Қазақстан Республикасы



Республика территориясының 10%-і биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі — ойпат, жазық, ұстірт, қырат т. б. Оңтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200—300 м ғана биік келген жазық рельеф тән. Оңтүстік шығысы биіктігі 5000—6000 метрлік таулы өңір болып келген. Яғни республиканың топографиялық жер бедері оңт.-шығыстан солт.-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады. Сонымен бірге Қазақстан жерінде. Каспий т-зі, Арал т-зі, Балқаш көлі — сынды тұйық алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық. Қазақстанның ең биік жері — республиканың негізінен оңт.-шығ. жағын қамтитын Тянь-Шань тау жүйесіндегі Хантәңірі шыңы (6995 м). Каспий теңізінің шығ. жағалауында Совет Одағының материктік бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қаракие (Қарақия) ойысы орналасқан. Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеогр. дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климат сипатының үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болган варий тау жүйелері жог. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан,. қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығ. бөлігін кайнозойдың мореналык, алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-бат. бөлігін тұтасымен бор және неогендік; теңіздері басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңқыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыкқа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезенде жаралған биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды. Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі (Оңт. Алтай мен Кенді Алтай ғана Қазақстан жерінде) созылған. Алтай рельефінің құрылысы сатылы келеді; жұмыр жоталары мен тау массивтерінен сеңгір жалдары және тік шыңдары оқшаулана жеке-дара тұрады. Жүйенің орташа биікт. 2500—3500 м, биік жері Мүзтау—4506 м. Бұл шың бейне бір жүйелік торап — сынды, одан солт.-батысқа және оңтүстікке қарай Алтайдың ірі жоталары тарайды. Алтайдың жалғасы Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр. Алтайдан Зайсан ойысымен бөлінген Тарбағатай тауының Қазақстан жеріне тек бат. бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай территориясында. Бұл жотаның ұз. 300 км-дей, орташа биікт. 2000—2200 м, ең биік жері 2992 м. Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы Сауыр жотасы (3816 м). Тарбағатай жотасы Алакөл ойысы арқылы Қазақстанның оңт.-шығ. бөлігіндегі ірі тау жүйелерінің бірі — Жоңғар Алатауына ұласады. Ұз. 450 км, ені 100— 250 км. Көксу аңғары тау жүйесін 2 жотаға (Солт. жөне Оңт. Жоңгар жоталары) бөледі. Солт. Жоңгар жотасының орт. бөлігінде бүкіл тау жүйесінің биік жері — Бесбақан шыңы (4464 м) бар. Тау батысқа қарай біртіндеп аласарып, Баянжүрек, Дойтас, т. б. жоталарға тарамдалып кетеді. Оңт. Жоңғар жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Жоңғар Алатауының басты ерекшеліктері – мұнда терең аңғарлар мен шатқалдар көп, шыңдары үшкір, сеңгір келеді, көпшілік бөлігін мұз басқан. Жоңғар Алатауы оңтүстігінде Іле ойысы мен шектеседі. Ойыстың батыс бөлігі Қараой үстіртін қамтиды.
Қазақстанның оңтүстігінде және оңт.-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын көпжылдық қар мен мұздықтар басқан аса ірі тау жоталары жатыр. Осындагы Хантәңірі шыңынан батысқа және солтүстікке қарай Солт. Және Орт. Тянь-Шаньның жоталары тарайды. Хантәңірі шыңы — бүкіл Тянь-Шаньдагы мұзданудың негізгі торабы. Қазақстаннның бұл бөлігіне сонымен қатар Теріскей Алатау жотасының шығ. сілемдері, Күнгей Алатаудың шығ. бөлігінің солт. беткейі және Кетпен жотасы кіреді. Солт. Тянь-Шанышң ірі биік тау жотасы — Іле Алатауы; үз. 350 км, оң биік жері — Талғар шыңы 4951 м. Республика астанасы Алматы осы Іле Алатауының солт. етегінде. Жотаның солт. беткейі тік сатылы, жалдары үшкір келеді. Беткейлері терең шатқалдармен және каньондармен тілімделген. Іле Алатауы — сейсмикалық өңір және мұнда ірі мүздану ошақтары (393 мұздық) бар. Шынысында Шарын каньонымен шектеліп, батысында Кіндіктас тауына ұласады да, одан солт.-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле таулары жалғасады. Қазақстанның оңтүстігінде Қырғыз Алатауының бат. бөлігінің солт. беткейі, ішінара Талас Алатауы, сонымен қатар Қаратау жотасы кіреді. Алдыңгы екеуінің дөні Қыргыз ССР-і жерінде.
Ұсақ шоқылы Сарыарқа өз алдына көкке геоморфол. облыс. Ең биік жері — Қызыларай тауындағы Ацсоран піыІІ,І,11505 м. Таулық рельефке осындағы Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы таулары жәнс Шыңғыстау жотасы жатады. Сарыарқаның оңт.-батысы негізінен жазық, тек оңтүстігінде оқшауланган аласа таулы, қырқалы келген кең аумақты шөлді Бетпақдала үстірті орналасқан. Бат, Қазақстандағы Мүғалжар тауы Орал жұйесінің тікелей жалғасы саналады және оңтүстігінде біртіндеп жекеленген қырқалар мен шоқыларға бөлініп кетеді. Маңқыстау таулары аралары ойыстармен бөліне қатар жатқан 3 жотадан тұрады. Ең биік бөлігі Қаратау жотасында — 556. м. Көршілес Үстірт өңірі Маңқыстаудан Ңарынжарық ойысымен бөлінген тығысында Арал теңізіне дейінгі өңірді қамтиды. Ендік және бойлық бағытта 800 км-дей кең аймақтағы Маңқыстау түбегі мсн жазық Үстірі ағын судың тапшылығына бай нағыз шөлгс айналған. Каспий маңы ойпаты теңіздің солтүстігі.


Бөлім: Қазақстан тарихы

Добавить комментарий