Тұрғындардың жалпы саны және аймақтық орналасуы



1939-1959 жылдар арасыңдағы Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістерді бірнеше ішкі кезеңдерге бөле отырып қарастыруға болады:

Бірінші кезең 1939 жылғы санақ пен 1946 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықты қамтиды. Республика халқының қарастырылып отырған 20 жыл ішіңдегі айтарлықтай кемуі 1941-1945 жыддардағы демографиялық апат кезеңіне тен. Бұл мерзім ішіндегі халық құамының өзгерістеріне депортациялар, екінші дүние жүзілік соғысы және соғысқа қатысты мобилизация мен демобилизация, стихиялы және реттеулі эвакуация мен реэвакуация, өнеркөсіп орындарын көшіру, Еңбек армиясына мобилизациялау әсер етті.

Осы жылдары республика халқы 460,2 мың адамға кеміді. Ұлы Отан соғысы кезіңце 1202 мыңдық шығыны болған халықтың 1939-1946 жылдар аралығында 460,2 мың адамға ғана кемуі 1939-1941 жылдар мен 1945-1946 жылдар аралығындағи табиғи өсім мен көші-қон арқасында мүмкін болды. Қазақстан халқы 1939 жылы 6394 мыңнан 1941 жылы 6425 мың адамға өсіп, 31 мың (0,5%) адамға көбейді. 1941 жылдан 1945 жылдың 1-ші қаңтары арасында халық саны 6425 мыңнан 5808 мыңға түсіп, 617 мыңға кеміді. 1946 жылы 5933,8 мын адам есепте тұрды (1941 жылғы мөлшердің 92,4%). 1945 жылдың 1 қантары мен 1946 жылдың 1 қаңтары арасындағы халық санының 125 мыңдық өсімін республикаға соғыстан қайтқаңдар берді. 1946 жылдың бас кезіңдегі реэвакуация мен демобилизация аяқталғаннан соң Қазақстан халқының нақты саны айқындалды. 1945-1946 жылдар арасында Қазақстан халқы 549 мың адамға (8,5%-ға), жылына 109,9 мың адамға кеміген. Соғыс жылдары өлім-жітім көрсеткіші төмендеді. Егерде, Қазақстанда 1940 жылы 134,4 мың адам өлсе, соғыс жылдары жылына орта есеппен 104,5 мың адам, немесе 1940 жылғы өлім-жітімен 29,9 мың кем адам өлген. Мұның себебі: соғыс жылдарындағы туудың төмендеуіне; туу мен өлім-жітім туралы есептің толық болмағандығына; 16-55жас аралығындағы еркек кіндіктілердің (1300 мыңнан аса) соғыс майдандарында болуына, отбасылардың толық болмауына байланысты.

Ұлы Отан соғысы республиканың демографиялық тарихында өшпес із қалдырды. 1941 жылы есептегі арнайы қоныстанушылар мен эвакуацияларды қосқанда 7,6 миллион (қоспағанда 6425 мың) болған республика халқының 1366 мыңы Отанды қорғауға аттанды. Оның 330 мыңдайы өліп, 271 мыңы хабарсыз кетті, барлығы 601 мың адам тікелей шығын болды Жанама шығынмен қосқанда барлығы 1202 мың адам шығын болды. Соның ішіндегі қазақтардан тікелей 153,9 мың, жанамалай 172,1 мың, барлығы 326,0 мың адам шығын болды [45]. Соғыс шығыны ашаршылықтың демографиялық зардабындай бола қойған жоқ. Соғыста негізінен еркек кіндіктілер өліп, ал, өсім беретін әйелдер мен балалар аман қалса, ашаршылықта, керісінше, жеткіншек жас ұрпақ көп қырылып, ал, бала туатын әйелдер саны қатты шығынға ұшыраған. Соңдықтан, соғыстың сандық тура шығыны ашаршылықтың тура адам шығынынан 6 есе кем болса, ал, жанама адам шығындары тіпті 10 есеге жеңілдеу болды. Халқымыз соғыстың адам шығынын 12 жылда толтырса (1953 жылы соғысқа дейінгі деңгейге көтерілді), ашаршылық әкелген олқылықтарды 40 жылда әрең толтырды.

Туу керсеткіштеріне келсек, соғыс жылдарыңда республика халқының туу мүмкіндігі жойылған жанама адам шығыны 592 мың адам болды, соғыс майдандарында, тұтқында, госпиталдарда өлгені, хабар-ошарсыз кеткені т.б. бар, тура шығыны 601 мың адам болды. Батыс Қазақстанда бейбіт халық арасынан 300 адам өлген, барлығы 1939-1945 жылдар арасында Қазақстан 1202 мың адамынан айрылған. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары мен Алматы қаласынан адам шығыны кен болған. Сонымен бірге, 1920 жылдардан бері республикада репрессияланғандардың 30-33% соғыс жылдарына сай келеді.

Сонымен, 1939-1946 жылдар аралығында туу керсеткіштері мен өлім-жітім деңгейі төмендеді. Соның нәтижесінде, осы кезеңде халықтың жалпы санында кему үрдісі басымдылық танытты [46].

Екінші кезең 1946-1951 жылдардағы, халықтың соғыстан кейінгі бүлінген, титықтаған қала мен ауылды, халық шаруашылығын қалпына келтіру, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін арттыру шараларын жүргізу кезеңіндегі этнодемографиялық процестерді қамтиды.

Бұл кезде Қазақстан халқының (тұтастай алғанда КСРО халқының) экономикалық, әлеуметтік-этнодемографиялық дамуында социалистік, тоталитарлық катынастар кең етек жайды. Соғыстан кейінгі жылдары елдің орталыққа бағынғаң; жоспарлы экономикасының тиімділігі туралы сенім тұрақтау: догмалық қасиетке ие болды. Соғыстағы жеңіс қоғамдық дамудың социалистік моделінін сөзсіз дұрыстығының дәлелі ретінде қарастырылды. Ал, сталиндік партиялық-мемлекеттік үгіт бұл ұғымды халықтың санасына сіңіріп, сол кезеңдегі қоғамдық қатынастарға бейімделген этнодемографиялық қатынастарды қалыптастырды.

1946-1951 жылдар — компенсаторлық кезең. Соғыстаң кейінгі отбасылардың бірігуі, бірінші және екінші кезектегі некеге тұру негізіндегі «некелесу науқаны» кезінде туу деңгейлері өсті, бірақ, өлім-жітім төмендемеді. Соғыстан кейін депортацияланғандар өз еліне қайтарыла бастады. 1946 жылдың 1 қаңтарында республикада 726 мың, 1947 жылдың 1 қаңтарыңда 426 мың арнайы жер аударылғандар есептелінді. (Арнайы жер аударылғандардын санының кемуі тек өз отанына қайтабастағанына ғана емес, сонымен бірге олардың арасындағы өлім-жітімнің де өскеңдігіне байланысты).

Сондай-ақ, бұл кезең репрессияның әлеуметтік топтарды түгел қамтыған, әсіресе, ұлттық интеллигенция өкілдеріне жаңа қарқынмен соққы болып тиген уақыты.

Қазақстан халқы 1946 жылш 5933,8 мыңнан 1951 жылы 6818 мыңға жетіп, 942 мыңға (15%-ға, жылына 188,4 мыңға) өсті. Тұрғындар саны қалада 494 мыңға (22%) өсіп, үлесі 2,5 пайызға көтерілсе, ауылда 385 мыңға (10%) өсіп, үлесі 2,5 пайызға төмендеді. Бұл кезеңнің соңына қарай республика өзінің соғыс уақытындағы адам шығынының орнын толтырып, соғысқа дейінгі көрсеткішіне қол жеткізді.

Үшінші кезеңді қамтитын, 1951-1959 жылдар аралығындағы 9 жыл ішінде өнеркәсіп орындарын салу, тың жерлерді игеру негізіңдегі көші-қондар қарқыны Қазақстандаға қазақтардың үлесін 1939 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға төмендетіп, 29,8%-ға түсірді. Сол арқылы, ХХ-ғасыр бойы жүргізілген қазақ халқы үлесінің кему үрдісі шегіне жеткізілді. Бұл — тоталитарлық жүйенің толық күшіне енген, экономиканың дамуын жеделдету, елді иңдустрияландыру, ауыл шаруашылығында реформа-эксперименттер легін жүргізу т.б. шаралар негізінде жұмысшы табының жетекшілік рөлін көтеру және қазақстандық ингеллигенцияның қалыптасу кезеңі. Осы кезеңнің соңына қарай қазақ халқының 22-25%-дық өсімін берген 1960-1962 жылдардағы «демографиялық дүмпудің» негізі қалаңды.

1951-1959 жылдар арасында республикадағы тұрғындар саны 2476 мыңға (136,3%), немесе, жылына 309,5 мыңға өсіп, 1959 жылғы санақта 9294 мың болды. Ең көп өсім 1955—1956 жылдары байқалды: 591 мың адам қосылды. Бұл 1951 жылғы 90,8 мыңдық өсімге қарағанда 6,5 есе көп. Сонымен қатар халық санындағы өсім тың жерлерді игеруге келгеңдердің, сондай-ақ, 1955-1956 жылдары Қытайдан келген 240 мыңдық «кеңес азаматтарының» да есебінен деуге болады. 1955 жылы «кеңес азаматтары» елдегі бүкіл халыктың 2,8% құрады.

Сонымен, 1939-1959 жылдардағы Қазақстандағы көші-қон-белсенділігін туғызған әлеуметтік, экономикалық және саяси дамудағы факторлар: тұтастай халықтарды күштеп жер аударулар, репрессиялар, Ұлы Отан соғысы мен соғыс кезіндегі мобилизация, эвакуация, соғыстан кейінгі демобилизация мен реэвакуация, шаруашылықты қалпына келтіру мен репатриация, тың және тыңайған жерлерді игеру мен елдің индустриалдық дамуын жеделдету және т.б. шаралары Қазақстан аумағын түгел қамтыды және халық құрамын терең өзгерістерге ұшыратты. Яғни, республиканың демографиялық дамуына әсер еткен сырткы факторлар барлық аймақтарға ортақ болып, халық саны динамикасына ерекше әсер етті. Бұл жылдары тұрғындар санының өсу қарқыны жөнінен Қазақстан КСРО-да тұрақты 1-орында болды (одақтық көрсеткіштен 7 есе артық). Қазақстан халқы 1939 жылғы 6394 мың адамнан 1959 жылы 9295 мың адамға көтеріліп, 2901 мың адамға (145,4%-ға) өскен.

1939-1959 жылдары республика тұрғындары жергілікті емес, сырттан келгендер есебінен өсті. 20 жыл ішінде қазақтардың саны 459,2 мың адамға (19,7%) ғана көбейсе, орыстар — 1336 мыңға (50,7%), украиндар — 84,2 мыңға (12,5%), татарлар — 85 мыңға (79%), өзбектер — 33 мыңға (32%), белорустар — 76 мыңға (3,4 есе), ұйғырлар — 24,4 мыңға (69%), басқа ұлттар — 311 мыңға (2,6 есе) өсті. 1939 жылы республикадағы неміс ұлты өкілдері 92 мың адам болса, 1959 жылы 660 мыңға жетті (7 есе көбейген). Осы мерзім ішінде әзірбайжандар 12 мыңнан 38 мыңға өсті, ал, Қиыр Шығыстағы еліне қайтуына байланысты корейлер 22 мыңға кеміп, бұрынғы санының 77%-ын құрады.

Республикада 1959 жылы 9294741 адам тұрды. Негізгі ірі этностардың арақатынасы төмендегідей болды: қазақтар — 2787 мың (29,8%), орыстар — 3942 мың (42,7%), украиндар -761 мың (8,2%) немістер — 660 мың (7,1%), татарлар — 192 мың (2,1%), өзбектер — 136 мың (1,5%), белорустар — 107 мың (1,2%), ұйғырлар — 60 мың (0,6%), корейлер — 74 мың (0,8%), әзірбайжандар — 38 мың (0,4%), тағы басқалары — 508 мың (5,5%) адам.

Халықтың республика аумағындағы орналасуы біркелкі емес, бұл бір жағынан табиғи жағдайлардың әркелкілігіне байланысты болса, екінші жағынан жекелеген аудандардың шаруашылық құрылымдары мен дамуының тарихи факторларына байланысты. 1939 жылы 1 шаршы км. жердегі халықтың тығыздығы 2,2 адамнан келсе, 1959 жылы 3,4 адамнан келіген (1,5 есе өскен). Екі санақ мәліметі бойынша, Қазақстан халқы ең тығыз орналасқан Солтүстік Қазақстан (1939 жылы — 8,2; 1959 жылы — 11,1), Шығыс Қазақстан (жылдарғаі сәйкес, 4,5; 6,1) және Оңтүстік Қазақстан (4,5; 6,1); облыстары болды. Осы жылдары Қарағанды облысындағы 1 шаршы км жердегі тығыздық 1,0 адамнан 2,6 адамға ғана көбейсе, Қызылорда облысыңда 1,5 адамнан 1,4 адамға түскен. Халықтың орналасу тығыздығы жағынан сирек қоныстанған республикада Жезқазған (0,9; 1,4) және Маңғыстау (0,2; 0,2) облыстары болды [47]. Халықтын елді мекеңдердегі орналасуы да біркелкі болмаған және ол тарихи-табиғи жағдайларға байланысты болды. 1959 жылғы санақ бойынша, республикада 3445 елді мекендерде 5 адамнан ғана тұрса, 6234-іңде 10 адамға дейін тұрған, ал, 50 адамға дейін түрған елді мекендер саны 20289 болды (барлық елді мекендердің үштен екісі).

Қазақстан халқының ұлттық құрамыңдағы өзгерістерді, этностардың аймақтардың даму ерекшеліктері мен динамикасын 1939-1959 жылдар санақтары негізінде бес аймаққа бөліп қарастырамыз. 1939 жылы Қазақстан бойынша адамы ең аз Орталық аймақты (431 мың адам) Оңтүстік аймаққа (2424 мың адам) қарағаңда халық 5,6 есе аз қоныстанды. Екі санақ аралығыңда халық санының өсуі Батыс Қазақстаңда (6,7%) төмен болды. 20 жылда аймақ халқы 67 мыңға, соның ішіңде қазақтар — 1,9 мыңға, орыстар — 37 мыңға, немістер — 26 мыңға өскен. Батыс Қазақстандағы халықтың өсімі бүкіл республикалық өсімнің 2,3%-ын ғана құрады. Аймақтың өз ішіндегі халық өсімін талдасақ, онда қазақтардың өсімі (2,8%) аймақ қарқынымен деңгейлес, төмен болғандығын, орыстар (55%), немістер (38,8%) мен татарлардың (7,4%) өсімі анағұрлым жоғары болғанын көреміз.

1959 жылы Орталық Қазақстандағы тұрғындардың саны (1022 мың) Батыс аймаққа қарағаңда (1070 мың) төмен болғанымен, халық санының өсуі бойынша республикада жоғары қарқынды көрсетті. Соғыс кезінде Орталық Қазақстанға көшіп-қонушылар саны 1930-жылдармен салыстырғанда 2 есе көп бодды. Ерекше, 1941 жылдың өзінде-ақ мұнда 51239 адам келді. Көші-қондағы оң айырымның (35539 адам) арқасында аймақ халқы 1940 жылмен салыстырғаңда 1941 жылы 12,1%- ға өссе (республикадағы тұрғындар саны бұл жылдары, тиісінше, 5,3% және 11%-ға өскен). 1941-1945 жылдар аралығында аймаққа 150213 адам келген. Олардың 131298 адамы қалаларға (барлық көшіп-қонушылардың 87,4%-ы), 18415 адам (12,6%) ауылдық жерлерге қоныстанды. [48].

Бұдан кейінгі жылдары да көшіп келушілер легі толасталған жоқ. 1940-1959 жылдар аралығында Орталық Қазақстанға 682084 адам келсе, 333301 адам кетіп, 345813 адамға өсім болды. 1946-1950 жылдары Орталық Қазақстаңдағы көшіп-қонушылар өсімі 166756 адамдық оң айырым құрады. Олар негізінен калаларға қоныстанды. Аймақтағы қала халқының үлесі 78%-ға көтерілді. Аймақ республикадағы ең урбанизацияланған өлке болды.

1939-1959 жылдар санақтарын салыстыру Қазақстандағы жоғарғы өсімнің Орталық аймақта болғанын көрсетеді. 1959 жылы Орталық Қазақстан халық санының мөлшері бойынша республикада соңғы орыңда болғанымен, 20 жылдағы өсу қаркыны жөнінен республикадағы ең жоғары көрсеткішке (237%) ие болды. Осы кезде индустрияландыру қарқынды жүргізілген, тұтастай «қылмысты» халықтардың лагеріне айналған Орталық Қазақстан халқы 591 мың адамға немесе 237%-ға көбейді. 1939 жылы мұнда еліміздегі барлық тұрғындардың 6,7% тұрса, 1959 жылы 11%-ы мекендеп, үлесі 4,3 пунктке өсті. Орталық Қазақстанға аймақтың индустриясы жоғары қарқынмен дамыту талабына сәйкес еліміздің түпкір-түпкірінен келген адамдардың үлкен топтары шоғырланды. Әсіресе, Қарағанды және Жезқазған облысыңдағы халық саны 2,4 еседей өсті. Аймақтағы қазақтар саны 59 мыңға (43,3%) ғана көтерілгенде, орыстар — 283 мыңға (2,4 есе), немістер — 96 мыңға (7,4 есе), татарлар -19,6 мың адамға (4,3 есе), белорустар — 4,3 есе, украиңдар — 56 мыңға (2,3 есе) өсті. Тұрғылықты халықтың өсу қарқыны республикалық көрсеткіштен 2,2 есе көп болғанымен, аймақ халқының 19,1%-ы ғана болып (1939 жылы 32,6% болатын), өсу қарқыны бойынша да аймақта ең төменгі деңгейді көрсетті. Аймақтағы өсімнің 10%-ын қазақтар, 51,3%-ын орыстар, 9,5%-ын украиндар мен немістер, 6,0%-ын белорустар мен татарлар берді.

Шығыс Қазақстанның 1939 жылғы 917 мың халқы 20 жылда 338 мың адамға немесе 36,8%-ға өсіп, 1959 жылы 1255 мың адам болды. 1939 жылы республика халқының 14,3% Шығыс өлкені мекендесе, 1959 жылы мұндағы тұрғындар Қазақстан халқының 13,5%-ын құрап, үлесі 0,8 пунктке төмендеді. Аймақ республика халқының жалпы өсімінің 11,7%-ын берді. Соның ішінде, ең көп үлес орыстарға (59,2%), қазақтарға (21,6%), және немістерге (17,0%), тиесілі болды. Механикалық өсім табиғи өсімнен жоғары. Ең көп өскен (8,2 есе) немістер. Ал,
украиндар 37,5%-ға кеміді, алайда, бұл 36,8%-ға өсім берген аймақ тұрғындардың жалпы динамикасында сезілмеді. Этностар ішіңде қазақтардың өсу қарқыны төмен болды: 20 жыл ішінде 73 мыңға өсіп (аймақ халқы өсімінің 21,6%-ы), үлесі 27,6%-дан 25,9%-ға төмендеп, 1,7 пунктке түсті. Шығыс Қазақстан тұрғындарының құрамындағы негізгі көпшілік — орыстардың жоғарғы үлесі 60,6%-дан 60,2%-ға түскенімен, саны 200 мыңға өсіп, аймақ халқы өсімінің 59,2%-ын берді. Ауыл қазақтары азшылық топқа айналып, орыс тілді ортада шашырап қалды.

Қарастырылып отырған мерзім ішінде Қазақстан бойынша халқы анагұрлым көп өскен солтүстіктегі облыстар болды. Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны 1939 жылғы 1619 мыңнан 1959 жылы 2749 мыңға көтеріліп, 1130 мың адам 169,8%-ға өсті. Бұл аймақта 1939 жылы Қазақстан халқының 25,3% тұрса, 1959 жылы бұл көрсеткіш 4,3 пунктке өсті. Мұнда елдегі барлық адамдардың 29,6%-ы мекендеді. Салыстырар болсақ, республика бойынша халқы көп деп есептелінетін Оңтүстікті 1939 жылы 2424 мың, 1959 жылы 3199 мың адам, республика халқының жылдарға сәйкес, тиісінше, 38% мен 34,4%-ы мекендегенімен, үлесі 3,6 пунктке түскен. Ал, солтүстік облыстардағы механикалық өсімнің республикалық көрсеткіштегі үлесі 1952 жылы 2,3%, 1953 жылы 4,0% болса, 1954 жылдан бастап 31%, 1955 жылы 47%, 1951 жылы 49,9% болды. 1954-1955 жылдары тың жерлер игерілген аудандардағы халық өсімінің 61%-ы республика аралық көші-қон арқасында жүзеге асырылды. Осы жылдары Солтүстік Қазақстандағы 1 шаршы км жердегі халықтың тығыздығы 3,З-ден 6,8 адамға көтерілді. 1954 жылы мұндағы тұрғындар саны 104 мыңға, 1955 жылы 173 мыңға, немесе, 67%-ға есті. Осы жылдардағы тың өңіріндегі механикалық өсім 140,1 мың адамдық оң айырымды көрсетті. Солтүстік Қазақстан аймағы тың игерген жылдары 1939-1959 жылдар арасындағы бүкіл Қазақстандағы халық өсімінің ең жоғарғы деңгейін (39%) керсетті. Ал, өсу қарқынының ең төменгі деңгейі Оңтүстік аймақта байқалды: ол республикалық деңгейден 13,4%-ға, Орталық аймақтан 105%-ға, Солтүстік Қазақстаннан 37,8%-ға кем көрсеткішпен өсті. Екі санақ аралығында оңтүстіктегі тұрғындар саны 775 мыңға (32%-ға) өскенімен, республика халкының құрамындағы үлесі 3,6 пунктке түсті. Соған қарамастан, оңтүстік аймақ республика халқының 20 жылдағы өсімінен 27%-ын берді. Ал, Батыс Қазақстанда 20 жылда халық 6,3%-ға (67 мың адамға) ғана есті, бұл республикалық көрсеткіштен 8,3 есе, Орталық Қазақстандық көрсеткіштен 20,7 есе кем. Дегенмен, Батыста Орталық Қазақстаннан 48 мың адам артық халық тұрды.

1939-1945 жылдар аралығында Қазақстанның Батысы мен Оңтүстігіңдегі тұрғындар санының өсу қарқынының басқа аймақтарға қарағаңда төмен болып, халықтың елеусіз түрде өсу себептерінің бірі сыртқы көші-қон процестерінің бұл аймақты терең қамтымағандығына, екінші соғыс аяқталғаннан кейінгі (1945-1946 жылдары) алғашқы кездегі демографиялық көрсеткіштерге байланысты болды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының басқа облыстарға қарағандағы соғыс майдандарында адамы көп өлді (94049 адам). Оған соғыс жылдарындағы тылдағы өлім-жітімді ескере отырып, туу керсеткіші мен туу мүмкіндігінің төмендеуін қоссақ, онда облыс халқының тек табиғи өсім негізінде ғана мардымсыз өскенін анықтаймыз. Батыс Қазақстан халқының соғыска дейінгі саны және т.б. демографиялык көрсеткіштері 1959 жылы ғана қалпына келтірілді.

Соғыстың «демографиялық жаңғырығы»: жастық-жыныстық құрылымындағы, ауру мен уақытынан бұрын өлу, туу процестеріндегі диспропорция 1970 жылдардың аяғына дейін сезілді. Батыс аймақта халық 20 жылда 67 мың адамға, соның ішінде қазақтар 1,9 мын адамға (0,3%-ке) өсті (есімнің 2,8%). Жоғары өсімді көрсеткен орыстар (37 мың адамға, немесе, 22,3%-ға көтеріліп, өсімнің 55,2%-ын керсетті) мен немістер (26 мың адамға немесе, 15,6%-ға өсіп, халық өсімінің 38,8%-ын берді) болды. Саны да үлестік мөлшері де кеміген (4 мың адамға немесе 4%-ға) ұлт украиңдар болды.

Республика бойынша Оңтүстік Қазақстаңда ғана қазақтардың өсу қарқыны басқа аймақтарға қарағанда жоғары болып, халық жергілікті тұрғыңдардың табиғи өсімі есебінен толықтырылды. Аймақ халқының жалпы саны 13,7%-ға өскенде, қазақтар саны 23%-ға өсіп, өсімнің 86%-ын берді. Үлесі де (41,9%), саны да (1156 мың адам) басқа аймақтардан жоғары болды.

1939-1959 жылдар арасында көші-қон процесінде Солтүстік аймақта 24%, Оңтүстікте 15,6%, Орталықта 16,2%-дық оң айырым басым болса, Шығыс (-11,6%) пен Батыс (-26%), керісінше, ауылдық жерлерден тұрғындардың көптеп кетуіне байланысты теріс айырым көрсетті.

1960-1964 жылдары Қазақстанға көшіп келушілер болды, алайда, осы жылдардан бастап, халықтың өсу қарқыны да, оған көші-қонның әсері де төмендей берді. 1959-1970 жылдары 40%, 1970-1979 жылдары 12,9%, 1979-1989 жылдары 12,1% -дық ғана өсім байқалды. ғана өсім байқалды. КСРО ыдырап, тәуелсіз республикаларға бөлінгеннен соң, басқа ұлт өкілдерінің өздерінің тарихи отандарына қайтуы халық санының күрт кемуіне әкелді.

1939-1959 жылдардағы Қазақстан халқының дамуындағы ерекшелік – ауыл халқының үлес салмағы кему, ал қала халқынікі өсу үрдісінде болды. Республика халқы 1939-1941 жылдары 344 мың адамға өссе, 1941-1946 жылдары 491,2 мың адамға кеміген. Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО-ның батыс бөлігіндегі халықтың бір тобының өнеркәсіп орындарының контингенттерімен бірге Қазақстанға эвакуациялануы да майданға мобилизациялау негізінде кеміген адам санын толтыра алмады. 1946 жылдан соң халық өсу үрдісін бастады. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанның еңбек ресурсы тез қарқынмен толықтырылып отырды. Өндіріс орыңдарын эвакуациялау, жаулап алынған жерлерден адамдардың ағылып Қазақстан халқының құрамына өзіндік ықпал жасады. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңін қосқандағы 10 жыл ішінде (1941-1951 жылдар) тұрғындардың саны қалада 695 мыңға өссе, ауылда 307 мың адамға кеміген.

Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру кезінде ғана (1954-1956 жылдар) Қазақстанның ауыл тұрғындарының өсу қарқыны қала тұрғындарына қарағанда артық болды: қалалықтар саны 740 мыңға өссе, ауыл халқы 937 мыңға өскен екен. Республика халқының саны 1951-1954 жылдары орта есеппен жылына 246,7 мың адамға (3 жылда 740 мыңға) өскен болса, тың жерлерді игерген жылдары орташа жылдық өсім 467,5 мың адам болып, 2 жылда 935 мың адамға өскен. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны кезінде Қазақстанға млн. адам келгені белгілі, сонымен бірге, 1955жалдын бастап ҚХР-нан 250 мыңдай «кеңес азаматтары» деп аталатын қоныстанушылардың келгендігі де бар.

Соғыс жылдарындағы жаппай әскери мобилизация, табиғи өсімнің төмендеуі, ауылдан қалаға көшу т.б. себептердің нәтижесінде ауыл тұрғындарының саны төмендегенімен, қала халқы өсу үстінде болды.

1940 жылдың 1 қаңтары мен 1946 жылдың 1 қаңтары аралығында республика халқы 214,2 мың адамға кеміді, соның ішінде қалалықтар 348,1 мың адамға өссе, ауыл тұрғындарының саны 4315 мыңнан 3752,7 мыңға түсіп, 562,3 мың адамға кеміген. Бұл өзгерістердің себебі, әрине, Ұлы Отан соғысына байланысты, сонымен бірге республика көлемінде жүргізілген әкімшілік-аумақтық өзгерістер де өз әсерін тигізбей қоймады. Ірі ауылдар қала типтес поселкелер құрамына айналған сәтте, олар ауыл халқы есебінен қала халқы құрамына өте салатын. 1940-1946 жылдары 4 қала мен 46 жұмысшы және қала типтес поселкелер пайда болған екен. Яғни, бұл елді пункттердің тұрғындары қалалықтар құрамында есептелінді деуге болады.

1939-1959 жылдар аралығында республика халқының саны 3213 мыңға (қала халқының саны 2378 мыңға, ауыл халкы 836 мыңға) өсті. Ауыл халқы 1939 жылдың деңгейіне (4392 мың адам) 1953 жылы ғана жетті (1954 жылдың 1 қантары есебінде ауылдарда 4445,1 мың адам тұрды. Яғни, ауыл халқы 1954 жылдан кейін ғана өсе бастады. Әсіресе, 1939-1944 жылдары аралығында Қазақстандағы ауыл халқының саны 842,5 мың адамға кеміді. Қала халқының саны 668,4 мыңға өсті, нәтижесінде республика халқы 175 мыңға кеміген. Қала халқы 1951-1954 жылдар аралығында 305 мыңға (жылына 152,5 мыңға) өскен; ауыл халқының өсу қарқыны төмендегідей: 1951-1954 жылдары 220,4 мыңға (жылына 55,1 мыңға), 1955-1956 жылдары 630 мыңға (жылына 315 мыңға) өсті. Тың игеру жылдары да қала, ерекше ауыл тұрғындарының саны көтерілді. Бұдан кейінгі жылдары ауыл халқының өсу қарқыны төмендей бастады: 1959-1970 жылдар аралығында 1536 мың адамға ғана өсті (жылдың орташа көрсеткіші 76,8 мың адам, тың игеру кезіндегі көрсеткіштен 4,1 есе кем).

Қазақстан қалаларының халқы негізінен көшіп-қону арқасында өсті. Мысалы: 1928-1932 жылдары қалаларға 197379 адам, 1933-1937 жылдары 192199 адам келді. Кеткендерге қарағанда келгендер басым болып, көші-қон процесі оң айырымды көрсетті: 1928-1937 жылдары Қазақстан қалаларын сырттан келген 549 мың көшіп-қонушы тұрақты мекен етсе, 1938-1939 жылдары тағы да 402 мың адам тұрақтап қалды. 1940 жылы Қазақстан қалаларындағы механикалық өсім 1470 мың 1941 жылы 186,6 мың, 1942 жылы 112 мың адам болса, 1943 жылы — 78,7 мыңға, 1944 жылы — 59,4 мыңға, 1945 жылы — 44,4 мыңға кеміп, 1946 жылдан бастап қайтадан өсіл отырды: 1946 жылы — 163 мың, 1947 жылы — 179,3 мың, 1948 жылы — 45,4 мың, 1949 жылы — 57,3 мың, 1950 жылы -102 мың, 1951 жылы — 55,7 мың, 1952 жылы — 44,4 мың, 1р53 жылы — 72,3 мың, 1954 жылы — 53,5 мың, 1955 жылы — 101,6 мың, 1956 жылы — 77,1 мың, 1957 жылы — 131,9 мың, 1958 жылы — 152,7 мың, 1959 жылы — 191,5 мың адам қосылды. Сонда, 1940-1959 жылдар аралығында көші-қон көрсеткіші өсу үстінде болып, тек, 1944 жылы ғана қаладан 59,4 мың адамның кеткендігі көрінеді. Қала халқы санының 1940-1958 жылдары механикалық өсім негізінде артуын төмендегі көрсеткіштерден көруге болады [49].

Тың науқаны басталғанға дейінгі механикалық қозғалысқа тоқталсақ, 1940-жылдардың аяғы — 1950-жылдардың басында өнеркәсібі анағұрлым дамыған Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Атырау, сонымен бірге, Ақтөбе, Павлодар, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өнеркәсіпті қалалар мен жұмысшы поселкелерінде, өнеркәсіп өндірісі мен құрылыс ісінің жүргізілуіне байланысты механикалық өсім жоғары болып, халық санының өсуіне әкелді. Мысалы: Павлодар облысы Екібастұз поселкесінде 1950 жылы жаңадан ашылған көмір өндірілетін шахталардың құрылысына дайындыққа байланысты бұл жерлердегі механикалық өсім 55,7%-ға тең болды. Ал, солтүстік облыстардың қала және жұмысшы поселкелерінің көпшілігінің халқы осы жылдары табиғи өсім есебінен өсіп, кері көші-қон есебінен кемуде болды. Мысалы: Көкшетау қаласының тұрғындары 2,0%-ға, Щучинск — 1,1%-ға; -Қостанай — 1,0%-ға; Жетіғара — 3,2%-ға; Петропавловск — 0,4%-ға, Степняк — 0,4%-ға; Атбасар — 3,9%-ға; Қарқаралы — 4,5%-ға кеміді. Бұл кездегі халықтың солтүстік облыстардан кетудің басты себебі жергілікті жерлердегі өнеркәсіп орындарының адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмауы мен бірнеше жылдардан бергі егіннің шықпауына байланысты болды. 1949 жылдың 1 жартысындағы кеткендер талонын зерттегенде солтүстік: Ақмола, Көкшетау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының қалалық поселкелерінен кеткендердің 27%-ы Қарағанды облысы мен РКФСР-дың Новосибирск, Челябинск, Омбы, Чкаловск, Свердловск облыстары мен Башқұрт АКСР-не кеткендігі анықталды.

Көптеген жылдар бойьша демографиялык даму көрсеткішіне тек оның жалпы санындағы өзгерістер алынатын. Әрине, зерттеудегі мұндай әдіс демографиялық ахуалды толық аша алмады. Халық санындағы өзгерістер табиғи қозғалыс пен көші-қондағы ерекшеліктерге байланысты деп атап кеттік. Ал, халықтың табиғи өсімі мен көші-қон қозғалысын нақтылау үшін оның жастық-жыныстық құрылымындағы өзгерістеріне тоқталу керек. Халықтың жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты өзгерістерін басқа да демографиялық белгілерімен байланыстыра отырып зерттеу — халықтанудың сапалық тұсы — халықтың жастық-жыныстық құрылымына сәйкес еңбекке қабілеттілерінің шаруашылық пен демографиялық дамудағы болашақ мүмкіндігін керуге мүмкіндік береді.

Қала мен ауылдың жас мөлшеріне негізделген құрылымының өзіндік өзгешеліктері бар. Ауылдарға балалар мен қарт кісілердің көп болып, еңбек жасыңдағы адамдардың қалаларға қарағанда аз болуы тән. Бұған ауылдық жерлердегі бала туу керсеткіштерінің қалалы жерлерге қарағанда жоғары болуы мүмкіндік береді. Ал, еңбек жасындағы жастардың қалаларға көші-қоны қалалық жерлердегі еңбек жасындағылардың ауылға қарағанда көп болуына әкеледі. 1950-жылдары Қазақстан қалаларына келген барлық көшіп-қонушылардың 37,7%-ы 20-24 (22,5%) және 25—29 (15,2%) жастағылар болды. Бір бөлігі 16 жасқа дейінгі балалар, олар келушілердің 13,1%. Көшіп-қонушылар арасындағы қарт кісілердің саны аз. 50-54 жастағылар үлесі — 2,8%, 55-59 жастағылар 2,3% болды. Керісінше, Қазақстан қалаларынан кетушілердің басым көпшілігін қарт кісілер құрады. Келген адамдардың ішінде ер адамдар басым, ал, кетушілер ішінде әйел адамдар басым болды. Әрине, кешіп-қонушылардың жастық-жыныстық құрылымы әрдайым өзгеріп, көші-қон ағымдарыңда тербелістер болып тұрды, алай-да, 1951-1959 жылдар көші-қон процестеріңдегі қозғалыс бағытының негізгі себептері мен сапалык құрылым өзгерістерінің негізгі үрдістері сақталды.

Этностардың қалаларға тұрақтану қарқынына назар аударайық. Қазақстанда қала халқының үлесі 1926 жылы 8,3% болса, 1939 жылы 28,5%, 1959 жылы 43,8%-ға көтеріліп, 1939 жылмен салыстырғандағы 1959 жылы 15,3 пунктке өскен [50].

Этностардың ішінде жоғары қарқынмен урбанизацияланған орыстардың (15,3%-ға), украиндардың (17,6%-ға) және немістердің (16,0%-ға) қала тұрғындары құрамындағы үлестері көтерілген. Қалған этностардың қалаларға орналасу қарқыны төмен болды: қазақтар 7,9 пунктке ғана өсті, өзбектер мен ұйғырлар да қалаларға аз қоныстанды. Қала халқының құрамындағы корейлердің саны ерекше жылдам қарқынмен өсті: 20 жылда олардың саны 24,6%-ға көтерілді. 1939 жылы қазақтардың қалаларға орналасу қарқынынан орыстардыкі 2,7 есе, 1959 хылы 2,4 есе артық болды. Орыс, украин, белорус, татар, корейліктер қалалық этностар қатарына жатса, қазақ, неміс, өзбек, әзірбайжандар ауылдық тобын құрады.

1939-1959 жылдардағы көшіп-қонушылардың ағымы этникалық тұрғыдан алғанда халықтың орналасу географиясына мәнді өзгеріс әкелген жоқ. Қазақтардың ауылдық топ ретінде орналасуының этникалық жинақы жүйесі сақталынды. Украин, ішінара неміс халқының ғана этникалық орналасу жиынтығына кішігірім өзгеріс енді. Солтүстік және Орталық Қазақстанның қазақтарында бірқатар өзгерістер болды: қазақтар тың игеруге дейін көпшілік ұлт болғанымен, тың нәгижесінде азшылық топқа, тіпті орыс тілдес ортаға сіңіп, дисперлі топқа айналды. Мұндай жағдай кейінгі жылдары да сақталды.

1960-жылдардан бастап Қазақстан қалаларындағы көші-қон процесі баяулай бастады. Егер, 1961-1965 жылдары көшіп-қонушылар есебінен қала халқы 477 мың адамға өссе, кейінгі жылдары ауылдан қалаға көшіп-қону өскенімен, қалаға тұрақтану төмендей берді. Мысалы, 1965 жылы қалаларға 99,1 мың адам, 1966 жылы — 94,5 мың, 1967 жылы — 84,7 мың, 1968 жылы — 97 мың адам тұрақтанды [51].

Қала халқының қалыптасуының қайнар көздерін зерттей отырып, мынадай қорытындыларға келдік:

1939-1959 жылдар аралығында қала халқының өсу қарқыны ғана емес, сонымен бірге негізгі қайнар көздерінің көлемі өскен. Қала халқының қатарын толықтырушы факторлардың қатарына табиғи өсім мен көші-қон, соның ішіңде ауыл тұрғындарының, ерекше еңбек жасындағы жастардың қалаға көші-қоны, басқа республикалардан, елдерден көшіп келушілердің қалаларға қоныс тебу және әкімшілік-аумақтық өзгерістер жатады.

Қазақстан қалаларға көшіп-келушілердің ағыны өнеркәсіп поселкелер мен руда қазылатын, шахтерлық, металлургиялық қалаларға, аудан орталықтарына, ірі темір жол торабына, ауыл шаруашылық шикізаттарын өндеуші қалаларға ағылды. Қалалар халық шаруашылығын түбегейлі қайта құруда ерекше орында болды.

Ауыл тұрғындары жұмысшылар мен ұжымшаршылар және ірі топ — интеллигенция өкілдерінен тұрды. Мұнда жұмысшылардың аграрлы тобы еңбек етті, ал интеллигенция өкілдері қалаға қарағанда шағын болды. Ауыл жұмысшылары кеңшарлар мен өнеркәсіп жұмысшылары (өнеркәсіп кәсіп орындары, транспорт, қызмет ету саласында еңбек ететіндер құрылысшылар) деген екі бөлікке бөлінді.

Айта кететін жайт, ауыл жұмысшылары мен ұжымшаршылар арасында материалдық және тұрмыстық жағдайларына сәйкес ұқсастық көп, алайда таптық негізгі анықтаушы белгісі — өңдіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік түрі — оларды жұмысшылар қатарына жатқызуға негіз болды. Әлсіз ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру нәтижесінде кешегі ұжымшаршылардың жұмысшылар қатарына жатқызылуы — екі түр арасындағы өзгешеліктерді жоққа шығара алмайды. Себебі, кешегі ұжымшаршы жұмысшы қатарына қосылғанымен, ол өзінің санасы, біліктілігі т.б. ерекшеліктерімен бұрынғы ұжымшаршы болып қала берді. Яғни, оның жұмысшы табына жатқызылуы тек заң түрінде ғана. Мысалы, ІПымкент облысының қаракөл қойын өсіретін «Күйік» ұжымшарының малшысы ұжымшар кеңшарға айналған соң бірден жұмысшы болып саналтанымен, іс жүзінде сол қаракөл малын бағатын малшы болып қала берді.

Ауыл халқының әлеуметтік құрылымындағы басты тап ұжымшаршы шаруалар болып табылды. Қарастырылып отырған кезеңде шаруалардың әлеуметтік бейнесі, оның жалпы білім мен мәдени-техникалық дәрежесі, тұрмыс жағдайы, рухани сұранысы, психологиясы өзгерді. 1954-1964 жыддар аралығында Қазақстанда ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру жолымен 616 кеңшар пайда болды. Кешегі ұжымшаршылардың жұмысшы деген атқа сай келуі үшін көптеген жұмыстар атқарылуы керек еді.

1950 жыл бойына ауыл халқының саны 23,3 мың адамға көбейді, алайда табиғи өсім 104,6 мың адам болғандығын ескерсек, оңда ауыл халқы, керісінше, 81,3 мың адамға кеміген. (Оның 14,4 мыңы әкімшілік-аумақтық өзгерістер негізінде, 66,9 мыңы көші-қон есебінен). Қала халқының саны, керісінше, 48 мың ауыл адамының есебінен өсті, ал 20 мыңнан аса адам республикадан тысқары жерге кетті. 1950 жыл Онтүстік Қазақстан облысына Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Талдықорған және т.б. облыстардан 10,9 мың адам. Киров каналы құрылысының Жетісай тармағындағы құрғақ даланы суландыру, Мырзашөлді игеру мақсатына қоныстандырылды. Олардың ішінде Орал облысындағы Жаңақала, Орда және Атырау облысындағы Теңіз, Қызылқоға аудандарынан, барлығы Қазақстан аумағынан Капустин Яр полигонына тартып алынған 2 миллион гектар жердің тұрғындары да болды.

Жетісай массивінде 17 ұжымшарда 4200-дей отбасының 8400 адамы еңбек етті. Киров каналының Жетісай тармағының құрылысына келген энтузиастардың тұрмыстық жағдайы өте төмен болды. 1953 жылғы мәлімет бойынша көшіп келген 4200 отбасының 2700-сі (64%) — жеркепелерде, шалаштарда тұрды, тек 1500 ғана үйлерде (оның 791 салынып бітпеген) тұрды. 1953 жылдың ақпан айына дейін Жетісай ауруханасы жеркепеде орналасқан екен.

Көші-қон есебінен ауыл халқының санының кему үрдісі 1952 жылдан бастап ерекше қарқын алды. 1951 жылы Қазақстанның ауыл халқы көші-қон есебінен 19,3 мың адамға азайса 1952 жылы 134,4 мыңға кеміген екен (1951 жылғы кему денгейінен 7 есе көп). Бұл жерде ұжымшарларды ірілеңдіру мен кейбір елді пункттердің бір ауданнан екінші ауданға беріле салуының да әсерлері бар. Қазақстанның сегіз облысында ауыл халқы 1,2%—3,9% аралығында: соның ішінде Ақмола облысында — 3,5%-ға; Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында — 3,9%-ға; Батыс Қазақстанда — 2,6%-ға, сондай-ақ, Көкшетау (1,2%),- Павлодар (2,0%), Семей (2,4%) және Талдықорған (1,3%) облыстарында кеміді. 204 аудан мен қарамағыңда ауылдық кеңестері бар қалалық кеңестердің тек 27-сінде ғана тұрғындар саны көшіп-қонушылар есебінен өссе, 61 ауданда табиғи өсім кеткендердің орнын толтырды. Ал, 116 ауданда кеткен халықтың көп болғандығы соншалықты, табиғи өсім олардың орнын толтыра алмады.

1950-жылдары механикалық қозғалыс есебінен халқы көбейген аудандардың қатарына: а)геологиялық барлау жұмыстары жүргізілген аумақтар: Қарағанды облысының Қарқаралы, Шет, Павлодар облысының Баянауыл, Алматы облысының Жамбыл; ө)теміржол құрылысы жүріп жатқан магистральдар бойындағы: Ақмола облысының Шортанды, Павлодар облысының Каганович, Куйбышев; б)отарлы мал шарушылығымен айналысатын: Семей облысының Шұбартау; в) Бұхтарма ГЭС-нің құрылысы жүріп жатқан жерге жақын аудандары жатады.

Ал, тұрғындарының толығу көзі табиғи өсім болып табылған, негізі ұжымшаршылардан құралатын республикадағы 59 ауданның халқы 0,1% бен 12,6% аралығында кеміді. 1953 жылы халқы көп азайған (12,6%) Оңтүстік Қазақстан облысы болды (Мақтаарал, Киров аудандарындағы суландыру жүйесін іске қосу жұмысына 1953 жылы сырттан келген 8206 адам қатынасқанымен, сол жылы 12 мың арнайы қоныстанушылар — көбісі грузиндер — рұқсат арқылы өз елдеріне кайтты. Облыс халқы санының кемуінің басты себебі осында).

1953 жылдың республикадағы халық санының динамикасындағы негізгі ерекшелігі осы жылы халық өсімін 12 жылға тежеген соғыс шығыны қалпына келтірілді, демографиялық тоқыр кезеңі аяқталды. 1954 жылы 1 қаңтарда ауылда тұратындардың саны 1953 жылдың 1 қаңтармен салыстырғанда 92,2 мың адамға (2,3%) өсті: табиғи өсім мен әкімшілік-аумақтық өзгерістер есебінен қосылған 114,6 мың адамға қалалардан ауылға көшкен 4,5 мың адамды қосып, одан ауылдардан көшіп кеткен 26,9 мың адамды алып тастасақ, 92,2 мыңдық адам өсімі шығады. Бұл жылы ауыл халқы көші-қон арқасында ірі өнеркәсіп орындары мен рудниктер орналасқан төрт: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында; ірі кеңшарлары бар, геологиялық барлау жұмыстары жүріп жатқан (Қостанай облысының Аманкелді, Қарасу аудандары, Қарағанды облысының Нұра ауданы); қайта салынған темір жол магистралі өтетін; ірі қалалар жанындағы республикадағы 202 ауданның 58-інде көбейді. Сонымен бірге, 1953 жылы Қарағаңды облысының ауылдарына 1953 жылдың 27-ші наурыз үкімі бойынша амнистияға түскен, бірақ, қалалық жерлерде тұруға рұқсат берілмеген кешегі тұтқындар (3221 адам) келіп қоныстанды.

1954 жылы ауыл халқы 235,5 мың адамға (5,7%-ға), соның ішінде, 120,1 мыңы табиғи қозғалыс, 118,3 мыңы көші-қон есебінен өсіп, әкімшілік-аумақтық өзгерістер есебінен 2,9 мын, адамға кеміді. 1954-1955 жылдардағы халықтың өсуін 2 шартты ауданға бөліп қарастырсақ, тың жерлерін игерген облыстардағы өсімге механикалық қозғалыстың әсері ерекше көрінеді. Тың облыстарындағы жалпы өсім 1954 жылы 195070 адамға, немесе, 10,4%-ға (табиги жолмен 54633 адамға, көші-қон есебінен 140137 адамға, әкімшілік-аумақтық өзгерістерге байланысты 300 адамға) тең болғанда, басқа облыстардың халқы 40446 адамға, немесе, 2,2%-ға, соның ішінде табиғи жолмен 21854 адамға, әкімшілік-аумақтық өзгерістер есебінен 3160 адамға өсім байқалды. Тың жерлері игерілген облыстардағы жалпы өсім басқа облыстарға қарағанда 5 есе артық болды. Бұл жерлердегі өсімнің 61%-ы басқа республикалардан келгендердің көші-қоны арқасында жүзеге асырылды. Көшіп-қонушылардың негізі Украина, РКФСР, Белоруссия, Молдавиядан келушілер болды. Тың жерлерді игеру нетижесіндеСолтүстік Қазақстандағы 1 шаршы километр жердегі халыктың орналасу тығыздығы 3,3-ден 6,8 адамға көтерілді, ал облыстардағы халық саны механикалық өсім негізінде 10,4%-ға өзге өңірлерде табиғи жолмен небәрі 2,2%-ға өскен.

Тың өңіріңдегі механикалық өсім 140,1 мың адам болды. Оның жартысына жуығы 1954 жылдың 1 қыркүйегіне дейін республикадағы 93 кеңшардың 45-сі орналасқан Ақмола мен Қостанай облысына тиесілі. 1955 жылы тың және тынайған жерлері бар Павлодар, Қостанай, Ақмола және Көкшетау облыстарында механикалық өсім жоғары болды. Бұл облыстарға көшіп-қонушылар 1954 жылмен салыстырғанда анағұрлым көп келді: 1954 жылы мұндағы халық саны 104 мыңға, 1955 жылы 73мыңға өсті, яғни, алдынғы жылға қарағанда 67%-ға көп көшіп-қонушы келді.

Облыстардың екінші тобында ауыл халқы механикалық өсім есебінен тек Алматы облысында, соның ішінде Алматы қаласына жақын орналасқан Қаскелең, Жамбыл және Еңбекшіказақ аудандарына Қазақстан аумағында еркін көшіп-қонуға рұксат алған арнайы қоныстанушылардың келіп, тұрақтануына байланысты өсті. Бұл топтағы басқа облыстардан ауыл халқы кетіп жатты. Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шаруашылығымен айналысатын Мақтаарал және Киров аудандарынан 6,2 мың адам (бұл облыстағы ауыл халқы 10,1 мың адамға кеміді), Талдықорған облысындағы күріш егетін Қаратал ауданынан 2 мың адам кеткен. Семей облысыңдағы Абралы ауданының халқы ядролық сынақтың зардабынан қашып, 1955 жылдың қаңтар айында бұл аудан жабылды. ІІІығыс Қазақстан облысы Бұхтарма ауданы ауыл халқының көпшілігі Бұхтарма ГЭС-інің құрылысы жүріп жатқан Серебрянка жұмысшы поселкесіне, Киров ауданының тұрғыңдары тұрған үй алғандығына байланысты Өскемен қаласына көшті. Сонымен, 1954 жылы республикадағы 202 ауданның 129-ында ауыл халқының үлесі 58,8%-ға төмеңдеді.

1955 жылы Қазақстанда ауыл халқы механикалық қозғалыс есебінен 297830 адамға өсті. 1954 жылмен салыстырғанда механикалық өсім 2,5 есе, табиғи өсім 1,7 есе көп. 1954 хылы бұл көрсеткіштер бірдей болатын.

1955 жылы Алматы облысының халқы Қытайдан келген «кеңес азаматтары», республиканың өзге өңірінен келген шешен, ингуштер, осында жаңадан бес кеңшардың құрылуы мен өнеркәсіп орындарының салынуына байланысты көшіп келген есебінен көбейді (Алматы қаласына жақын жерде темірбетон конструкциялау зауытының қалашығы салыңды).

Қытайдан көшіп келушілер мен жаңа кеңшарлардың құрылуы есебінен 1954 жылға дейін халқы кемуде болған Жамбыл, Семей, Талдықорған облыстарында ауыл тұрғындарының саны өсті. Мысалы Семей облысында Қытайдың 4,2 мың, Жамбыл облысына 1,5 мың адам келді. Жамбыл облысының игерілмеген жерлерінен тоғыз, Талдықорған облысынан үш кеңшар ашылды. Шығыс Қазақстан облысына да Қытайдан көшіп келушілер болды, алайда, ауылдық жерлердің (Бұлақ, Белогор және т.б.) қалалық поселкелерге айналуы ауыл халқының санын азайтты. Атырау мен Қызылорда облыстарында партия және комсомол ұйымдарының жолдамаларымен мамандардың бірқатар бөлігі жоспарлы түрде қаладан ауылға көшірілді, сондай-ақ, Қызылорда облысына да Қытайдан келгендер орналасты, бірақ ұжымшаршылардың бұл жерлерден көптеп көшіп кетулері бұл облыстардағы механикалық өсімде кері айырымның орын алуына әкелді.

Сонымен бірге, 1955 жылы 170 ауданда механикалық өсім болды, бұл 1954 жылғы көрсеткіштен (129 аудан) артық. Жалпы өсімнің пайыздық көрсеткіштеріне байланысты аудандармен қарамағыңда ауылдық кеңестері бар қалалық кеңестерді топтастырсақ, төмендегі мәлімет шығады: 12 ауданда өсім байқалмады. 198 аудандағы өсімнің 50%-дан жоғары көр-сеткіші тек 4 ауданда көрініп, 64 аудан 1-2% аралығында ғана өсім берді.

1951-1956 жыддардағы мәліметтерді салыстырсақ, республикадағы ауыл халқы санының 834,6 мың адамға өскенін байқаймыз. Жыл сайынғы есімді байқап көрелік 1951 жылы табиғи қозғалыс есебінен 117,3 мың адамға өссе, механикалық қозғалыс (14,7 мыңға) пен әкімшілік-территориялық өзгерістер (4,6 мыңға) есебінен кеміп, халықтың жалпы өсімі 98,0 мың адамға тең болған. 1952 жылы ауылдан 132,7 адам кетуіне байланысты механикалық қозғалыс есебінен 22,0 мыңдық кері айырым болды. 1951-1955 жылдары табиғи өсім өсу үрдісін көрсетсе, механикалық қозғалыс 1951-1953 жылдарында кему үрдісінде болып, 1954-1955 жылдардан бастап оң айырым көрсетті. Сонымен, 1952-1953 жылдардағы әкімшілік-аумақтық өзгерістерге байланысты өсімді есептемегенде, ауыл халқы 1939 жылдан бастап 1954 жылға дейін табиғи қозғалыс есебінен оң, механикалық қозғалыста теріс айырым көрсеткен. Әсіресе, 1952 жылы ауыл халқының кері көші-қоны ерекше болды (ауыл халқының саны 22 мыңға кеміді). 1954 жыддан бастап тың жерлерді игерушілер көшіп-қонуы есебінен ауыл халқының саны есті.

Ауыл тұрғындарының қатарына 1956 жылы 150 мың адамқосылды: табиғи өсім 157,3 мың, механикалық өсім 24,9 мың адам болып, әкімшілік-аумақтық өзгерістер есебінен ауыл тұрғындары 32,3 мың адамға кеміді. 1956 жылы табиғи өсім алдыңғы жылдарға қарағаңда жоғары болды (1954 жылы 121/ мың, 1955 жылы 142,0 мың адам болатын). Көші-қон ағымы бәсеңдей бастады: 1954 жылы — 117,2 мың, 1955 жылы 299,1 мың, ал 1956 жылы 24,9 мың адам ғана келген. Көшіп-қонушылар ағымы арнайы есепке алынып отырылды. Мысалы: мемлекеттік еңбек қоры басқармасының есебі бойынша 1956 жылы ауылдық жерлерден мектептер мен училишелерде оқу үшін 8,8 мың адам кеткен, қоныстану баскармасының есебі бойынша 1954-1956 жылдары келген қоныс аударушылардың 13,1 мыңы, өндіріс пен құрылыста жұмыс істеу мақсатында келген 4,5 мың адам ауылдардан көшіп кеткен [52]. Алайда, 1956 жылы шешендер мен ингуштардың алдымен қалаларға, сонсоң республикадан тысқары жерлерге, Қытайдан келген кеңес азаматтарының, тың жерлерді игеруге келген механизаторлардың ауылдан кетіу етек алып, ешбір есепке алынбады. 1951 жылдың 1 қантары мен 1959 жылғы санақ арасындағы Қазақстандағы ауыл халқының саны 1278,2 мың адамға өсті.

1957 жылы да халық ауылдан көшіп кетіп жатты. Механикалық өсім шешен-ингуштер мен т.б. халықтың қоныс тепкен Алматы облысында ғана байқалды. Тың облыстарына халық әлі де болса қоныстанып жатты, алайда, ауылдан кетушілер саны келушілерден асып түсті. Ақмола облысынан 3119 адам, Карағанды облысынан 8288 адам, Батыс Қазақстан облысынан 3478 адам, Ақтөбеден 4296 адам өзге жерлерге кетті.

Сонымен бірге, 1957-1958 жылдары республика аумағынан депортапияланған халықтардың жаппай қайтадан тарихи отандарына көшуі механикалық қозғалыстың теріс айырым көрсетуіне әкелді (- 0,5 мың адам немесе 0,1%).

1939-1959 жыддары тың жерлерді игерген облыстардан өзге жерлерде механикалық өсім арқасында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары мен рудниктері, ірі кеңшарлары бар, геологиялық кен байлықтарын іздеу партиялары қызмет ететін, темір жол магистраліне таяу орналасқан аудандардың (немесе елді пункттердің) халқы өсті.

Көші-қон Қазақстан халқының ұлттық құрылымына үлкен өзгерістер әкелді: демографиялық процестердің барысында республика халқының көп ұлттылығы өсті. 1920 жылы Қазақстанда 38 ұлт өкілдері тіркелсе, 1959 жылы — 114, 1986 жылы -120, ал, 1999 жылғы санақта — 131 ұлт пен халықтар өкілдері есептелінді.

Демографиялық процестер әрі базистік, әрі қондырмалық құбылыстардың әсеріне қатысы болғанымен, өзіндік едәуірге жақын тәуелсіз болады. Яғни, базистік және қондырмалық құбылыстардың бұл процестерге тигізер әсері шектеулі. Сол себепті, демографиялық процестерге әлеуметтік құбылыстардың шексіз әсері туралы айту артығырақ болады. Дұрысы, де-мографиялық процестер мен әлеуметтік процестер өзара тығыз байланыста және өзіндік дербестікте болады.

Тарихи процестердің демографиялық дамуға тигізген әсерлеріне шолу ретінде тоқталайық. 1929-1956 жылдар аралығындағы кулактық жер аудару, депортация және тағы басқа мәжбүр жер аударулар, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі эвакуация мен реэвакуация, ірі көлемде құрылыстарға, тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты жүргізілген көшіп-қонулар халық санының динамикасың, әлеуметгік, ұлттық құрамына, қала мен ауыл халқының ара салмағына, туу мен өлуіне, некеге тұру көрсеткіштеріне, жастық-жыныстық құрамындағы өзгерістерге терең әсер етті. Керісінше, демографиялық процестер — экономикалық-саяси әлеуметтік дамудың жаңа сатысына сәйкес жаңа саясат жүргізуге итермеледі. Мұны Кеңес өкіметінің халықтың әлауқатын, тұрмыс жағдайын жақсарту жөніндегі шараларынан көруімізге болады.

Ұлы Отан соғысы кезінде демографиялық ахуалға үлкен нүқсан келтірілді. Әсіресе, 20-40 жас аралығындағы ер адамддр саны күрт кеміді. Соғыс кезінде балалар өлімі де жоғары болды, тылдың еңбек күші де тез тозды. Соғыстан кейінгі жылдары қиыншылықтарға қарамастан, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруге көңіл аударып, қаржы бөлді. Демографиялық саясатты нақты шаралармен көтермелеу арқылы қоғамдық процесті әлеуметтік-экономикалық реттеу мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру саясатын ұстанды.

Ал, демографиялық саясатты арнаулы шаралармен реттеу көлемі ұлғайған сайын, қоғамдық және рухани өмірдегі «субъективтік сәттер» күрделене және көп түрлене түседі.

Халық шаруашылығын қайта құрудағы қиыншылықтарға, қуаншылыққа қарамастан 1946 жылдың өзіңде еңбекшілердің бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттаңдыру үшін бірқатар шаралар іске асырылды. 1946 жылдың 1 қаңтарынан бастап табыстың салық салынбайтын мөлшері айына 150 сомнан 260 сомға дейін өсті. Бағаның біршама өсуіне байланысты, айына 300-ден 900 сомға дейін жалақы алатын еңбеккерлердің шығыстарындағы азық-түлік тауарларын алуға бөлінетін мөлшерге көмек ретінде ай сайын 80-нен 100 сомға дейін «нандық қосымша» деп аталатын үстеме ақша төленді. Сондай-ақ, зейнетақы, бір рет берілетін жәрдем ақы және стипеңдиялар мөлшері өсті. Әскерден кайтқан жауынгерлерге жәрдем берілді. Халықтың әл-ауқатының өсуіне ең баста әсерін тигізуші ұлттық табыс айтарлықтай өсті. КСРО бойынша ІҮ-бесжылдықтың аяғына қарай, ол, 1940 жылмен салыстырғанда, 64%-ға өсті. Әлеуметгік-мәдени шараларға мемлекет тарапынан белінетін қаржы мөлшері көбейді. Ол республика бюджетінің едәуір бөлігін (58,8%) құрап, соғыс жылдарындағы 441,4 сомнан төртінші бесжылдыққа 930,5 млн сомға дейін, немесе 2 еседен астам өсті.

Айналыста жүрген ақшаның тым көбейіп кетуі, сонын ішінде, фашистік басқыншылар таратқан жалған ақшалардың көп болуы салдарынан туған қажеттілікке сай 1947 жылы желтоқсанда ақша реформасы жүргізілді. 1947 жыддын 16 желтоқсанынан бастап карточка жүйесі жойылап, тағамдық өнімдер мен өнеркәсіп тауарларын нормалап бөлудің орнына мемлекеттік және кооперативтік сауда енгізілді. Нанның, ұнның, макаронның және жарманың бағасы 10-12%-ға арзандатылды. Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына коммерциялық баға жойылап, жаңа неғұрлым төмен бірыңғай мемлекеттік баға енгізілді. Ақша реформасының жүргізілуі мен карточка жүйесінің, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен нормалай жабдықтаудың жойылуы халықтың тұрмыс дәрежесінің өсуінде маңызды рөл атқарды.

1950 жылдары халықтың әл-ауқатын дамытуда жаңа кезең басталды. 1950 жылы бағалар едәуір төмендетілді: астық өнімдері мен ұнның бағасы 23%-дан 30%-ға, ет және ет өнімдері 24%-дан 35%-ға, өнеркәсіп тауарлары 10%-дан 25%-ға дейін. Сондай-ақ, базар бағасы да төмендетілді. Соғыстан кейінгі жылдары халықтың нақты табысын арттырудың негізгі жолы мемлекеттік бөлшек сауда бағаларын жыл сайын жаппай бір мезгіл арзандату шаралары жүргізіліп отырды. 1947-1954 жылдардағы жеті дүркін арзандату нәтижесінде мемлекеттік бөлшек сауда бағалары 2,3 есе кеміді.

Тууды көтермелеуге, отбасы беріктігін сақтауға негізделген шаралар жүргізілді, алайда олар күштеу жолымен жүргізілгендіктен, кейіннен тоқтатылды. Отан 1936-1955 жылдар аралығындағы абортқа тыйым салу шарасын жатқызуға болады. Туу деңгейін көтеру мақсатында 1936 жылғы 27 маусымда қабылданған абортқа тыйым салу туралы заң, алғашқыда, туу көрсеткішін көтергендей болғанымен, қатерлі, жасырын түрде түсік жасау нәтижесінде әйелдер өлімі көбейген соң, 1955 жылы бұл шешімге тыйым салынды. Соңдай-ақ, неке мен отбасын бекітуге байланысты 1941 жылга 21 қазанда қабылданған бойдақтар мен баласыздарға салынатын салық (абстрактілі гуманистік үғымымен енгізілген) туралы заңдар соның дәлелі.

Соғыстан кейінгі жылдары туу көрсеткіштері өсе бастады (компенсаторлық кезең басталды). Демобилизация отбасылардың бірігуіне, жаңадан некелі отбасылардың пайда болуына әкелді. Некесіз әйелдердің балалы болу көрсеткіштері көтерілді.

Соғысқа дейінгі және кейінгі жылдары адамдардың барлық күшін сарқа еңбек етуге мәжбүр ететін қатал экономикалық және заңдық негіздегі жүйе әрекет етті. Соғыстан кейінгі жылдарға теңгермешілік тән. Ал, теңгермешілік болған жерде адамдардың өз еңбектерінің нәтижелеріне қызығушылығы да болмайды. Теңгермешілік — еңбекшілерді аштықтан аз мөлшердегі тұтыну қорын теңдей бөлу нәтижесіңде сақтап қалу үшін қолданылатын әдіс. 1950-жылдардың ортасы мен екінші жартысында КСРО-да, соның ішіңде Қазақстаңда да жүргізілген қайта құрулар сол кездегі қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындаған еді. Сол кезеңде біліне бастаған дағдарыс экономиканы да, ішкі және сыртқы саясатты да, мәдениетті, рухани саланы да қамтыды. Ауыл шаруашылығы кұлдырай бастады, көрсеткіштертөмендеді, ізденіс (инициатива) үнемі басылып тасталып отырды. Сондықтан, қайта құрулар өзінің объективті жәнесубъективті жағынан экономиканы баскарудағы әкімшіл-әміршіл жүйені жаңғырта алмады. 1950-жылдардың екінші жартысында қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтыған жаңару процестері бірінші кезекте партия қызметінің демократиялық негіздерін калпына келтірді. КОКП-нын XX съезі қоғамдық ой еркіндігін туғызды, жеке басқа табынушылықты айыптап, қоғамды кеңінен демократияландыруға қадам жасады. 1950-жылдары қайта құру барысында ұйымдық құрылымдық мәндегі өзгерістерге көп кеңіл бөлінді. Мұндай бағыт кей жағдайда өз-өзін ақтап, өзіндік нәтиже де берді. Ал, кей кездерде бірқатар шаралар кері әсер беріп, мақсатына жете алмады. Мәселен, халық шаруашылығының кеңестерін құру, тың және тыңайған жерлерді игеру, МТС-тарды кайта құру сияқты шаралар. Бірі саяси және шаруашылық басқару жүйесінде қиыншылыққа әкелсе, енді бірі — кейіннен экологиялық, демографиялық және ұлтаралық шиеленістерге, үшіншісі — ұжымшарлардың әлсіреп, онда істейтін адамдардың еңбек ақыларының төмендеуіне әкеп соқты. Барлық экономикалық қайта құруларды жүзеге асыруда таза саяси әдіс-тәсілдер үстем болды. Яғни, көпшілік шаралар қайшылыққа толы және аяғына дейін ойластырылмаған болып шықты. Жаңару шараларын іске асырудын нақты жолдары көрсетілмегендіктен, 1950-жылдардағы реформалардың сәтсіздіктері болды.

Ұжымшарларға меншікті өмірлік пайдалануға берілген жер тың көтеру кезінде қайтадан мемлекеттендірілді. 1954-1955 жылдары 19 миллионнан астам жер жыртылып, астықты алқапқа айналдырылды. Әскери полигондарға қазақ жерінің көлемі 18,3 млн гектары алынды [53]. Семей, Ембі, Нарын, Маңгыстау өңірінде ядролық қаруларды сынау жүзеге асырылды.

Қазақстанда 1950-1960 жылдары ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру 3 еседей, қой мен ешкі саны 2 есеге жуық өсті. Бұл еңбекшілердің тұрмыс жағдайларын жақсартқандай болды. Алайда, күштеуге, субъективтік пікір мен әкімшіл-әміршіл әдістерге негізделген бұл жүмыстардың өзіндік кемшіліктері де мол болды. Қазақстандағы жүргізілген үжымшарларды ірілендіру саясаты, тың және тыңайған жерлерді игеру тұсындағы ұжымшарларды жою немесе кеңшарларға айналдыру шараларының әлеуметтік — таптық, ұлттық және демографиялық құрылымдарға тигізген кері әсері де сезілді. Мысалы, жергілікті тұрғындар үлесінің күрт төмендеуі жұмысшылардың, әсіресе, оның аграрлық тобының, интеллигенцияның қатары ерекше өскенімен, құрамындағы қазақтар үлесі мардымсыз болды. 1939-1959 жылдар арасында ОСБ (Орталық статистикалық басқарма) есебі бойынша, қазақ жұмысшыларының саны 223523 адамнан 411903 адамға, немесе екі еседей өскенімен, республика жұмысшыларының құрамындағы қазақтардың үлесі 27,5%-дан 19,3%-ға түсті [54]. Ұжымшарлы ауылдардың жаңа тың шаруашылықтарында қосалқы болып қалуы, ана тіліндегі мектептердің көптеп жабылуы ащы шындыкқа айналды.

Көші-қон нәтижесінде республика халқының жалпы саны, қала әсіресе ауыл халқынын саны ерекше өсті. Республикада орыс украин және т.б. славян тілдес ұлттардың саны да, үлесі де өсті. 20-30 жастағылардың үлесі көбейіп, белсенді еңбек жасындағылар саны өсті. Сонымен бірге, халыктың әлеуметтік, экономикалық және мәдени потенциалы көтерілді.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде Қазақстан халқының дамуынын жалпы үрдістері мен демографиялық дәрежелерін бүкіл КСРО-дағы демографиялық процестердің ағымынан теңестіру шаралары жүргізілді.


Бөлім: Қазақстан тарихы

Добавить комментарий