Кедендік бақылаудың техникалық құралдыры



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………….. 3

I ТАРАУ. Кедендік бақылаудың техникалық құралдырын қолданған кезде кедендік бақылаудың қазіргі жағдайы

1.1. Кедендік бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету …………….8

1.2. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының топталуы………..17

1.3. Кедендік іздеу және қарауға арналған техникалық құралдар ……….21

II ТАРАУ. Кедендік бақылаудың техникалық құралында жедел – техникалық моделін ұйымдастыру

2.1. «Акцепт — Терминал» Акционерлік Қоғамының қызметін ұйымдастыру ……………………………………………………………………………

2.2. Жедел диагностикалық техникалық құрал және кеден бақылау объектінің құрамың топтау ………………………………………………………. 28

2.3. Техникалық құралдардың оперативтік диагностикасымен кедендік бақылау объектісіндегі заттар классификациясы ……………………… 38

2.4. Кедендік бақылау объектілерін кедендік рәсімдеудің техникалық құралдары ..…………………………………………………………. 42

III ТАРАУ. Техникалық құралдарының қорын жетілдіру

3.1. Визуалды бақылаудың техникалық құралдарын жетілдіру …………..47

3.2. Техникалық жабдықтар көмегімен шешілетін маңызды міндеттерді дамыту ……………………………………………………………………………………….48

3.3. Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігі Кеден комитетінің Кинологиялық орталығының қызметін жетілдіру ……………………….50

ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР ………………………………………………..54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР …………………………………………………….57

ҚОСЫМША БЕТТЕР ………………………………………………………………………….. 63

Кіріспе

Қазақстан Республикасына, яғни құқытық жағдайына, қауыпсіздігіне, тәуелсіздігіне, егемендігіне қауыпы төнбес үшін Қазақстан Республикасының шекарасына, соның ішінде кеден шекарасына аса үлкен көз салынады. Бұл кезде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтіп жатқан тауарларына және траснпорттық құралдарына кедендік бақылау арқылы құқық бұзушылықтарды тоқтату және болдырмау үшін әртүрлі әрекеттер жасалуда.

Қазақстан Республикасының Кеден кодексі бойынша кеден бақылауын жүргізген кезде адамның өмірі мен денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге және тауарларға қауыпсыз техникалық құралдар пайдалынады .

Осындай техникалық құралдарының жиынтығын «кедендік техника» деп атайды .

Кедендік техника дегеніміз – жүйелендірілген кеден органдарына жүктелген мақсаттарды қамтамасыз ету үшін арналған техникалық құралдарының жиынтығы.

Кедендік техника келесі мақсаттардан түрады:

— тауарларға, транспорттық құралдарға және кедендік шекарадан өтуші тұлғаға кедендік бақылауды жүргізуге арналған құралдар;

— қылмыстарды ашу мақсатында қолданатын криминалистикалық техникалық құралдар;

— тауарлардын идентификация мақсаттарын шешетің кедендік сараптау техникалық құралдар;

— басқару, технологиялық және т.б. мақсаттарды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық және байланыс құралдар;

— ақпараттарды беру, іздеуі жинақтау, сақтау және алуға арналған кеден қызметің ақпараттандыру құралдары;

— кеден органдарын қорғау және жеке қауыпсыздықты қамтамасыз ету техникалық құралдар;

— жедел-іздестіру қызметінің мақсаттарын шешуге арналған техникалық құралдар (арнайы техника);

— кедендік іс жүргізу техникалық құралдар (ұйымдастыру техника).

Кедендік техниканың негізін және ең басты ролін атқаратын кедендік бақылаудың техникалық құралдары болып есептеледі (КБТҚ).

Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану нәтижесінде кедендік бақылаудың әрі қарай жүру процессі шекара арқылы түрлі объектілерді өткізу кезінде көрінеді. Бұл техника тасымалданатын объектілердің құжаттардың дүрыстығын және дәлелдігін растайды, тауарлардың, транспорттық құралдардың сапасына сәйкестігі — рәсімделінген құжаттарға сай болуын, тауарлардың сыртқы экономикалық Тауар Номенклатурасының топталуына сай болуын, сонымен қатар кеден бажы салықтарын, төлемдерін, кедендік статистикасы мен валюталық бақылауын нақтылы жүргізуге көмек көрсетеді .

Кедендік бақылауды жүргізу процессінде кедендік бақылаудың техникалық құралдары арқылы бақыланатын объектілерде жасырынды жерлердің және жасырындылар көрінеді. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен және криминалистикалық құралдар кедендік құқық бұзушылықтарды ұдайы тауп алу, ұстап алу және ескертуге ықпал етеді.

Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын анық білу және ұдайы пайдалану үшін кедендік бақылау объектілерін топтау олардың бағытына, түрлеріне, мөлшеріне, салмағына, бақылаудану ерекшеліктеріне және т.б байланысты, себебі осы объектілердің мағлуматтары жедел – техникалық бақылаудың маңызын белгідейді .

Кедендік органдарының жедел мақсаттарын ескере ала отырып, яғни кедендік бақылаудың объектілерінің түрлері және осы объектілерге жасалатын бақылаудың тәсілдері жөнінде кедендік бақылаудың техникалық құралдырының жиынтығын көз алдына салуға болады. Оларды кластарға, топтарға және әртүрлі жедел мақсаттарына орай бөлуге болады.

Қазіргі кездегі кеден ісін ұйымдастыруда кеден органдарын кедендік бақылаудың техникалық құралдарын дамытуды, оның кеден саласында функциясын күшейтуді және инфрақұрылымды қалыптастырып дамытуды көздейді, осы жағдайлар кеден қызметін жалппылама қамтамасыз етуді және құқық бұзушылық болған жағдайда әсері анық көрінеді. Осы барлық факторлар кеден ісін ұйымдастырудың сапалы жағдайына, нәтижелігіне үлкен күшін салады. Жоғарыда айтылғандар менің таңдаған жұмысымның актуалды проблемасы деп айтуға болады.

Зерттеудің негізі – методологиялық, теориялық және статистикалық негізін құрайды, болған оқиғаларды статистика ретінде салыстыру болып табылады.

Дипломдық жұмысымның мақсаты – кедендік бақылаудың техникалық құралдырының теориялық зерттеуі негізінде кедендік бақылаудың түрлерін білу, оқу және оны тәжіребиеде қолдануды жүзеге асыру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

1. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының топталуын ашу;

2. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын сипаттау;

3. Кедендік бақылаудың оперативтік — техникалық моделін қарастыру;

4. Кеден органдарының тәжіребиесін ескере ала отырып ехникалық құралдарының қорын жетілдіруді ұсыну .


Бөлім: Құқық, Криминалистика

Добавить комментарий