Материалдық ресурстарды пайдалануға жасалған талдау



Өнім өндіру жоспарларын орындаудың, оның өзіндік құнын азайтудың,

пайданы өсірудің қажетті шарты кәсіпорынды шикізатпен және қажетті ассортименттегі және сападағы материалдармен толық және уақытында қамтамасыз ету болып саналады.

Кәсіпорынның материалдық ресурстарға мұқтаждығын өсіру экстенсивті жолмен (материалдар мен энергияның көп мөлшерін сатып алу және дайындау) немесе интенсивті (күшейту) жолмен (өнім өндіру процессінде қолда бар запастарды неғұрлым үнемді пайдалану) қанағаттандырылуы мүмкін.

Бірінші жол материалдық шығындардың өнім бірлігіне арналған үлестік өсіміне әкеліп соқтырады, алайда оның өзіндік құны бұл жағдайда өндіріс көлемін ұлғайту және тұрақты шығындардың үлесін азайту есебінен төмендейді.

Екінші жол меншікті материалдық шығындарды қысқартуды және өнім бірлігінің өзіндік құнын арзандатуды қамтамасыз етеді. Шикізатты және энергияны үнемді пайдаланудың өндірісті ұлғайтумен маңызы бірдей.

Материалдық ресурстарды пайдалануды және қамтамасыз етуді талдаудың міндеттері:

—         материалдық-техникалық жабдықтау жоспарларының нақтылығын, олардың орындалу дәрежесін және өнім өндіру көлеміне әсерін, оның өзіндік құнын және басқа да көрсеткіштерін бағалау;

—         материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің деңгейін бағалау;

—         материалдық ресурстарды үнемдеудің өндіріс ішілік резервтерін анықтау және оларды пайдалану жөніндегі нақты шараларды жасау. Материалдық    ресурстарды    талдауға    арналған   ақпарат   көздеріне

мыналар жатады: материалдық-техникалық жабдықтау жоспары, шикізаттар мен материалдарды жеткізіп тұруға арналған келісімдер мен мәлімдемелер, материалдық ресурстардың бар болуы және пайдалануы туралы және өндіріске арналған шығындар туралы статистикалық есеп түрлері, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің оперативті мәліметтері, материалдықресурстардың түсуі, шығыны және қалдығы туралы талдағыш бухгалтерлік есеп жүргізу және т.б.

Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуіне талдау жасаған кезде бірінші кезекте материалдық-техникалық жабдықтау жоспарының сапасын тексереді.

Жоспардың нақтылығын тексеруді кәсіпорынның материалдық ресурстарға мұқтаждығын есептеуге негіз ретінде алынатын нормалар мен нормативтерді зерттеуден бастайды. Одан соң жабдықтау жоспарының өнім өндіру мұқтаждығына сәйкестігін тексереді және материалдар шығынының прогрессивті нормаларына сүйене отырып, қажетті запастардың пайда болуын тексереді.

Талдау процессінде сонымен бірге зауыттағы материалдық ресурстар мұқтаждығын оларды жеткізіп тұруға арналған келісім-шарттармен және олардың іс жүзіндегі орындалуын қамтамасыз етуді тексеру қажет.

Сондай-ақ жеткізіп тұрушылардан алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттарға сәйкестігі, келісім-шарттың техникалық шарртарына сәйкестігі тексеріледі, ал олар бұзылған жағдайда жеткізіп тұрушыларға шағым жасалады.

Материалдарды жеткізіп тұрудың мерзімі жөніндегі жоспарды орындауға үлкен мән беріледі. Жеткізіп тұру (поставка) мерзімін бұзу өндіріс жоспарын және өнімді сату жоспарын орындай алмауға әкеліп соқтырады.

Шикізаттар мен материалдардың қоймадағы запастарының жай-күйіне ерекше көңіл бөлінеді.

Ағымдағы, маусымдық (науқандық) және сақтандыру запастары болып бөлінеді. Ағымдағы запастың мөлшері жеткізіп тұру интервалына (күндермен) және бір материалдың орташа тәуліктік шығынына байланысты:

Талдау процессінде шикізаттар мен материалдардың маңызды түрлері запастарының шын мөлшерінің нормативтегі мөлшеріне сәйкестігі тексеріледі. Осы мақсатта ресурстардың нақты бар болуы туралы мәліметтер негізінде және олардың орташа тәуліктік шығыны туралы мәліметтер негізінде материалдармен факті жүзіндегі қамтамасыз етілуді есептеп шығарады және оны нормативтегі мәліметтермен салыстырады.

 

 

Материал Орташа тәуліктік шығын (тұтыну) Факт жүзіндегі запастар Запас нормасы, күндер Ең жоғарғы нормадан ауытқу

Т

Күндер

Ең жоғарғы

Ең төменгі

Күндер

Т

НИ т.б. 

 

20

160

8

12

10

4

80

Артығын және керексіздерін анықтау мақсатында шикізаттар мен материалдар запастарының жай-күйінде зерттйді. Оларды қойма есебінің мәліметтері бойынша кіріс пен шығысты салыстыру жолымен анықтауға болады.

Егерде қандайда бір материалдан жыл бойына және одан да көп уақыт бойына шығыс (тұтыну) болмаса, онда оларды көп қолданылмайтын топқа жатқызады және жалпы құнын есептеп шығарады.

Ең соңында өнім өндірісі көлемінің өсуі (кемуі) оның әрбәр түрінің өзгерістері арқылы анықталады:

—         дайындалған шикізаттар мен материалдардың мөлшері (3);

—         шикізаттар мен материалдардың ауыспалы қалдықтары (қалдық);

—         шикізат сапасының төмен болуына байланысты жоспардан тыс қалдықтар; материалдарды ауыстыру және басқа да факторлар (қалдық);

—         өнім бірлігіне шыққандағы шикізаттың меншікті шығыны (МШ).

Бұл үшін өнім шығарудың мынадай моделі пайдаланылады:

Бұл факторлардың өнім шығаруға әсерін бағалық сүйеме немесе абсолюттік ризница әдісімен анықтауға болады.

Өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шикізат шығынын бұйым конструкциясын оңайлату жолымен, техника мен өндіріс технологиясын жетілдіру, неғұрлым сапалырақ шикізат дайындау және сақтау мен тасымалдау кезіндегі оның шығынын азайту, ақауға жол бермеу, ақауды ең аз қалдық қалғанға дейінгі мөлшерге азайту, жұмыскерелрдің біліктілігін арттыру жолымен және т.б. азайтуға болады.

Қорытынды көрсеткіштерге материалдық шығындардың бір рубліне шаққандағы пайдасы, материалдың тиімділігі, материалдық сыйымдылығын, өндіріс көлемінің өсу қарқыны мен өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығынының ара қатынас коэффициенті, материалдарды пайдалану коэффциенті жатады.

Материалдың ең жоғарғы тиімділігі (пайдалы әсері) өндірілген өнім құнын материалдық шығындар сомасына бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш материалдардың пайдалы әсерін, яғни тұтынылған материалдық ресурстардың әрбір рублінен қанша өнім өндірілгенін сипаттайды.

Өнімнің материалдық сыйымдылығы – материалдық шығындар сомасының өндірілген өнімнің құнына қатынасы – қанша материалдық шығын жұмсалуы қажеттігін немесе өнім бірлігін өндіруге факт жүзінде қанша материал кететінін көрсетеді.

Өнім көлемінің өсу қарқыны мен материалдық шығындардың ара қатынас коэффициенті жалпы немесе тауар өнімі индексінің материалдық шығындар индексіне қатынасымен анықталады. Ол салыстырмалы өрнекте материалдың пайдалы әсерінің динамикасын сипаттайды және бір мезгілде оның өсу факторларын ашады.

Өнімнің өзіндік құнындағы материалдар шығынының үлестік салмағы материалдық шығындар сомасының өндірілген өнімнің толық өзіндік құнына қатынасымен есептеледі. Бұл көрсеткіштің динамикасы өнімнің материалдық сыйымдылығының өзгерісін сипаттайды.

Материалдық шығындар коэффициенті деп материалдық шығындардың факт жүзіндегі сомасының жоспарлы, шығарылған өнімнің факт жүзіндегі есептелген көлеміне қатынасын атаймыз.

Ол өндіріс процессінде материалдардың қаншалықты үнемді пайдаланылып жатқанын, бекітілген нормамен салыстырғанда оның артық шығындалып жатқаны жоқ па екен, соны көрсетеді. Егер коэффициент берден артық болса, онда бұл өнім өндіргуе материалдық ресурстардың артық жұмсалып жатқанын көрсетеді және керсінше, егер бірден аз болса, онда материалдық ресурстар неғұрлым үнемді пайдаланылған.

Материалдық сыйымдылықтың жеке көрсеткіштері материалдық ресурстардың  жекелеген  түрлерін пайдалану тиімділігін сипаттау үшін қолданылады, сондай-ақ  жекелеген бұйымдардыңматериалдық сыйымдылық деңгейінің тиімділігін сипаттау үшін қолданылады.

7- кесте- Нормаланған материалдар шығынына талдау және техникалық-экономикалық есептеулер.

Атауы

Өлшем бірлігі

1 тоннаға арналған норма

1 тоннаға арналған факт

Артық шығын + экономия

Буып-түетін таспа (лента)

кг

4,30

3,13

-196,70

Жарықтандыруға арналған керосин  

 

130,00

94,00

-5,20

Шақпақ мысқа арналған күкірт қышқылы

кг

16,00

16,00

-9,30

Қышқылға төзімді кірпіш

кг

1,40

-201,90

Инне өтетін мата

м2

2,12

2,23

+16,90

Тиомочевина

100,00

90,00

-1,20

Желатин

115,00

112,00

-1,50

Трансформатор майы

105,00

-15,10

Буөткізгіш жеңдер

0,005

-721,00

Мочевина

21,00

0

-3,00

Солярка

418,00

445,00

+3,90

Тұз қышқылы

102,4

22,2

-11,60

«Лотос» ұнтағы

0,076

0,008

-9,80

Технологиялық білте тақтайша (рейка)

М 3

1,59

0,47

-160,60

Күлгін түсті ПАВ

0,10

-14,4

Андезит ұны

кг

0,8

0,26

-60,00

Термобояу

кг

11,00

8,00

-364,50

Спрут пломбасы

дана

2

2

Пакеттерге арналған брус

М 3

0,0059

0,0016

-683,30

Тотияйына арналған п/э қаптар

дана

24

24

ПХВ матасы (ткань)

М 2

                 5,6 

66

               6,1 

74

Буып-түюге арналған құлыптар

кг

                 0,3 

69

               0,3 

21

-6,918
Катод мысына жұмсалатын электрэнергиясы

кВт сағ.

525

582

+8308

Мыс тотияйынына жұмсалатын электрэнергиясы

кВт сағ.

230

207

-27

Катод мысына қажетті бу

Гкал

0,40

0,40

-3,10

Мыс тотияйынына қажетті бу

Гкал

7,20

5,40

-2164,00 

 

2002 жылы цех 3,9 тонна солярканы артық жұмсауға (шығындауға) жол берді. Солярканы артық шығындауға жарықтандыруға арналған керосиннің жоқтығынан соның орнына пайдалану себеп болған.

Электр энергиясы бойынша артық шығын 8308 мың/кВт сағат. Бұл 365 А/м2 дейінгі жоғары тығыздықтағы тоқпен жұмыс істеуге байланысты.

Инеөткізгіш матаның артық шығыны оның 2001 жылдың шығынына жазумен түсіндіріледі. ПВХ матасының артық шығыны шығын нормасының 2002 жылдың қыркүйегінде кмуге қарай өзгеруімен байланысты.

Технологиялық материалдарды үнемдеу ОМТС-тың (материалдық-технологиялық жабдықтау бөлімінің) толық жеткізіп тұрмауына байланысты.


Бөлім: Экономика

Добавить комментарий