Тірілей салмағы



Әртүсті ешкілерден алынған лақтардың тірілей салмағы бойынша басымдылығы туылғаннан 18 айлығына дейінгі даму кезеңдерінде де сақталып, бұл жағдай осы белгі бойынша бір текті жұптастырудан алынған төлде ерекше болатынын көрсетті (4-кесте).

Жұптастырудан алынған I және II-топтағы 4 айлық лақтардың тірілей салмағы ақ түсті ешкілерден алынған ІІІ-топтағы тұстастарынан (әр текті жұптау) 7,2-3,9% (td=3,4-1,9), VI топтағы лақтардан (біртекті жұптау) 10,3-6,9% (td=4,9-3,5) жоғары болды. Әртүсті ешкілерді әр текті жұптастырудан алынған лақтардың (IV-V топтар) осы артықшылығы соңғы топтармен салыстырғанда сәл төмен болып сәйкесінше 3,1-2,0% (td=1,5-1,0) және 6,1-4,9% (td=3,1-2,5) құрады.

18 айлық төлдің тірілей салмағы негізінен текелердің генотипіне байланыс-ты. Соған байланысты ақ және әртүсті ешкілерді әртекті жұптастырудан алынған осы жастағы төл арасындағы бұл белгі бойынша айырмашылық едәуір төмендеді. Осылайша, әртүсті аналықтардан алынған IV-V топтардағы төлдің ақ түсті ешкілер төлдерімен салыстырғанда тірілей салмағының айырмашылық деңгейі төмен әрі дәйекті емес, яғни VI топтағы тұстастарына қарағанда – 0,7-1,5% және III топпен салыстырғанда – 0,7% және +0,7%. Нәтижесінде ІV топтағы төлдердің  тірілей салмағыбойынша дәл осындай әртүсті ешкілерден біртекті жұптастырудан алынған тұстастарымен салыстырганда: I топқа кара-ғанда 6,5-5,6% (td=5,5-4,9), II топқа қарағанда 4,1-3,3% (td=3,4-2,8) кем болды.

4-кесте – Лақтардың тірілей салмағының динамикасы

килограмм есебімен

Көрсеткіштер

Тәжірибе топтары

I

II

III

IV

V

VI

n

M±m

n

M±m

n

M±m

n

M±m

n

M±m

n

M±m

Тірілей салмағы:

Туылған кезде

36

42

2,56±0,04

2,78±0,03

41

48

2,59±0,04

2,84±0,03

35

41

2,49±0,03

2,68±0,04

39

40

2,58±0,03

2,70±0,03

41

43

2,54±0,04

2,77±0,04

36

38

2,50±0,03

2,70±0,03

Орта есеппен

78

2,68±0,03

89

2,73±0,03

76

2,60±0,03

79

2,69±0,02

84

2,67±0,03

74

2,60±0,02

4 айында

34

40

17,46±0,32

19,12±0,33

39

44

16,91±0,29

18,59±0,33

34

38

16,26±0,33

17,92±0,34

36

36

16,83±0,30

18,47±0,30

39

40

16,75±0,28

18,17±0,30

33

35

16,13±0,31

17,15±0,34

Орта есеппен

74

18,36±0,25

83

17,80±0,23

72

17,13±0,26

72

17,67±0,23

79

17,47±0,22

68

16,65±0,24

12 айында

33

40

20,19±0,29

21,10±0,28

39

41

20,04±0,25

20,92±0,30

33

38

18,61±0,27

19,87±0,31

36

35

19,49±0,31

20,86±0,31

37

40

18,90±0,19

20,12±0,19

33

34

18,58±0,26

19,73±0,25

Орта есеппен

73

20,74±0,20

80

20,61±0,20

71

19,28±0,22

71

20,17±0,24

77

19,55±0,15

67

19,16±0,19

18 айында

33

36

28,88±0,31

31,16±0,27

38

39

28,05±0,25

30,75±0,34

33

34

27,61±0,46

29,29±0,32

36

32

27,30±0,23

29,33±0,30

37

35

27,39±0,26

29,63±0,24

32

31

26,99±0,28

29,20±0,34

Орта есеппен

69

30,09±0,24

77

29,42±0,26

67

28,46±0,26

68

28,26±0,22

72

28,48±0,22

63

28,07±0,26

 

 

Эктерьер. Әртүсті ешкілерден туылған, тірілей салмағының ауырлығымен ерекшеленген лақтардың дене өлшемдері де жоғары болды. Дегенмен бұл артықшылық ешкілерді біртекті жұптастыруда ғана байқалатыны анықталды. Әртүсті (II топ) және ақ түсті (VI топ) ешкілерді біртекті жұптастырудан алынған шыбыштардың арасындағы дене өлшемдерінің арасындағы айырмашылық 4 және 12 айлығында, шоқтығының биіктігі бойынша сәйкесінше – 5,2 және 5,7% (td=1,6 және 2,4), тұрқының қиғаш ұзындығы – 11,7 және 8,0% (td=4,1 және 1,5), жауырын тұсындағы кеудесінің орамы – 6,8 және 10,7% (td=2,8 және 3,9), кеудесінің енділігі бойынша – 0,9 және 6,0% (td=0,3 және 2,9), кеудесінің тереңдігі мен сирағының жіліншік орамы бойынша бұл артықшылық 12 айлығында ғана айқындалып, сәйкесінше 3,8 және 4,4% кұрады (td=2,1 және 2,6).

Әртекті жұптастыру нұсқаларында дене бітімдерінің өлшемдері бойынша дәл осындай айырмашылық әртүсті ешкілерден алынған шыбыштарға (V топ) тән болды,  алайда ақ түсті ешкілерден туылған тұстас шыбыштармен (III топ) са-лыстырғанда бұл айырмашылық айтарлықтай дәрежеде болмады.

Сенімді деңгейдегі айырмашылық 4 айлық шыбыштар тұрқының қиғаш ұзындығы бойынша анықталды (10,3%, td=3,7). 4 және 12 айлығындағы кеуде орамы бойынша айырмашылық та дәйекті болып, тиісінше 4,2 және 7,5% (td=1,8 және 2,6) кұрады.

Дене бітімінің еттілік пішіндерін айқындайтын дене тұрқы индекстерінің көрсеткіштері әртүсті ешкілерден алынған, әсіресе осы түстегі ата-енелерді біртекті жұптастырудан туған шыбыштарда жоғары болды. Осылайша, 12 айлық II және V топ шыбыштарының көрсеткіштері ақ түсті ешкілерден алынған III топтағы тұстастарымен (әртекті жұптастыру) салыстырғанда жоғары болды: сәйкесінше дене жұмырлығы индексі бойынша 5,2 және 3,4%, кеуделік индекс – 0,9 және 1,4%, көлемділігі – 7,3 және 6,5%, VI топтағы тұстастарына (біртекті жұптастырудан алынған) карағанда тиісінше 5,7 және 3,9%; 1,1 және 1,6%; 7,4 және 5,6% жоғары болды.


Бөлім: Экономика

Добавить комментарий