Алдын ала тергеу барысында тергеу тексерісін жүргізудің процессуалдық тәртібі



Мазмұны

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .7-8
1 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша тергеулік қараудің ұғымы мен маңыздылығы

1.1 Қылмыстық іс жүргізудегі тергеулік қараудың түсінігі мен маңызы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9-17
1.2 Алдын ала тергеу барысындағы тергеулік қараудің (тексерудің) түрлері, қатысушылары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18-23
1.3 Қылмыстық іс бойынша оқиға болған жерді қараудың түсінігі, мәні және жүргізудің процессуалдық тәртібі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .23-32
2 Қылмыс туралы оқиға болған жерді қарауда тергеушінің ұйымдастырушылық қызметі
2.1. Оқиға болған жерді қарауды жүргізуге байланысты тергеушінің дайындық әрекеттері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33-41
2.2 Оқиға болған жерді қараудың әдістері мен тергеушінің ұйымдастыру шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 41-61
2.3 Оқиға болған жерді қараудың қортындысын бекіту. . . . . . . . . . .61-66

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 67-69

Қолданылған әдебиеттердің тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 70-72

Кіріспе

Қазақстан Республикасы өзінің құқықтық тәуелсіз және өркендеуші мемлекет ретінде даму жолында құқықтық реформаларды жүзеге асыруға қоғамдық қатынастарды жалпы жан — жақты кеңістікте дамытуға күш жұмсауда. Осы дамудың негізгі бағыттарының бірі болып заң шығарушы базаны күшейту табылады.
Осы негіздердің ерекше бір бағыты, қылмысқа қарсы күресті күшейту мен болған қылмысты тез арада және толық ашу үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асырушы органдардың жұмысын ұтымды ұйымдастыру қажет. Ендеше, қылмысты ашу, қылмыскерді әшкерелеу және оның кінәлі екендігін дәлелдеу үшін, қылмыстық процессуалдық заң нормалары мен жүргізілетін тергеулік әрееттерді тергеуші жетік меңгеруі тиіс.
Казіргі жағдайда дәлелдеу процесі кезінде қылмыстың болғандығы немесе болмағандығы, егер қылмыс жасалған болса, кім және қалай жасалғандығы, оқиға болған жерде оның қылмыс жасағандығы жөнінде қандай іздер қалтырылды және басқа да мәселелерді міндетті түрде айқындалуы керек. Осы мән – жайларды айқындау адамгершілік тұрғыдан ақиқатқа жетуге деген талпынысты аңғартады.
Оқиға болған жерді қарау барысындағы тергеушінің ұйымдастыру қызметі атты дипломдық жұмыста алдын- ала тергеу барысында тергеулік қараулардың кейбір жағдайларына оның ішінде оқиға болған жерді қараудың кейбір мәселелеріне ерекше тоқталып жан –жақты сипаттау көзделініп отыр. кетсек деймін. Атап айтқанда алдын-ала тергеу барысында жіберілетін кейбір кемшіліктер мен қателіктерге ерекше тоқталып тергеушінің оқиға болған жерді қарау барысында жүргізілетін әдіс тәсілдері мен ұйымдастыру шараларын жан жақты қарастыру. Қазіргі таңда алдын-ала тергеу сатысында тергеулік қараулар көп жүргізілетін тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады.
1997 жылы қабылданған Қылмыстық іс жүргізу кодексі Қазақстан Республикасындағы қылмыстық сот өндірісін күшейтуге бағытталған. Осы Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің шығуына байланысты оның әр тарауында көрсетілген тергеулік әрекеттерге де олардың жүргізілуіне едәуір өзгерістерге әкеп соқты. Алдын — ала тергеу барысында тергеулік әрекеттердің маңызы зор. Сондықтан да олардың жүргізілуінің өзіндік тәртібі бар. Осы белгілі бір белгіленген тәртіп арқылы тергеулік әрекеттердің жүргізілуі арқылы тергеудің толық объективтілігі айқындалады.
Дипломдық жұмыстың нормативтік негізін отандық және халқаралық заңдылықтар құрайды. Жұмысты жазу барысында криминалистика және қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық құқық бойынша және басқа да тергеулік қарауға бағытталған қазақстандық әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер қолданылды.
Осы жұмысты жазудағы негізгі мақсат – қылмыстық іс бойынша тергеулік қарау әрекетін оның ішінде оқиға болған жерді қарау барысында тергеушінің ұйымдастыру әрекеті жөнінде мәселелерді кеңінен қарастыра отырып қылмысты тергеуге және ашуға бағытталған әдіс тәсілдер мен тәжрибенің құқықтық базасын жетілдіру болып табылады.
Жұмыстың нормативтік-құқықтық және ғылыми негіздері. Қылмыстық- процессуалдық дәлелдеу этикасының ұғымы мен пәні, дәлелдеу этикасына байланысты сұрақтарды келесі ғалымдардың Аубакирова А., Азаров В.А., Арыстанбеков М. А., Белкин Р.С., Бычкова С. Ф., Быков В. М., Гинзбург А.Я., Нургалиев Б. М., Шейфер С. Д. және т.б. авторлардың еңбектерінде кездестіруге болады. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста тергеулік қарауға байланысты сұрақтарды қарастыра отырып ол қылмысты ашуға және әшкерлеуге бағытталған әрекеттер жөнінде зерттеулер қарастырылған.
Тәжірибелік маңыздылығын қарастырып теориялық ережелерді тәжірибеде үйлесімді қолдану үшін Қарағанды қаласының тергеу органдарының материалдары қолданылды және зерттелінді. Құқық қорғау органдары қызметтерін одан әрі жетілдіру — криминалистика ғылымының дәлелдемелер жинау, зерттеу, баға беру және пайдалану заңдылықтарын оқып білу арқылы әдістер мен құралдарды білуді, қылмыстың алдын — алу, тергеу және әшкерлеу әрекеттерінің теориялық негіздерін талдаудан өткізуді талап етеді. Мұндай мәселені шешу үшін үздік ғылыми және тәжіребиелік жетістіктерді ескере отырып, ғалым — криминалистер оқу — әдістемелік құралдар мен нұсқауларын тиімді пайдалану болып табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ретінде, тергеулік қарауға бағытталған қайнар көздерінің жалпы ұғымын жүйелі қарастырып, оның ішінде оқиға болған жерді қараудың мәніне тереңірек үңіліп мазмұндау және қайсыбір мәселелерді қондырмалы түрде қалыптасқан жүйенің негізінде шешу міндетті тұрады.


Бөлім: Құқық, Криминалистика

Добавить комментарий