Нарық жағдайында кәсіпорын капиталын басқару мен реттеуді жетілдіру



КІРІПЕ…………..4

1 ТАРАУ КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОРНАЛАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……7
1.1 Кәсіпорынның мүлкі және капитал………..7
1.2 Ақша капиталын қалыптастыру көздері мен ұғымы……….13
1.3 Құнды қағаздар нарығының қалыптасуы, қызметі және инвестициялар………….18

2 ТАРАУ КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫН ОРНАЛАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ……….21
2.1 Меншікті капиталдың есебі………..21
2.2 Бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері…..29

3 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КАПИТАЛДЫ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………40
3.1 Республикаға шетел инвестицияларын тарту……..40
3.2 Капиталды шетке шығару және оның қазіргі кездегі ерекшеліктері…………44

ҚОРЫТЫНДЫ…………51
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………53
КІРІСПЕ

Жұмысқа жалпы сипаттама. Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарда капиталдың қалыптасуы мен орналасуы, капитал туралы түсінік, меншікті капитал, резервтік капитал, жарғылық капитал, бағалы қағаздар және инвестицияны тарту және капиталды шетке шығаруды жетілдіру жолдарын зерттеуді анықтауға арналған.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп айтылады, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, жұмыстың маңыздылығы айтылады.
Бірінші бөлімде «Кәсіпорын капиталының қалыптасуы мен орналасуының теориялық негіздері”, Кәсіпорынның мүлкі және капитал, ақша капиталын қалыптастыру көздері мен ұғымы, құнды қағаздар нарығының қалыптасуы, қызметі және инвестициялар туралы сипатталады.
Екінші бөлімде «Кәсіпорын капиталын орналастыруды талдау”, меншікті капитал есебі, бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері жөнінде қарастырылады.
Үшінші бөлімде «Қазақстан Республикасында капиталды орналастырудың жетілдіру жолдары”, Республикаға шетел инвестицияларын тарту, капиталды шетке шығару және оның қазіргі кездегі ерекшеліктерінің мәні ашылады.
Қорытындыда дипломдық жұмысты зерттеу барысындағы нәтижелер берілген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарын ұсынған. Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі. Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді. Үкімет ұлттық тауар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламаларын қабылдауы қажет. Кәсіпорын және сол кәсіпорындағы қызметтерді жүргізуде сақталынатын заңдылықтар және қызметтердің нәтижесі туралы ақпараттар мемлекетке салық салу және экономика саласында шешімдер қабылдау үшін қажет. Ақпараттардың сақталуы нарықтағы капиталдың тиімді жұмыс жасауын жоғарылатады, сондай-ақ экономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі және баға береді.
Меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығы.
Шаруашылық субъектісі алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасының заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъект құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде акционерлік қоғамға қосқан үлестерінен құралады.
Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа көздерден, тегін түскен мүліктермен, ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Негізгі капитал – бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар — өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралды – заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады: ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру. Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:


Бөлім: Экономика

Добавить комментарий