Ата-енесінің түсі мен жүнінің морфологиялық құрамындағы түбіт мөлшерінің төлдерінде тұқым қуалауы



Мал түсінің тұқым қуалауы. Теориялық тұрғыдан алғанда, түсі бойынша гетерозиготалы малдарды жұптауда ата-енесінің түсін иеленген төлдің шығымы 3:1 немесе 75:25% болуы керек еді, ал біздің зерттеулерде қара түсті ешкілерді біртекті жұптау нұсқасында ата-енесінің түсін иеленген төлдің шығымы 67,0%, ал ақ түсті ешкілердің осындай жұптау нұсқасында 59,6%-ды құрады.

Әртекті жұптауда қолданылған ақ және қара текелер түстерінің төлдерінде тұқым қуалау деңгейінің көрсеткіші де теориялық тұрғыдан төмен болды: қара х ақ – 43,4% (III топ); ақ х әртүсті – 46,0% (IV-V топ).

Жалпы алғанда, қазақтың қылшық жүнді ешкілері түсінің тұқым қуалауы бойынша біздің зерттеуде анықталған көрсеткіштері мал шаруашылығындағы осы белгінің тұқым қуалауының жалпы теориялық негізделген заңдылықтарына сай келеді деп қорытынды жасауға болады. Олардың төлдерінде ата-енесіне тән түстердің тұқым қуалауы теориялық деңгейге онша сәйкес келмеуі, бұл ежелгі тұқым тармағы болып табылатын ешкілердің жүн және де басқа өнімділігі бойынша селекциялық жұмыстармен қамтылмауымен байланысты болуы мүмкін.

Түбіт мөлшерінің тұқым қуалауы. Зерттеу нәтижелері бойынша түбіт мөлшері енелеріне тән төлдердің үлестік салмағы I мен IV топта (20-25%) тиісінше 17,8-45,2 және 4,2-4,2%, II мен V топта (30-35%) – 36,2-45,0 және 14,3-57,1%, III мен VI топта (40% және одан жоғары) 29,5 және 88,2% құрауы (10 — кесте), олардың жүнінің бұл сапасының тұқым қуалау деңгейіне аналықтар генотипінің әсері болғанын көрсетеді.

10-кесте – Жүніндегі түбіт мөлшері бойынша төлдердің үлестік салмағы

Көрсеткіштер

Тәжірибе топтары

I

II

III

IV

V

VI

Есептелген төл, бас

73

80

71

71

77

67

Жүніндегі түбіт мөлшері бойынша төлдің шығымы, %

20

17,8

25

45,2

4,2

30

28,7

36,2

15,5

24,0

14,3

35

8,3

45,0

55,0

67,6

57,1

11,8

40

18,8

29,5

4,2

20,8

68,8

45

7,8

19,4

Қара түсті текелердің нәсілдік қасиетінің жүн сапасы бойынша төмен деңгейде тұрақтанғаны, олардың II топ әртүсті аналықтар төлдерінің 70,5%-ның түбіт мөлшері енелеріне тән, ал олар қолданылған ақ түсті III топ аналықтар төлдері қатарында түбіт мөлшері төмендеген, 30-35% құрайтын малдардың үлесінің жоғары 15,5-55,5% болуынан көрінеді.

Бұл тұрғыдан ақ түсті текелер мен аналықтардың түсі бойынша да нәсілдік қасиеті жоғары болмауы, олар  біртекті жұптастырудан алынған VI топ төлдерінің 11,8%-ның жүн құрамындғы түбіт мөлшері 35% төмен көрсеткішке ие болуымен түсіндіруге болады.

Қорыта айтқанда, әртүсті қылшық жүнді ешкілерінің жүн құрамындағы түбіт мөлшерін ұлғайту үшін, жүн сапасының жоғары деңгейімен ерекшеленетін ақ түсті текелермен жұптастыру тиімді деп санауға болады.

Ақ түсті аналықтарды түбіт мөлшері қылшық жүнді ешкілердің ең жоғарғы деңгейіне тән қара түсті текелерімен жұптау нұсқасынан алынған төлдерде бұл жүн сапасы төмендейді, алайда, алдында көрсетілген зерттеу нәтижелері бойынша, олардың түбіті жіңішкеріп, бәсекеге қабілетті кашмир түбіті талабы деңгейінде болады.


Бөлім: Қазақстан тарихы

Добавить комментарий