Еңбек ресурстарын пайдалануға, жасалған талдау



Еңбек ресурстарына халықтың қажетті физикалық мәліметтері, білім және тиісті салда еңбек дағдысы бар бөлігі жатады. Кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі, оларды тиімді пайдалануы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі өнім көлемін ұлғайту үшін және өндіріс тиімділігін арттыру үшін үлкен маңызға ие. Соның ішінде, кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі және олардың машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды пайдалану тиімділігі және өнім өндірісінің көлемі, оның өзіндік құны, пайда және бірқатар басқа да экономикалық көрсеткіштер.

Талдаудың негізгі міндеттпрі мыналар болып табылады:

—         кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек ресурстарымен тұтастай, сонымен бірге санаттар және кәсіптер бойынша қамтамасыз етілуін зерттеу және бағалау;

—         кадрлар тұрақтамауының көрсеткіштерін анықтау және зерттеу;

—         неғұрлым толық талдау жасау үшін және оларды пайдаланудың тиімділігі үшін еңбек ресурстарының резервтерін анықтау.

Талдауға    арналған   ақпараттар    көзі  болып еңбек жөніндегі жоспар,

«Еңбек жөніндегі есеп» деп аталатын статистикалық есеп, табельдегі есеп пен кадрлар бөлімінің мәліметтері саналады.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі жұмыскерлердің санаттар және кәсіптер бойынша фактіге негізделген санын жоспардағы мұқтаждықпен салыстыру арқылы анықталады. Кәсіпорынның аса маңызды кәсіп иелерімен қамтамасыз етілуіне талдау жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Еңбек ресурстарының біліктілік бойынша сапалық құрамына талдау жасау да қажет.

Атқарылатын жұмыстардың күрделілігіне қарай жұмыскерлердің біліктілік деңгейінің сәйкестігін бағалау үшін орташа өлшенген арифметикалық шама бойынша есептелген жұмыстар мен жұмысшылардың орташа тарифтік разрядтарын салыстырады:

(2.4)

мұнда, Tp – тарифтік разряд; (Тр);

Up – жұмысшылар саны; (Жс);

Егерде орташа разряд жоспарлы разрядтан және жұмыстардың орташа тарифтік разрядынан төмен болса, онда бұл сапасы төмендеу өнімді шығаруға әкеліп соқтырады. Егер жұмыскерлердің орташа разряды жұмыстардың орташа тарифтік разрядынан жоғары болса, онда жұмыскерлерді біліктілікті аз керек ететін жұмыстарға пайдаланғаны үшін оларға қосымша ақша төлеу керек.

Әкімшілік-басқару қызметкерлері (персонал) әрбір жұмыскердің шын білім деңгейінің олардың лауазымына сәйкестігін тексеруі қажет және кадрлар таңдау, оларды дайындауға және біліктілігін арттыруға байланысты мәселелерді зерттеулері керек.

Қызметкерлердің біліктілік деңгейі көп жағдайда олардың жасына, жұмыс өтіміне (стаж) және т.б. байланысты. Сондықтан талдау процессінде қызметкерлердің жасына, жұмыс өтіміне, біліміне байланысты құрамының өзгеруін зерттейді. Олар жұмысшы күшінің қозғалысының нәтижесінде орын алатындықтан, талдау кезінде бұл мәселеге көп көңіл бөлінеді.

Жұмысшы күшінің қозғалысын сипаттау үшін төмендегідей көрсеткіштердің динамикасын есептеп шығарады және талдайды:

—         жұмысшыларды қабылдау айналымының коэффициенті (Кпр);

—         жұмысқа қабылданаған қызметкерлер саны;

—         орташа тізімдік қызметкерлер саны;

—         жұмыстан шығу айналымының коэффициенті (Кв);

—         жұмыстан шыққан қызметкерлер саны;

—         орташа тізімдік қызметкерлер саны;

—         кадрлар тұрақтамауының коэффициенті (Кт);

—         өз өтініші бойынша жұмыстан шыққандардың және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан кеткендердің саны;

—         орташа тізімдік қызметкерлер саны;

—         кәсіпорын қызметкерлерінің тұрақты құрамының коэффициенті (Кпс);

—         бүкіл жыл бойы жұмыс істеген қызметкерлер саны;

—         орташа тізімдік қызметкерлер саны.

Қызметкерлердің  (жұмыскерлердің)   жұмыстан  шығу  себебін зерттеу

қажет (өз өтініші бойынша, кадрлардың қысқартылуы, еңбек тәртібін бұзғаны үшін және басқалары).

Кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамтамасыз етудегі қиыншылықтар қолда бар жұмысшы күшін неғұрлым толық пайдалану есебінен, еңбек өнімділігінің артуы, өндірісті күшейту, өндіріс процесстерін кешенді механикаландыру және автоматтандыру, жаңа мейлінше өндіргіш техникаларды енгізу, технологиялар мен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру есебінен біршама шешілуі мүмкін.

Талдау процессінде еңбек ресурстарына мұқтаджықты қысқарту резервтері жоғарыда аталған шараларды жүргізу нәтижесінде анықталуы керек.

Егерде кәсіпорын өз қызметін ұлғайтса, өндірістік қуаттарды арттырса, жаңа жұмыс орындарын құрса, онда еңбек ресурстарына санаттар және кәсіптер бойынша қосымша мұқтаждықты және оларды тарту көздерін анықтау қажет.

Қосымша жұмыс орындарын құру есебінен өнім шығаруды ұлғайту резервтері олардың өсімін бір жұмыскердің нақты орташа жылдық өніміне көбейту арқылы анықталады:

мұнда — өнім шығаруды ұлғайту резерві;

— жұмыс орнының санын ұлғайту резерві;

Гвф – жұмыскердің нақты орташа жылдық өндірген өнімі.

1.1.         Таблицадағы   жасалған   талдау  2002  жылы  қызметкер   санының

динамикасын барлық абсолюттік көрсеткіштері жақсарғанын көрсетті. Қабылданған 146 адамның саны қосымша цехтарды мыс балқыту зауытының құрамына кіргізудің нәтижесінде бұл цезтардың барлық қызметкерлері ауыстыру тәртібімен БМЗ-ға қабылдануымен байланысты, сондай-ақ Ванюков пешін (ПВ-1) жаңғыртуға мамандар қабылданған болатын.

1.2.        6 – кесте —  Қызметкерлер санының динамикасы

Көрсеткіштер атауы 2000 ж. 2001 ж. 2002 ж.
Жыл басына тізім бойынша тұрғаны

2000

2350

2325

барлық қабылданғаны

48

33

179

оның ішінде
ауыстыру тәртібімен

20

15

149

кәсіпорынның өзі қабылдағаны

28

18

30

барлық шыққандар саны

98

58

37

Оның ішінде
әскерге алынуға, оқуға, зейнетке кетуге байланысты және заңмен қарастырылған басқа да себептермен

48

15

10

еңбек тәртәбән бұзғаны үшін

20

25

өз өтініші бойынша

30

18

27

жыл аяғына тізім бойынша тұрғаны

2350

2325

2467

орташа тізімдік саны

2206

2356

2521

Айналымның көрсеткіштері, %
жалпы айналым

6,61

3,86

8,57

қабылдау бойынша айналым

2,17

1,40

7,10

шығу бойынша айналым

4,40

2,46

1,47

тұрақсыздық коэффициенті

2,16

1,83

1,07

Жұмыстан шыққан адамдар санының азаю проценті (пайызы) 36,2 %-ы құрайды. Жұмыскердің жұмыстан шығарылмағанын, ал 2001 жылы ұрлық жасағаны, жұмысты босатқаны, жұмысқа мас күйінде келгені үшін БМЗ-да 25 адамның жұмыстан шығарылғанын атап кетуі керек. 2002 жылы еңбекақының 30 %-өсірілуі өз еңбегінің нәтижесінде материалдық қызығушылықты арттыруға және соның салдарынан еңбек тәртібін бұзушылар санын азайтуға себеп болды. Сөйтіп, корпорация басшылығының ұмтылысы айқын ақиқат болды, соны шешу арқылы еңбекақы өсірілді, көпетеген міндеттерді шешу арқылы қызметкерлерді басқаруды жетілдіруге қол жетті, солардың бірі еңбекті тиімді дәлелдеу болып табылады. Өз өтініші бойынша жұмыстан шыққандар арасында (олардың саны 2002 жылы 50 %-ке өсті) айтарлықтай бөлікті Қазақстаннан сыртқары өз тарихи отандарына кеткендер құрайды.

Салыстырмалы көрсеткіштерді – қабылдау бойынша айналым мен шығу бойынша айналымды, тұрақсыздық коэффициентін қарастырайық.

Ортатізімдік санға қатысты қабылданғандар саны 5,1 есеге өсті – 1,4 %-тен 7,1 %-ке дейін (қабылдау бойынша айналым). Шығу бойынша айналым 0,6 есеге төмендеуі, абсолюттік шамада ол 2,46 – 1,47 = 0.99 %-ті құрайды.

Салыстырмалы көрсеткіштің — тұрақсыздық коэффициентінің жақсаруы байқалады, ол өз өтініші бойынша және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шыққандардың орташа тізімдік санына қатысты шаманы көрсетеді. Ол 0,6 есеге төмендеді, яғни оның төмендеуі 0,76 %-ты құрады.

Сонымен, 2002 жылғы осы көрсеткіштердің 2001 жылдың осындай көрсеткіштерімен салыстырғанда жақсаруы байқалды.


Бөлім: Экономика

Добавить комментарий