Заман талабына сай еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі саласы бойынша азаматтардың құқықыларының сақталуын заң аясында реттеуді жандандыру



Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Қазіргі таңда, сондай-ақ «Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру» мемлекеттік стандарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Әлбетте әр ұйым бөлімшелерінің басшылары болған жағдайда, онда олар бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар болып табылады, өздерінің қызметтік міндеттері мен ұйым басшысының басшылығымен білім тексеруінен өтуге міндетті. Тұрақты әрекет етуші ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерін аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдардың жанындағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындайтын мамандандырылған орталықтарда және еңбекті қорғау кафедрасы бар жоғары оқу орындары мен мекемелерде оқыту және біліктілігін арттырумен білімін тексеруді жүргізу аса орынды болмақ. Олай болса, бұл мәселені шешуге тиісті кәсіподақтармен бірлесіп экономиканың салаларын басқаруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдардың тікелей қатысып шешу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр [1. 5-6].
2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаумен қамтамасыз ету Бағдарламасы әзірленіп бекітілген болатын.
Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының екі тармағына тоқталып өтер болсақ, бұл еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау және еңбекті қорғауды басқару жүйесін ендіру аса қажет болып отыр.
Қазіргі таңда, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат жан-жақты өзгертілген. Ол бағыттары мынадай:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізуге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;
10) өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге;
11) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін таратуға;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
13) еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған [2. 10-11].
Мемлекет өзінің азаматтарының еңбегін қорғауға құқықты кепілдейді. Ең басты кепілдік қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірісте еңбекті қорғаудың жоспарлы түрде үздіксіз, тұрақты түрде жақсаруы тиіс екендігінен көрініс табады. Еңбек жағдайы өзінің ең кең мағынасында еңбек процесіндегі адамның жұмыс істеу қабілеті мен саулығына әсер ететін факторлардың, яғни сыртқы күштердің жиынтығы болып табылады. еңбек жағдайының терминін қолдануда оған әртүрлі мағына беріледі. Шын мәнінде адамға, оның денсаулығы мен еңбек қабілеттілігіне әсер ететін факторлар өте көп. Әлеуметтік-экономикалық факторлар еңбеккерлердің бүкіл қоғамдағы жағдайын анықтайды. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясында, мамандардың еңбекақысын, дайындау және қайта дайындау мәселелерін, жалпы заңда әлеуметтік игіліктер мен кепілдіктерді реттейтін еңбек заңдарында орын табады. Мемлекеттің нормативті-құқықтық актілері бір ауысымдағы жұмыс уақыты ұзақтығын, санитарлық нормалар мен ережелерді, зейнеткерлік және жасөспірім жастағылардың, жүктілік пен босану жеңілдіктерін, көп балалы жанұяларға жеңілдіктер және басқа да еңбек қатынастарына байланысты толып жатқан мәселелерді қарастыруы мүмкін [3. 22-23].
Бүгінгі таңда ғимараттардың, ескірген машиналар мен құрал-жабдықтарың қиын күйінің ықпалы бар. Сарапшылардың бағалауы бойынша тозу деңгейі көрсеткіші қазір 50 пайызды құрайды. Бұл онсыз да жоғары апат болу және жарақат алу деңгейін жоғарылатады. Сонымен бірге жүмыс орындарындағы жұмыс берушілер тарапынан болған көптеген олқылықтардың заңи органдар назарынан тыс қалғандарын байқауға болады. Бұл соңғы жылдардағы мемлекеттік еңбек инспекторы санының аздығын, олардың қолында арнайы бақылау-өлшеу құралдарының, арнайы лабораториялардың, көліктің болмауы, олардың кәсіпорындарды тексеру ауқымын төмендетеді, яғни жылына кәсіпорындардың 11-12 пайызын ғана тексеруге мүмкіндіктері бар [4. 5-6].
Қазіргі уақытта еңбек ресурстары елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден бір факторға айналды. Мемлекеттік инспекторлардың бақылау жұмысы негізінен қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермей, олардың қатаң сақталуы мен өндірістік жарақат алудың алдын алуға бағытталған. Міне сондықтан да тұрғылықты халықтар мен ұйымдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың арыздарын қарайды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жыл сайынға елбасымыздың халыққа арнаған жолдауының әлеуметтік блогын халық арасында түсіндіруді үздіксіз жүргізіп келеді. Сонымен бірге, 28 сәуірде «Бүкілдүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне байланысты ұйымдар мен мекемелер арасында түрлі жұмыстар ұйымдастырылып отыр.
Қазіргі таңда жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары мына төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:
— Жұмыс орындары орналастырылған ғимараттар өзінің құрылысы бойынша функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуге тиіс.
— Жұмыс жабдығы оның осы түріне белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, оның тиісті сақтандыру белгілері болуға және жұмыс орындарында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғаушы құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.
— Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайдан шығу жолдары бос болуға және қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс.
— Жұмыс сипатына қарай қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс орындары тәуекел дәрежесі ескеріле отырып, дәлме-дәл белгіленуге және оларға бөгде адамдардың кіруін болғызбайтын (шектейтін) құрылғылармен жарақтандырылуға тиіс.
Егер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының шарттары талап етсе, жұмыскерлерге демалыс бөлмесі немесе тиісті демалу аймағы берілуі қажет [5. 22-23].
Қазіргі таңда халықаралық нормалар мен талаптарды ескере отырып, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау (еңбекті қорғау жөніндегі комитеттер) енгізу көзделіп отыр. Әр ұйымда құрылатын комитеттердің құрамына жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері паритеттік негізде енуге тиіс. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқарудың жаңа жүйесін енгізу кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.
Олай болса, еңбеккерлердің экономикаға қосатын үлесі олардың еңбек ету жағдайына тікелей байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн. Осы орайда үкімет тарапынан жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігі жоғары болуы тиіс. Ал құқықтық қорғауды жетілдіру және оның орындалуын қамтамасыз ету шаралары бұл саладағы мемлекеттің қадамы құтты болмақ.
Олай болса, қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді бақылау міндеті жүктелген еңбекті қорғау жөніндегі маман, өз жұмыс уақытының көп бөлігін жұмыс орнында өткізіп, осы жұмыстарды ұйымдастыруға бөлімшелердің басшы­ларына әдістемелік көмек көрсетуі аса қажет. Әрине бұл ретте, осы кәсіптің мамандарын тиісті дәрежеде дайындаған жағдайда, олардың орындайтын жұмыстарының сапасын барынша жоғарғы деңгейге көтеруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ажинурина Д. Еңбек ету бостандығы және оны қорғаудың мәселелері: заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты /Ажинурина Д.- Алматы: б. ж., 2005
2. Азтаев Б. Государственная инспекция труда// Правовой вестник.-2002.–N32
3. Армстронг М. Практика управления человеческими ресурсами /Пер. с англ.
под ред. С. К. Мордовина.- 8-е изд.- СПб.: Питер, 2005
4. Балтабаев М. Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті // Егемен Қазақстан.
— 2005. — 28 сәуір
5. Аттестация рабочих мест: Методические рекомендации// Охрана
труда.Практикум.-2000
6. Ашитов Б. Об объекте нарушения правил охраны труда [Текст] /Ашитов Б.//
Фемида.- 2006. -№9.-0. 7-83. Көш көлікті болсын//Егемен Қазақстан. – 2005.- 1 қыркүйек
7. Гигиена труда: Гигиенические критерии оценки и классификация условий
труда по показателям вредности и опасности факторов производственной
среды, тяжести и напряженности трудового процесса. Руководство Р 2.2.755-99//Охрана труда.Практикум.- 2000.-Ш.-С.2-80


Бөлім: Құқық, Криминалистика

Добавить комментарий