Қазақ спортшылары



ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ
Жыл аяқталған сәтте спорт үздік¬терінің есімдері белгілі болады. Біздің еліміздің әр аймағында об¬лыстық спорт комитеттері жыл бо¬йында өздерінің спортшыларының ұлттық құрама сапында шет ел ареналарында немесе өз ішіміздегі жарыстарда қол жеткізген табыс¬тарын елеп-ескеріп, оларға сый- құрмет көрсетуде. Садық Мұста¬фаев басқаратын Қызылорда облыстық спорт басқармасы жыл қорытындысын өзгеше әдіспен шығарыпты. Яғни әр спортшыға жарыстарда қол жеткізген жетістігі үшін ұпай беріліп отырады екен. Шәкірті жүлдеге ілініп жатса, бап¬керінің де еншісіне ұпай жазы¬лады. Биылғы Сыр елінің үздік спортшысы, ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Илья Ильин атанды. Ильин – сондай-ақ спорт саласы бойынша «Да¬рын» жастар сыйлығының лауреа¬ты. Ал оның бапкері Валерий Пак үздік жаттықтырушы атанды. Ильин әрине, жылғыз Сырдың емес, бүкіл Қазақ елінің үздік спорт¬шысы ата¬ғына әбден лайық. Илья осы күзде ғана әлем чемпио¬натында екінші мәрте алтын жүл¬дені жеңіп алып, соның құрметіне Санто Доминго аспанында көк байрағымыз қа¬лық¬тап, әнұраны¬мыз шарықтаса, сол жетістігін Илья Катарда өткен Азия ойын¬дарында қайталап, мерейімізді бір тасытып тастады. Талантты спорт¬шының осындай толағай та¬быс¬тарға қол жеткізуіне жергілікті спорт басқармасы да өзін¬дік үлес қосып отыр. Оның жаттығу жиын¬дарынан қол үзбей, алаңсыз дайын¬¬далуына барлық жағдай жасаған. Ірі жарыстан жеңіспен оралған Илья әрқашан да облыс әкімі Ак¬рам Адырбеков тарапынан қомақ¬ты сыйлықтарға да ие болды. Жыл қорытындысына байланысты об¬лыс¬тың үздік спорт¬шылары мен таңдаулы бапкерле¬рінің басын қос¬қан жиында аймақ спортының басшысы Садық Мұстафаев мыр¬за: «Сыр бойында қазіргі таңда спортқа ерекше мән беріліп отыр. Ильинді айтпаған¬ның өзінде, ұлт¬тық құрама сапында өнер көр¬се¬тіп, жақсы нәтижелерге қол жеткі¬зіп жүрген спортшылар баршы¬лық. Сонымен, ел спорты¬ның өр¬кен¬¬деуі үшін жаңадан спорт ке¬шен¬¬дері ашылып жатыр. Ауылдық жерлердегі спорт мек¬тептеріне ерек¬ше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда біздің облыста ауыр атлети¬ка, дзюдо, велоспорт, ганд¬бол, кү¬рес түрлері жақсы дамыған. Соны¬мен қатар ізбасарлар тәр¬биелеуде де атқарылып жатқан іс¬тер бар¬шы¬лық. Мұның бәрі әкім¬шілік тара¬пы¬нан жасалып отырған қолдау¬дың арқасында» деді. Жиын со¬ңын¬да 15 номинация бойынша таң¬даулы спортшылардың барлы¬ғына бағалы сыйлықтар үлестіріл¬ді.
Сондай-ақ Өскеменде шы¬ғыс¬қазақстандықтар да жыл қо¬рытын¬дысын шығарды. Катарда өткен Азия ойындарында 26 шы¬ғысқа¬за¬қ¬стандық спорттың 12 түрі бойын¬ша бақ сынады. Осыған орай шы¬ғыс¬қазақстандық спорт¬шы¬¬лар¬ға марапат көрсеткен облыс әкімі Виктор Храпунов мырза Ка¬тарда жеті сайыс бойынша Азия чемпио¬ны және ұзындыққа се¬кіруде қола медальға ие болған Ольга Рыпа¬коваға үш бөлмелі пәтерді сыйға тартты. Сондай-ақ Ольга осы өңірдің жыл спортшысы атанды. Ольга биыл Таиландта өт¬кен Азия чемпионатында жеті¬сайыстан бас жүлдеге ие болып, 20 жыл бойы бұзылмаған құрлық рекордын жаңартқан болатын. Сол сияқты екі мәрте Азия ойында¬рының же¬ңімпаздары каноэ мен байдаркада ескек есуші Торлопов пен Дмит¬рий Кальтенбергер, гим¬насшы қыз Ксения Глушкова, ойындардың күміс жүлдегерлері Ольга Смир¬нова мен Алмас Атаев, велоша¬бандоз Алексей Лялько, қола жүлдегерлер – дзюдошы Гүлжан Исанова, семсерші Сергей Хо¬достар сый-құрметке ие болды. Әкім Олимпиада ойындарына кір¬мейтін спорт түрлеріндегі спорт¬шыларды да кенже қалдырмады. Армрестлингтен әлем чемпионы Нұржан Дукиевке автокөлік сый¬ға тартты. Самбодан әлем бірінші¬лігінің жүлдегері Айдар Қайырбаев та құр алақан қалмады.
Ал Маңғыстау облысында ай¬мақтың ең үздік спортшысы ата¬ғы¬на каратэ-додан Азия ойында¬ры¬¬ның чемпионы Халид Халидов ие болды. Сондай-ақ әлем чемпио¬нବты мен Азия ойындарының қола жүлдегері Магомед Круглиев, бокстан әлем чемпионы Ердос Жа¬ңабергенов, самбо мен қазақша күрестен Азия чемпионы Әділ Бисенқұли бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен мара¬патталды.
Қарағанды облысында он¬сайысшы Азия ойындарының чем¬пионы Дмитрий Карпов жыл спортшысы атанды. Сондай-ақ ойындардың жүлдегерлері, жеңіл атлет Сергей Засимовичке, был¬ғары қолғап шебері Серік Сәпиев¬ке және дзюдошы Келбет Нұрға¬зиналарға қошемет көрсетілді.

Асқардың апайтөстері Олимпиада жолдамасына қол жеткізуді көздейді

Су добынан қазақ елінің спортшы қыз-жігіттері 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында жасындай жарқыраған болатын. Төрт жылда бір өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қос құрамамыз абыроймен қорғады. Алайда араға төрт жыл салып өткен Афины ойындарында бағымыз жанбады. Асқар Оразалиновтен тәлім алған жігіттер өз әріптестері алдында әлсіздік танытты. Өйткені ұлттық құрама бұғанасы қатпаған жастардан жасақталған болатын. Сидней Олимпиадасынан кейін жігіттеріміздің бірнешеуі ұлттық құрамадан кетіп, олардың орындарын жастар басты.
Қазір Асқар Сабалақұлы өзі жасақтаған жаңа команданың құрамын сақтап қалудың қамын ойлап жүр. “Бұл кілең қазақ жерінде туып, осы жердің суын ішіп, саф ауасын жұтып өскен өрендер. Олардың тәжірибесі өте аз. Себебі бұлардың басым көпшілігі 21-23 аралығындағы жігіттер. Ал біздің спортта жас мөлшері нағыз шарықтау кезеңі 27-33 жас аралығын құрайды. Сондықтан біздің жігіттердің өсіп-жетіліп, әлемдегі азулы командаларға лайықты қарсылас атануына әлі уақыт қажет. Тек қазіргі құрама сапындағы жігіттерден айырылып қалмасақ болды. Әрине, су добы арнайы спорт кешені мен қомақты қаржыны талап етеді. Алайда бір команданы ұстап тұруға біздің Спорт комитетінің шамасы жетеді. Бізге тек сенімділік білдірмегендері батады. Қазір ұлттық құрама ойыншыларының негізін «ҚазАТК» командасының ватерполшылары құрайды. Бізге үнемі Академия басшылығы қолдау көрсетіп келеді. Команданың жарысқа шығуы мен спортшылардың және бапкерлердің еңбек жалақысына көмектесіп тұрады. Осындай жанашыр азаматтар кең байтақ Қазақстанның түпкір-түпкірінде болса, ватерполымыз дәуірлеу кезеңін басынан кешер еді. Амал не, су айдыны тек Алматы мен Астана қалаларында ғана бар. Таразда да су спортымен айналысушылардың қатары көбейіп келеді. Ал басқа аймақтар жұмған аузын ашпайды. Осы өрімдей жастардан құралған ұлттық командамыз былтыр Азия кубогын жеңіп алды. Өткен жылы Иранда және Өзбекстанда өткен турнирлерде бас жүлдені жеңіп алғанбыз” – дейді бас бапкер.
Биылғы маусымда ватерполшыларымыз Тайландта өткен универсиадада бақ сынады. Түркия құрамасы негізгі құрамдағы ойыншыларды әкепті. Біздің жігіттер олармен тең дәрежеде ойын өрнегін көрсетті. Ал ең қызығы, осы сында біз Ресей құрамасын үш доп айырмашылығымен ұтып кеттік. Бізге ренжіген солтүстіктік көршіміз биыл әр нәрсені сылтау етіп, төл чемпионаттарына жылда қатысып жүрген «ҚазАТК» клубын қатыстырмай қойды. Асқар Сабалақұлының айтуынша, Ресей чемпионатында шеберлік шыңдап жүрген жігіттеріміз үшін бұл орны толмас олқылық болып отыр.
Ватерполшы жігіттеріміз үшін алдағы жылда ең жауапты жарыс наурыз айының басында Бейжің Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын соңғы іріктеу турнирі болмақ. Румынияда өтетін аталмыш додаға осы турнирге дейін өткен іріктеу сындарында жолдамаға іліне алмаған құрамалар қатысады. Қазақстан құрамасы осы турнирде олимпиада жолдамасына қол жеткізуді көздеп отыр, ол үшін олар алғашқы үштікке ілінулері керек


Бөлім: Қазақстан тарихы

Добавить комментарий