Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстар



Мазмұны

Кіріспе…………3

1-Тарау. Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстарды заңды талдау………9

1.1 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың объективтік белгілері…………….9
1.2 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың субъективтік белгілері………..17
1.3 Адамды кепілге алу құрамының дәрежеленген түрлері……….27

2-Тарау. Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстарды ескерту……..45

2.1 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстардың көрініс алуына ықпал ететін себептер мен шарттар………45
2.2 Адамды кепілге алумен байланысты қылмыстарды ескерту бойынша шаралар……….51

Қорытынды………..69

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………72

Қосымшалар……..76

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы жалпы адамзаттық басымдылықты болжайды, бәрінен бұрын, жеке адамның өмірі, денсаулығы, бостандығы, қадір-қасиеті, құқықтары және мүдделері.
Біздің еліміздің Конституциясының 1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары». Осыған байланысты, адам құқықтары мемлекет тарапынан сенімді қорғалуы тиіс. Сондықтан, қоғамда түбегейлі өзгерістер болғанда оның бірінші іс-әрекеті – адамның құқықтары, бәрінен бұрын оның өмірге және бостандыққа құқығын қорғайтын шешімдер қабылдауы кездейсоқ емес.
Қоғамдық қауіпсіздікке қолсұғушылықтармен күрес маңызды орын алады және көбіне қылмыстық заңды дұрыс қолдануға байланысты. Қылмыстық-құқықтық реттеу механизімін жетілдіру, біріншіден норма шығармашылық, яғни жаңа қазір қолданыстағы қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру, екіншіден құқық қорғау органдарының қызметінде заңдылықты нығайту мақсатында осы нормаларды қолдану тәжірибесін жетілдіру болып табылады. Криминологияда қылмыстардың себептері мен шарттарына ықпал ететін ескерту кешендерін қамтитын бүтіндей теория қамтылған.
Ұсынылған нәтижелердің ғылыми маңыздылығы. Қазіргі Қазақстан қоғамында адамды кепілге алу қаупі орасан зор. Ол, адамды кепілге алу адамның жеке басының бостандығына қол сұғатын зорлық-зомбылық қылмысы болып табылуымен анықталады.
Адамды кепілге алу үшін жауаптылықты көздейтін қазіргі қолданыстағы ҚР ҚК-ң 234-бабының талдануы және оны қолдану тәжірибесі, сондай-ақ осы әрекетті ҚР ҚК-ң басқа баптарымен дәрежелеу сұрақтары арнайы зерделеуді және өңдеуді талап ететін бірқатар мәселелерді шығарады. Жекелеп алғанда, қылмыс субъектісінің қасақаналық жағдайын сипаттайтын ниетін бағытталғандығын, қылмыстың себептері мен мақсаттарын анықтауға байланысты жасалған әрекетті дәрежелеуде едәуір қиындықтар туындайды. Сондықтан да алдын алу және ескерту шараларының тиімділігін арттыру мақсатында құқыққорғау органдарының қызметін жетілдіру аса маңызды қажеттілік.
Нәтижелердің дәйектілігі. Адамды кепілге алған үшін қылмыстық жауаптылық проблемаларын зерттеуге Т.Г. Даурова, П.А. Дубовец, Н.И. Загородникова, А.С. Никифоров, М.Х. Рустамбаев, И.Д. Самолюк, А.П. Филипов, М.Д. Шаргородский сияқты ғалымдар елеулі үлес қосты.
Қазақстан Республикасында қарастырылып отырған мәселенің жекелеген аспектірлері А.Н. Ағыбаевтың, Б.И. Ахметовтың, З.О. Ашитовтың, К.А. Бегалиевтің, Б.С. Бейсеновтың, И.Ш. Борчашвилидің, С.Я. Булатовтың, А.А. Исаевтың, Е.И. Қайыржановтың, И.В. Корзунның, А.Д.Макуханың, С.С. Молдабаевтың, М.С. Нәрікбаевтың, Р.Т. Нұртаевтың, Г.Ф. Поленовтың, С.М. Рахметовтың, Г.Р. Рүстемованың, В.А. Сергеевскийдің, Д.С. Чукмаитовтың және басқа авторлардың еңбектерінде зерттелген.
Сот практикасын зерделеу мен қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы, жекелеп алғанда қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды, нақтырақ адамды кепілге алуды тергеу кезіндегі проблемалы мәселелер адамды алумен күрестің заңдық реттелуі әрі қарайғы жетілдіруді талап етеді. Адамды кепілге алуды ескертудің, және де алдын алудың тиімді шараларын өңдеу қылмыстық-құқықтық заңды реформалау процесінде едәуір роль ойнайтын еді.
Мұның барлығы, біздің ойымызша адамды кепілге алған үшін қылмыстық жауаптылықтың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін зерттеудің өзектілігін шарттастырады.
Магистрлық жұмыстың мақсаты болып адамды кепілге алу секілді қылмыстың нормасын жетілдіру және оны құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тәжірибесінде қолдану тиімділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда анықтау, сондай ақ адамды кепілге алуды ескерту бойынша алдын алу шараларын жетілдіру бойынша ұсыныс сипатындағы тұжырымдарды жасыу және енгізу болып табылады.
Зерттеудің нормативтік базасын мыналар құрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары, Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-атқарушылық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық құқықтық заңдар. Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қаулылары.
Магистрлық жұмыс кіріспеден, өзіне 5 бөлімше қосатын екі бөлімнен тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен және қосымшадан тұрады.


Бөлім: Құқық, Криминалистика

Добавить комментарий