Қазақстан Республикасында кластерлерді құрастырудың экономикалық тиімділігі



Мазмұны

Кiрiспе………….3

1 Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiн
арттыруда кластерлiк әдiстi қолданудың теориялық негiздерi

1.1 Жүйелi экономиканың теориялық негіздері……………5
1.2 Бәсекегеқабiлеттiкті арттыру тәсiлi ретiнде қолданылатын
кластерлiк әдiс…………9
1.3 Бәсекеге қабiлеттiгiн қамтамасыз етуде кластерлiк әдiстi
қолданудың халықаралық тәжiрибесi………………17

2 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруда
жағдайлар мен шарттарды талдау
2.1 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiнiң
инновациялық аспектiлерi ………….28
2.2 Қазақстандық кластерлiк бастаманы талдау……….37
2.3 «Адал» ЖШС-нің шаруашылық қызметін талдау…..45

3 Өнеркәсiптiк кластерлердiң даму перспективалары

3.1 Кластер қалыптастырудың негiзi ретiнде аймақтың бәсекеге
қабiлеттi басымдықтары………….56

Қорытынды………………63

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi……………..66
Кiрiспе

Диплом тақырыбының өзектiлiгi. Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы [1] бәсекеге қабiлеттiктi дамытатын әлемдiк тенденцияларды қажет етедi. Соңғы жылдары әлемдiк тәжiрибеде аса көп таратылған бәсекеге қабiлеттiктi арттыратын әдiс-тәсiлдердiң бiрi – кластерлiк әдiс. Экономиканың кластерлiк дамуына М. Портердiң еңбектерi және оның Аризона штатында (АҚШ) кластерлердi қалыптастыру жөнiндегi сәттi бағдарламалары әсер еткен.
Көптеген елдердiң әр түрлi өнеркәсiп салаларында кластерлер кеңiнен таратылды. Кластердiң сәттi үлгiлерiн өркендеген елдермен қатар Үндiстан, Индонезия, Малайзия, Мексика, Ямайка, Боливия, Мадагаскар, Марокко тәрiздi дамушы елдер де қолданып келедi.
Кластердi қалыптастыру дамудың басымды бағыттарында инвестициялық ресурстарды шоғырландыруға септiгiн тигiзедi, инновациялық қызметтiң белсендiлiгiн туғызады, экспорттық потенциалын арттырып, құрылымын түрлендiредi. Оның ең басты мақсаты – жоғары қосылған құны бар бәсекеге қабiлеттi өнiмдi жасап шығару және соның негiзiнде көптеген проблемаларды шешу: еңбек, материалдық ресурстарды тиiмдi қолдану, бюджеттi толтыру, экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту және т.б.
Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң «кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер – экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек.
«Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы нарықтар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп нарықта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды нарықта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi.
Диломдық жұмыстың мақсаты және мiндеттерi. Жұмыстың мақсаты кластерлiк әдiс негiзiнде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiн арттырудың теориялық-методологиялық негiздерiн және өнеркәсiптiк кластерлердi қалыптастырып өркендету жөнiндегi практикалық нұсқауларды жасақтау болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшiн төмендегiдей мiндеттердi шешу қажеттiлiгi туындады:
— жүйелi экономиканы қалыптастыруда кластерлердiң теориялық негiздерiн қарастыру;
— бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруда кластерлiк-жүйелi әдiстi жүзеге асырушы халықаралық әдiстi зерттеу;
— Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiн арттырудың экономикалық, институционалдық, инновациялық шарттары мен жағдайларын жариялау;
— Қазақстан экономикасында кластерлердiң пайда болу процесiнiң ерекшелiктерiмен танысу;
— өнеркәсiптiк кластерлердi құру шарттарын зерттеу;
Жұмыс кiрiспеден, үш бөлiмнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады.


Бөлім: Экономика

Добавить комментарий