Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихнамасы



XVIII ғасырда орыс зерттеушілерінің сол кезеңдегі қазақтар туралы мағлұматтар, негізінен тұрмысы, шаруашылығы, ғұрыптары, нанымдары, жүздердің рулық-тайпалық құрамы, орналасуы туралы этнографиялық мағлұматтар жинауы жалғастырылып, халықтың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер зерттелді. Бұл зерттеушілер арасында П.И.Рычков, И.Г.Георги бар. Қазіргі авторларға қазақтардың жағдайын сипаттап беретін бұл материал

Кеңестік дәуірдің 80-90 жылдарындағы отандық тарихнамада революцияға дейінгі орыс тарихнамасында Қазақстан тарихының зерттелу мәселесін қарастыруда 50-70 жылдармен салыстырғанда зор ілгері басушылық байқалады. 50-70 жылдары бұл мәселенің кейбір қырларын зерттеудің негізін салып, оны жан-жақты қарастыруға атсалысқан қазақстандық тарихшылар Д. Дулатов, В. Галиев, Ж. қасымбаев, Ж. Махашев, И. Ерофеева, В. Толочко және т.б. өзінің бұл саладағы ізденістерін одан әрі жалғастыра түссе, орыс тарихнамасының ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ Қазақстан тарихына қатысты жекелеген, әлі де сөз болмаған жайларын зерттеуге, осы кезеңде басқа да тарихшылар атсалыса бастады. Аталған кезеңде қарастырып отырған мәселеге, қазақстандық ғалымдар В.Басин, Р.Киреева да көңіл аударды. Олар өз ғылыми ізденістерін ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1917 жылдар аралығындағы Ресей тарихнамасының қазақ халқының тарихын зерттеуіне арнады. Өзінің алғашқы орыс дворяндық революционерлері – декабристердің қазақ халқының тарихын зерттеуіне арнаған ғылыми ізденістерін ілгері жалғастырып В.Галиев 90-жылдардың басында «Декабристы и Казахстан» атты монографиясын жариялады. Бұл еңбек ХІХ ғ. Бірінші ширегіндегі алғашқы орыс азаттық қозғалысы өкілдерінің Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеуі ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап еліміз тарихшыларының тыңғылықты және жан-жақты зерттеу тақырыбына айналғаны және бұл мәселені алғаш рет отандық тарихнамалық зерттеулердің негізін салушылардың бірі Д. Дулатова «Чокан Валиханов о присоединении Казахстана к России» (1963) деген мақаласында көтергені баршаға белгілі. Бұдан кейін 80-90 жылдары бұл мәселенің түпкі аспектілері , атап айтқанда, ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы дворяндық-буржуазиялық тарихнамада Қазақстанның Ресейге қосылуының жалпы мәселелернінің зерттелуі Ж.Махашевтң, Е.Ерофееваның мақалаларында; революцияға дейінгі орыс тарихнамасында Орта жүздің Ресейге қосылу процесінің жекелей қарастырылуы П. Қайсарбековтің зерттеу объектісі болды. 60-70 жылдары еліміздің кейбір тарихшылары (В.Толочко) және қазақ-орыс әдебиеттері байланысын зерттеуші белгілі әдебиетші ғалым К.Кереева-Канафиева Қазақстан тарихының революцияға дейінгі Ресей баспасөзінде зерттелу мәселесін көтерген болатын. 80 жылдардың екінші жартысында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы орыс журналдарының беттерінде Орта Азия мен Қазақстанға қатысты мәселелердің зерттелуі А.Алексеенконың докторлық монографиясы тақырыбы болды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей тарихнамасы өкілдерінің Қазақстан тарихының нақты мәселелерін зерттеуі аталған кезеңде А.Абилевтің де назарын аударды. Ол өзінің мақаласында 1768-1874 жылдары өткізілген Екінші академиялық экспедиция мүшелерінің еңбектеріндегі қазақ халқының тарихы мен этнографиясының зерттелуін қарастырады. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы зерттеушілердің революциияға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын талдауға арналған мұрасын зерттеуге 80 жылдары көпетеген тарихшылар өз еңбектерін арнады. ХVІІІ және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс тарихнамасында Қазақстанның Ресеймен сауда-саттық орталығы ретінде Орынбордың дамуы туралы революцияға дейінгі зерттеулерге И.Ерофеева мен Ж:Қасымбаевтың мақалалары, РЕсей университеттері мен ғылыми қоғамдарының және елдің өз ішіндегі түрлі аймақтардағы (мысалы, Шығыс Қазақстан қалаларындағы) ғылыми және ағарту мекемелерінің ХІХ ғасырда Қазақстанның мәдени дамуындағы рөлі тарихшылардың ерекше назарын аударды. Бұл проблема жөнінде С.Зимоновтың, Ж:Қасымбаевтың зерттеулері бар.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Сібір баспасөзінің материалдары бойынша Қазақстан өлкетануының кейбір мәселелерін және ежелгі кезден бастап, 1917 жылға дейін нақты Шығыс Қазақстан өлкетануын зерттеу Р.Федорованың кандидаттық жұмысының объектісі болды. Кеңес уақытындағы (1980-1990) Отан тарихнамасында ғалымдардың жеке тұлғасына, яғни революцияға дейінгі Қазақстан тарихын қарастырған орыс ғалымдарының бір тобының немесе жекелеген тұлғаларының шығармашылығын зерттеуге арналған ңбектер көптеп жарияланды. ХVІІІ ғасырдағы жергілікті Түркістан өлкетанушысы И.Андреевтің қазақ халқын зерттеу тарихы мен орыс ғалымдары мен мен саяхатшыларының еңбектері мен жазбаларында ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихы мен царизмнің Орта жүздегі жүргізген нақты саясатының зерттелуіне М.Ерофеева мен С.Урашевтың мақалалары арналды. Революцияға дейінгі орыс тарихнамасындағы Ішкі Орданың сипатталуы жас зерттеуші к. Кобландин мен тарихшы ғалымдар Э. Масанов пен Ж.Қасымбаевтың зерттеу тақырыпытары болды. Қазақстан тарихының кейбір мәселелерінің зерттелуіне арналған әскери тарихшы М.И.Венюковтың еңбектеріне талдау Н.Алексеенконың «Хранители памяти» (1988) кітабында берілді; Қазақстан өлкетанушысы Н.Ивлев өз еңбегін А.Ф.Голубевтің еңбектерін зерттеуге арнады. 80 жылдары П.Рычковтың Қазақстан туралы мұрасын; қазақтардың дәстүрлі құқығының зерттеушісі ретінде А.Левшиннің еңбектерін; революцияға дейінгі Қазақстан тарихын зерттеу үшін дерек ретінде Г.Генстің қолжазбаларын тарихшылар А.Абилев, Н.Ахметова. Р.Бекназаров пен С.Шакиров зерттеді. Кеңес дәуіріндегі тарихшылардың тарихнамалық еңбектерінің ішінде Д.Дулатованың 1984 жылы жарияланған «Историография дореволюционного Казахстана» (1861-1917ж.ж) деген монграфиясын еркше бөліп айтқым келеді. Онда Ресей тарихнамасының реформадан кейінгі кезеңінен 1917 жылға дейінгі аралықтағы қазақ халқын зерттеуінің қорытындылары шығарылған. Бұл еңбек аталған мәселені зерттеуге қосылған елеулі үлес болып табылады.

Қарастырылған мәселерді тұжырымдай келе айтарымыз, біздің пайымдауымызша, орыс тарихи ойының Қазақстанды зерттеуі Кеңес, сонымен қатар отандық тарих ғылымының қалыптасу мен дамуына бүтіндей сәйкес келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Бірінші кезең –ХХ ғасырдың 20-50 жылдардың аяғын қамтитын, кеңестік тарихнаманың марксистік-лениндік бағытқа өтіп, тарихи мәселелерді зерттеуде крнцептуалдық ережелерді қайта қарауымен сипатталады. Бұл кезеңдегі кеңестік тарихнамада орыс зерттеушілерінің Қазақстан туралы мұрасы арнайы тарихнамалық зерттеу объектісі болған жоқ. Ғалымдар (орыс зерттеушілерінің еңбектерін) қазақ халқының тарихына қатысты аса құнды дерек ретінде ғана зерттеді. 1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясының құрылуы мен Тарих институтымен Шығыстану секторының ашылуынан кейін елімізде республиканың тарих ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталады. Көптеген тарихшылар орыс тарихнамасының Қазақстанды зерттеуге қосқан зор үлесін тереңірек қажеттілігін өткір сезіне бастайды. Мәселен, Қазақстан тарих ғылымының 40 жылдардың екінші жартысына дейін атқарған жұмыстарының қорытындылары мен болашағы жайлы айта келіп Х.Айдарова: «Некоторые итоги и перспективы развития исторической науки в Казахстане» деген бағдарламалық мақаласында нақты тарихнамалық зерттеулердің қажеттілігін атап көрсетті. Сөйтіп, 50-ші жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында отандық тарихшылар тарихнаманы және оның ішінде Қазақстанның революцияға дейінгі орыс тарихнамасын зерттеуге бет бұра бастайды. Бұл мәселенің Кеңес дәуіріндегі отандық тарихнамада зерттелуінің екінші кезеңін 60-91 жылдармен шектеуге болады. Мәселенің Қазақстан тарихы көлемінде бөлініп, дербес қарастырылуы оның алдыңғы кезеңмен салыстырғандағы ерекшелігі болып табылады. Жоғарыда біз сөз еткен ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында революцияға дейінгі орыс тарихнамасының Қазақстан тарихын зерттеу мәселесін қарастыруды кеңестік тарихнамада 50-70 жылдармен салыстырғанда зор ілгері басушылық байқалады. Үшінші кезең – 1991 жылдан басталып жалғасып келеді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихшылары кеңестік идеологиялық қыспақтан, тарихқа деген таптық, формациялық көзқарастардан арылып, деректік негіздерін кеңейтіп тақырыптың жекелеген нақты мәселелерін қарастыруды тереңдетіп жатыр. Алайда, 50 жылдардың аяғы мен 1991 жылдың аралығында отандық тарихнамада ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Ресей тарихнамасында Қазақстанның зерттелуінің тарихын түрлі дәрежеде қозғайтын бірқатар еңбектердің пайда болғанына қарамастан, бұл күрделі мәселені толық және тұтастай қамтып байыптаған ғылыми зерттеу әлі туған жоқ. Бұл – біздің өкінішіміз


Бөлім: Қазақстан тарихы

Добавить комментарий