Өнім өндіру көлеміне талдау



Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорыннан өндіріс тиімділігін арттыруды, өнімдердің және ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуге байланысты қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, өндірісті басқарудың және иелік етудің формаларының тиімділігін, иесіздікті жоюды, кәсіпкерлікті күшейтуді,бастамашылықты арттыруы және т.б. талап етеді.

Бұл міндеттерді жүзеге асыруда иелік ету субъектілерінің қызметіне экономикалық талдау жасау маңызды роль атқарады. Оның көмегімен кәсіпорынды дамытудың стратегиясы мен тактикасы жасалады, жоспарлар мен басқарма шешімдері тұрақтанады, олардың орындалуына бақылау жасау жүзеге асырылады, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері белгілі болады, кәсіпорынның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызметінің нәтижелері бағаланады.

Өндіріс көлемі мен өнімдерді сату бір-біріне тәуелді көрсеткіштер болып табылады. Шектеулі өндірістік мүмкіндіктер және шектеусіз сұраныстар жағдайында, өнім өндіру көлемі бірінші орынға қойылады.

Нарықтың тойынғанына және бәсекелестіктің күшейгеніне қарай, сату көлемін өндіру анықтамайды, қайта керісінше, сатудың мүмкін болған көлемі өндірістік бағдарламаны жасаудың негізі болып табылады. Кәсіпорын тек нақты сатылып кете алатын көлемдегі тауарларды өндіруі керек.

Өндіріс көлемінің және өнімді сатудың өсу қорқыну, оның сапасын арттыру кәсіпорынның шығынының пайдасы мен рентабельділігінің мөлшеріне тікелей әсер етеді. Сол себепті бұл көрсеткіштерге талдау жасаудың маңызы зор.

Оның негізгі міндеттері:

а) жоспардың орындалу дәрежесін, өндіріс пен өнімді сату динамикасын бағалау;

б) бұл көрсеткіштердің шамасын өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау;

в) өнімді шығаруды және сатуды көбейтудің шаруашылық ішілік резервтерін анықтау;

г) анықталған резервтерді игеру шараларын жасау.

Өндірістің және өнеркәсіптік өнімдерді сатудың көлемі натуралды, шартты-натуралды, еңбек және құн өлшемдерімен көрсетілуі мүмкін.

Өнімдерді өндіру көлемінің қорытындылаушы көрсеткіштерінің құнын бағалау арқылы алады.

Өндіріс көлемінің негізгі көрсеткіштері болып тауар мен жалпы өнім есептеледі.

Жалпы өнім бұл бүкіл өндірістік өнім мен атқарылған жұмыстардың құны (аяқталмаған өндірісті қоса есептегенде). Салыстырмалы және қолданыстағы бағалармен көрсетіледі.

Тауарлы өнімнің жалпы өнімнен айырмашылығы сол, оған аяқталмаған және шаруашылық ішілік айналымның қалдықтары қосылады (кіреді). Өзінің құрамы бойынша көптеген кәсіпорындарда, егерде шаруашылық-ішілік айналым мен аяқталмаған өндіріс болмаса, жалпы өнім тауарлы өнімге сәйкес (тең) келеді.

Өнімдерді сату көлемі өнімдерді тұтынушыларға түсіру бойынша немесе төлем бойынша анықталады. Салыстырмалы, жоспардағы және қолданыстағы бағалармен көрсетілуі мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында бұл көрсеткіш ең бірінші маңызға ие болады.

Өнімдерді сату өндіріс пен тұтынушы арасындағы байланыстырушы бөлім болып табылады. Өнім өндіру көлемі өнімнің нарықтағы сұранысына байланысты.

Өндірістік бағдарламаның орындалуын бағалауда өндіріс көлемінің және өнімді сатудың (данасы, метрі, тоннасы және т.б.) натуралды көрсеткіштері үлкен маңызға ие.

Оларды өндіріс көлеміне және өнімдерді жекелеген түрлері мен біртектес топтары бойынша сатылуына талдау жасағанда қолданады.

4 – кесте —  Өндіріс көлемінің натуралды көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер атауы

2000 ж.

2001 ж. факт

2002 ж. факт

1 жыл ішіндегі абсолюттік өсім

өсімнің % -і

1. Қара мыс, тн. 108090 116010 140489 24479 121,1
2. Катод мысы, тн. 100200 110471 133500 23029 120,8
3. Мыс тотияйымы, тн. 920 907 883 -24 97,4

Таблицадан көргеніміздей, 2002 жылғы өндіріс көлемінің өсімі 2001 жылмен салыстырғанда, қара мыс бойынша 21,1 %, катод мысы бойынша 20,8 % құрады. Мыс құрамдас шикізатты металлургиялық өңдеудің соңғы өнімі болып табылатын катод мысы өндірісінің көлемі қара мыс өндірісінің көлеміне тікелей байланысты екенін атап кеткен жөн. Өз кезегінде, қара мыстың мөлшері көптеген сандық және сапалық факторларға байланысты болады. Мысалы, металлургиялық агрегаттарға жіберілген шихта көлемінің 2001 жылы 828 мың теңгеден 2002 жылы 929,9 мың теңгеге өсуі және мыс мөлшерінің 15,0 %-тен 15,4 %-ке дейін өсуі ондағы мыс мөлшерінің 124600 тоннадан 143012 тоннаға дейін, яғни 14,8 %-кеидейін өсуі мүмкіндік береді.

Қара мыс өндірісіне әсер ететін және балқыту агрегаттарының тұрақты жұмысын сипаттайтын ең маңызды көрсеткіш мыстан қара мыс шығару және шарпу пеші мен Ванюков пешінің үлестік балқытулары болып табылады. Қара мыс алу 93,64 %-тен 93,08 %-ке төмендеген, яғни 0,6%-ке азайған. Алайда, Ванюков пешіне жіберілетін шихта балқымаларының 50 т/сағаттан 61 т/сағатқа, яғни 22 %-ке өсуі ақырында қара мыс өндірісінің өсіміне қол жеткізеді.

Шарпу пештерінің балқымалары шамалы ғана өсті – 2001 жылы 3,68 т/шаршы метрден 2002 жылы 3,82 т/шаршы метрге. Балқаш мыс балқыту зауытының өндірістік қуатының 2002 жылға артуы Ванюков пештері кешеніне жаңғырту (реконструкция) жасаудың нәтижесінде мүмкін болды, бұл үшін «Қазақмыс» корпорациясынан 5 млн. Доллар көлемінде тікелей инвестиция жіберіледі. Мұның бәрі тек дайын өнім шығарып қана қоймайтын (мыс балқыту зауыттары), сонымен қатар бүкіл металлургия өндірісін (тау-кен байыту комбинаттары) шикізатпен қамтамасыз ететін өз кәсіпорындарындағы өндірістік қуаттарды артыруға байланысты жүргізілген корпорацияның мақсаты саясатының дұрыстығын көрсетеді.

Мыс тотияйыны мыс құрамдас шикізатты өңдеудің нәтижесінде пайда болған жанама өнім болып табылады, ол сұраныс болған жерлерге ғана сатылып, жөнелтіледі. Оны өндіруге қосымша шығындар жоқ, соның нәтижесінде тотияйын көлемін өсіру не азайту (дәл қазіргі жағдйада 2,6 %-ке) кәсіпорынның экономикасына айтарлықтай әсер етпейді.

БМЗ-да өндірілген катод мысы (тауарлы өнім) Лондон металлдар биржасында әлемдік баға бойынша сатылады. Сондықтан мыстың бағасы сұраныстар мен ұсыныстарға байланысты түсті металлдар нарығының конъюнктурасымен анықталады. Екі жыл ішіндегі өндірілген өнімнің динамикасына талдау жасау үшін катод мысы өндірісінің көлемінің және Лондон металлдар биржасындағы мыс бағасының көрсеткіштері пайдаланылады. Мыстың бағасы АҚШ долларымен бекітілгенін атап өткен жөн, сондықтан теңгеге айналдыру үшін оны доллардың жыл бойындағы орташа бағамына (курс) көбейту керек. Бірақ, 2002 жылы ұлтттық валютаның еркін бағамын енгізуге байланысты, теңгемен өрнектелген көрсеткіштерді салыстыруға келмейді. Бағаны салыстыруға болатын түрге келтіру үшін 2002 жылғы мыстың орташа бағасын 2001 жылғы доллардың орташа бағамына көбейту қажет:

5 – кесте —  Тауарлы өнімнің көлемі

Көрсеткіштер атауы

2000 ж.

2001 ж. факт

2002 ж. факт

%-тік өзгерістер

Ауытқу +/-

1. Катод мысы 100200 11047 133500 120,8 23029
2. Сату бағасы доллар/теңге 1400 1654,1 1572,9 95,1 -81,2
3. Доллардың бағамы теңге / доллар 110,20 119,46 140,10 117,3 20,64
4. Салыстыруға болатын баға теңге/тн. 154280 197598,8 187898,6 95,1 -9700,2
5. Тауарлы өнім, мың, теңге 15458856 21828937 25084463 114,9 3255526

Тауарлы өнім мына формула бойынша есептеліп шығарылады:

Т = Ц х Q, мың теңге                               (2.1.)

Мұнда, Ц – катода мысының 1 тоннасының бағасы, теңге/тн;

Q – катод мысының мөлшері, тн.

2001 жылғы тауарлы өнім көрсеткішінің 2002 жылғы тауарлы өнім көрсеткішінен ауытқуы (салыстыруға болатын бағада) + 3255526,1 мың теңгені құрады. Тауарлы өнім көрсеткішінің өзгеруі 2002 жылы мыс бағасының түсуінің және мыс өндіру көлемінің өсуінің салдарынан болды.

Екі фактордың да әсерін қарастырайық. Тауарлы өнім көрсеткішінің өзгеруіне әсер етуге болады:

— бағаның түсуі есебінен;

(2.2.)

— мыс шығаруды арттыру есебінен;

теңге

(2.3.)

Қосқандағы өзгерістерді құрайды:

Сонымен, катод мысы өндірісін 23029 тоннаға өсіру тауарлы өнімнің өсімін 4327116,9 мың теңгеге апарып соқтырды, ал металлдар нарығындағы бағаның 1 тонна үшін 9700,2 теңгеге құлдырауы (салыстырмалы бағада( тауарлы өнім көлемінің 1071590,8 мың теңгеге азаюына себеп болды.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады. Әлемдік нарықтағы мыстың бағасы оның конъюнктурасына толық тәуелді шама болғандықтан, тауарлы өнім көлемін ұлғайтуға арналған жалғыз жол өндіріс шығындарын бір мезгілде азайта отырып мыс шағару көлемін ұлғайту болап табылады. Өз кезегінде, аталған шартқа (жағдайға) техникалық және ұйымдық себептерге байланысты уақыт жоғалтуды азайту жолымен, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін еңбек тәртібін жақсарту сияқты әдістермен арттыру арқылы, еңбекақы өсімімен салыстырғанда еңбек өнімділігінің өсімін басып озу принципін сақтай отырып соңғы нәтижеде материалдық қызығушылықтарды арттыру жолымен қол жеткізілуі мүмкін.

Есепті мерзім ішінде өндірілген БМЗ-ның өнімі оның тікелей сатып өткізушісіне – «SAMSUNG Дойгланд ГмБХ» компаниясына толық жөнелтілетін болғандықтан, оны өндіруге жұмсалатын шығындардың орны толтырылатынын, тауарлы өнімді шартты түрде сатылған деп есептеуге болатынын атап кеткен жөн.


Бөлім: Экономика

Добавить комментарий