына ену басымдығы кеден ісі саласындағы тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің де әлемдік стандарттармен нормативті құжаттарына сай келуін талап етеді. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу кезiнде фискальдық, бақылау функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес құқық қорғау органдарының функцияларын орындай отырып, кеден қызметi соңғы жылдары өзiнiң мемлекет жүргiзiп отырған сыртқы экономикалық саясаттағы рөлiн елеулi түрде күшейттi. Кеден режимдері тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізудің негізгі құқықтық жағдайларын анықтайды және орнатады яғни кеден режимдерге бақылауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық қауіпсіздігін сақтай отырып сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың дұрыс заңмен белгіленген тәртіп бойынша тауарларлар мен көлік құралдарының ресімделуін қамтамасыз етеді [1, 118 б.].

Қазақстанның әлемдiк экономикалық қатынастар жүйесiне ықпалдасу процесi кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру қажеттiлiгiн алдын ала белгiледi. Осы мақсатта 2003 жылғы 1 мамырдан бастап күшiне енген Қазақстан Республикасының Кеден кодексі әзiрленiп, қазіргі кезде Кеден кодексінің жаңа мәтіні әзірленіп отыр. Онда кеден рәсiмдерiн үйлестiру мен оңайлату мақсатында халықаралық конвенциялардың ережелерi ескерiлдi, ішкі нарықтың жақсаруына оның тиімді жұмыс істеуіне Үкімет тарапынан қолдау көрсетілуі және де сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара қарым-қатынастардың жаңа қағидаттары мен кеден органдары жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру тетiктерi енгiзiлдi.

Кеден кодексiн iске асыру үшiн оның бiртектi қолдануы мақсатында кеден iсi саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлендi, қабылданды және жүйелендiрiлдi. Қазақстан Республикасының жаңадан әзірленіп жатқан кеден кодексі Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған. Тұлғаның кез-келген уақытта тауарлар мен көлік құрамының сипатына, санына, шыққан еліне қарамастан кез келген кеден режимін таңдауға немесе өзгертуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде тұлғаларға тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге теңдей негізде құқық береді және онда құқықты жүзеге асыру кезінде ешкімнің ол құқықтан айырылмауына және әкелу мен әкету құқығының шектелмеуіне кепілдік береді. Бір жағынан мемлекет тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тыйым салуды, мемлекеттің қауіпсіздік, моральдық имандылық мүдделері және адам өмірі мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, Қазақстан Республикасымен шетел халықтарының көркем, тарихи, археологиялық игіліктерін, меншік құқығын қорғау, интеллектуальдық меншікті, тұтынушылардың және мемлекеттің басқа да өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау тұрғысынан негіздейді [2, 23 б.].

Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты ұйымдастырылатын және жүргізілетін операциялар бойынша бір қатар сұрақтар қарастырылып, сонымен қатар осы саладағы кеден төлемдерін төлеуді жүзеге асыру бойынша анализ жүргізілген және тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде кеден режимдерін пайдалану саласында кеден органының жұмысын жақсарту мен жетілдіруге байланысты негізігі ұсыныстар жазылған. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде қолданылатын негізгі қағидалар: Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, әкелу мен әкету құқығын бекіту келесі негізгі қағидаларға негізделеді: әкелу мен әкетуге тиым салу; әкелу мен әкетуді шектеу; өткізу тәртібі; кедендік режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу бақылаудың міндеттілігі; кедендік шекарадан өтетін орны мен уақытын анықтау, кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік ету, шартты түрде шығарылған тауарлармен, көлік құралдарымен пайдалану және басқару.

Аталған тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізу барысында кеден кодексінде көрсетілген кеден режимдеріне сәйкес жалпы кедендік ресімдеу жүргізіледі. Басқаша айтатын болсақ кеден режимдері тауарлар көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізудің негізгі құқықтық жағдайларын анықтайды және орнатады.

Дипломдық жұмысымның мақсаты кеден режимдерін кеден құқығының жеке институты ретінде зерттеп, ерекше жиі қолданылатын кеден режимдерінің түрлерін айқындау және олардың қолданылу ерекшеліктері мен дамуына пікір білдіру.

Дипломдық жұмысымның міндеттері:

кеден режимдерінің теориялық және құқықтық мағынасын ашып көрсету;

кеден режимдерінің ерекшеліктері көрсету;

әлемдік тәжірибеге сәйкес кеден режимдерінің қолданылу аясын айқындау;

еркін кеден аймағы кеден режимінде орналастырылған тауарлардың кедендік ресімделуі тәртібін көрсету;

кеден режимдерінің қолданылу тәжірибесіне сүйене отырып талдау жүргізу.

Жұмыстың жаңалығы Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйыиына мүше болып кіру үшін кеден саласын дамытуда. Соңғы уақытта кеден қызметінің қызметкеріне қойылатын талаптардың көлемі көп есе көбейеді. Өйткені олардың отандық экономиканы жан-дамуына, инвесторлардың келуіне жағдай жасап қана қоймай сонымен қатар біздің мемлекетіміздің экономикалық мүддесін қорғауға бағытталған әрекеттер жасайды.

Зерттеудің объектісіне Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының құқықтық тәртібін айқындау және оның құқықтық негізін орнату.

Зерттеудің пәніне кеден режимдерін сыртқы экономикалық қызметтің реттеуші құралы ретінде қарастыру жатады.

Дипломдық жұмысымның методологиялық негізі Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы заң актілері зерттелген – Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының кеден кодексі және басқа кеден ісі саласына қатысты заң актілері мен нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы, мен өкімдері, Кедендік бақылау комитетінің бұйрықтары мен ережелері және сонымен қатар Қазақстан Республикасының беделді, атақты ғалымдары Алибеков С.Т., Сарсембаев М.А., Баймуханов Э.П., Нұрмашев Ү.Ө., еңбектері де қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге негізделген және кіріспе, үш тарау мен қорытынды, ұсыныстардан тұрады.

Жұмысты орындау барысында «Астана – жаңа қала» кедені бойынша 2006 – 2008 жылдар арасындағы жүк кеден декларациясының, кеден режимдерінің қолданылуы туралы статистикалық мәліметтерге сүйене отырып талдаулар жасалды


Бөлім: Құқық, Криминалистика

Добавить комментарий