Қазақстан экономикасының тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны



Қазақстан экономикасының тарихынның кезеңдері: Бірінші кезең — бұдан 1,5 мыңжыл бұрынғы ғұн нәсілдері — түркілер — Ашина руының түркілері — Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақгар. Осы үрдістер тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты — Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя Байқалдан Каспийге дейінгі аймақты қамтыды.

Ұлы жібек жолы түркілер мемлекетінің экономикасының дамуына да оң ықпал етті.Халықаралық сауда ролін атқарды.

Екінші кезең. Бұдан 1300-1100 жылы бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығыста, Орхон-Енисей өңірінде болды. Ежелгі қырғыз мемлекетінің ескерткіштері, Тоны көктің, Күлтегіннің руникалық жазулары Орхон-Енисейдің құлпытастарында таңбаланды. Түркі ұлттық рухының осынау тегеуріні X ғасырда «Манас» эпосында өзінің табиғи жалғасын тапты. Үшінші кезең. ХІІ-ХІҮ ғасырлар. Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс әулетінің шабуылынан басталды. Бұл жойқын күші бар сойқанды шабуыл ел экономикасының дамуын тежеді. Бұл кезенңің басыңда атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы аңызға қарағаңда ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы.

Бар қазақтық басын біріктіруге жұмылған Майқы би әйгілі қазақ шежіренамасының негізін қалаушы болды.

Ел аузындағы аңыз бойынша халықтың санасына үш жүздің бас таңбаларын тасқа қашаған сол кісі екен дейді. Үйсіндердің нысаны – Ту, арғындардың нысаны – Көз, алшындардың нысаны – Найза содан қалса керек.Әр рудың таңбасы болды. Малдарына өз таңбаларын соғу арқылы танымал етіп отырды.

Бір ғажабы, қазақ халқының негізгі төрт мұраты дәл сол тұста тұжырымдалыпты. Олардың үшеуі үш жүзден жауынгерлік ұраны: Ұлы жүздікі – Бақтияр – бақыт, Орта жүздікі – Ақ жол – әділет, Кіші жүздікі –Алшын –От-ана болса, барлық қазақтардың ортақ ұраны – Алаш ұғымына біріккен.

Дәл осы кезенде халықтың әзі – Шыңғысхан әулетінің бұғауына іліккен еді. Халық руханияты сол заманның ең бір қуатты империялық идеологиясы – шыңғысшылдықтың ықпалына түседі. Шыңғысшылдық ақырына дейін түсінілмей қалған бір дін болып енді. Өйткені бұл тежеу білмес тегеурінді қара күш пен тентек мінезді дөрекі қайсарлық қана емес, Шыңғыс әулетінің ұлы империясының ұстынына тірек, ұстынына көрік болған рухтың революциясы еді.

Ол уақытқа дейін үстемдік еткен далалықтардың түркішілдігі, оғызшылдығы, ұрандары (жүздік және жалпы алаш), олардың бұрынғы шежіресі жаңа шежіренамаға тарихи тамырласа кірігіп кетті және ішінара халықтың зердесінен өшіп қадды.

Осы кезден бастап іс жүзінде тегі басқа ақсүйектердің екі тармағы – төрелер мен қожалар – түркілердің ру-тайпалық ақсүйектерінен биіктеу мәртебе алды да, оларды саяси және рухани биліктен ада қылды. Төрелер Шыңғыс әулетінің ұрпақтары, ал қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен тараған рухани биліктің иелері. Уақыт өте келе, бұл екі тармақ екілдерінің өздері де жергілікті халықпен кірігіп, олардың әдет-ғүрпын, дәстүрін қабылдап, қазақ халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті.

Төртінші кезең. XV-XVII ғасырлар. Алғаш қазақ хандығы құрылған кезең. Шамамен 1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуының негізі қаланды. Біріншіден, халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың жырларынан көрінді. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау шығармаларында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды. «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» сияқты батырлар жырында, «Қозы-Көрпеш — Баян-сұлу», «Қыз-Жібек» және басқа дастандарға қазақтың ұлттық рухы тұп тамыр ретінде негізге алынды.

Екіншіден, нақ осы уақытта, Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға көшіп келіп, ел басқара бастағаннан кейін, қазақ өзінің тарихи төл атымен атала басталды.

Үшіншіден, дәл осы тарихи дәуірде халықтың жауынгерлік рухы тағы бір тамаша оқиғадан көрініс табады. XVII ғасырдың бірінші жартысында үш жүздің үш ұлы биі –Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би –Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғы» атты тарихи қүжатты қабыддайды. Бұл киелі «жеті» санын нысан өткен киелі парыздан, қасиетті ережеден тұратын қазақ құқығының алғашқы кодексі еді.

Ел экономикасы осы кезеңдердің барлығында дәстүрлі көшпенді шаруашылық сипатында қалыптасып дамып отырды.


Бөлім: Қазақстан тарихы

Добавить комментарий