Еттілік және сойыс қасиеттері



Сойыс қасиеттері. Тәжірибелік төлдің сойыс қасиеттерін бағалау үшін 4-4,5 айлық текешіктер әр топтан үш бастан алынып, бақылау сойысы жүргізілді. Сойыс қасиеттерін зерттеу нәтижесі 7-кестеде көрсетілген.

7-кесте – Енелерінен бөлінген 4-4,5 айлық текешіктердің сойыс сапалары (n=3; Σn=12)

Көрсеткіштер

Тәжірибе топтары

II

III

V

VI

Тірілей салмағы, кг

18,93±0,71

18,27±0,60

18,70±0,68

17,87±0,60

Ұша салмағы, кг

8,07±0,44

7,71±0,36

7,98±0,38

7,48±0,36

%

42,63

42,20

42,67

41,85

Іш майы, кг

0,66±0,13

0,53±0,08

0,60±0,09

0,50±0,09

%

3,5

2,9

3,2

2,8

Сойыс салмағы,  кг

8,74±0,54

8,24±0,43

8,57±0,47

7,97±0,45

Сойыс шығымы, %

46,20

45,10

45,83

44,60

Әртүсті аналықтарды біртекті жұптастырудан (II топ), сондай-ақ әртекті жұптастырудан (V топ) алынған текешіктер ұшасының салмағы III топтағы тұстастарынан сәйкесінше 4,7 және 3,5%, VI топтағылардан – 7,9 және 6,7%; іш майының салмағы – 24,5 және 13,2%; 32,0 және 20,0%; сойыс салмағы – 6,1 және 4,0%; 9,7 және 7,5% жоғары болды. Алайда, олардың бұл басымдылық көрсеткіштерінің дәйектілік деңгейі сенімді болмады.

Біртекті және әртекті жұптаудан алынған V пен II топ, VI мен III топ төлдері арасында сойыс  сапалары бойынша анықталған айырмашылық айтарлықтай деңгейде болмады. Бұл олардың осы 4-4,5 айлық жасындағы ет өнімділігіне текелерден гөрі аналықтар генотипі әсерінің жоғары болу мүмкіндігін көрсетеді.

Осыған сәйкес, бұл тұрғыдан біздің зерттеуде әртүсті аналықтар төлдерінің сойыс сапаларының жоғары болуына олардың дене тұрқы мен тірілей салмағының осындай ерекшелігі оң әсер етуі мүмкін деп болжамдауға болады.

Ұшаның морфологиялық құрамы. Бұл ет көрсеткіші біртекті жұптаудан алынған II топ текешіктерінің VI топтағы тұстастарынан басымдылығы ұшаның морфологиялық құрамындағы жұмсақ еттің салмағы бойынша0,56 кг немесе 9,9%-ды, оның үлестік деңгейі бойынша – 0,76%-ды және еттілік коэффициенті бойынша – 0,13 бірлікті құрады (8-кесте).

8-кесте – Тәжірибелік текешіктер ұшасының морфологиялық құрамы (n=3; Σn=12)

Топтар

Ұша салмағы, кг

Жұмсақ ет салмағы

Сүйектердің салмағы

Еттілік коэффициенті

кг

%

кг

%

II

8,16

6,22

76,23

1,94

23,77

3,21

III

7,72

5,84

75,65

1,88

24,35

3,11

V

8,0

6,05

75,63

1,95

24,37

3,10

VI

7,50

5,66

75,47

1,84

24,53

3,08

 

Әртекті жұптау нұсқаларынан алынған III және V топтағы текешіктерде бұл еттілік қасиеттерінің көрсеткіштері біртекті жұптастырудан туған тұстастарының орташа деңгейінде, әртүсті аналықтар төлдерінен төмен, ақ түсті аналықтар төлдерінен жоғары болатыны анықталды.

Ұшаның сұрыптық құрамы. Әртүсті ешкілерді біртекті жұптастырудан алынған II топтағы текешіктердің ұшасы жоғарғы еттілік коэффициентімен ерекшеленуіне сәйкес, олардың ұшасының құрамындағы I сұрып ет бөліктерінің шығымы жоғары болып (74,47%), ақ түсті ешкілерді біртекті жұптаудан туылған VI топ тұстастарынан 1,88%  басым болды.

Ешкілерді түсі бойынша әртекті жұптастырудан алынған III және V топтардағы текешіктер ұшасының осы сапалық көрсеткіші бойынша орташа деңгейде болып, бір текті жұптаудағы ақ түсті аналықтар төлдерінен 1,34 және 0,54% артық, ал әртүсті аналықтар төлдерінен  0,54 және 1,04% кем түсті.

Еттің құнарлылығы. Еттің бұл сапалық көрсеткіші бойынша да әртүсті аналықтар төлі ерекшеленіп, бұл оның химиялық құрамындағы майдан гөрі ақуыздың жоғары мөлшерімен қамтамасыз етілді ( 9 — кесте).

9-кесте – Тәжірибелік текешіктердің ұшасының химиялық құрамы (n=3; Σn=12)

Топтар

Ұша салмағы,

 кг

Құрамы, %

Құнарлылығы, МДж

су

май

ақуыз

күл

II

8,16

68,74

11,24

18,98

1,04

8,91

III

7,72

69,42

11,92

17,62

1,04

8,86

V

8,0

68,96

11,74

18,24

1,06

8,94

VI

7,50

69,43

11,78

17,74

1,05

8,83

Осы V және II топтардағы  текешіктер еті құрамындағы ақуыздың мөлшері III топ тұстастарынан тиісінше 0,62 және 1,36%-ға, VI топтағылардан – 0,50 жә-не 1,24% жоғары, ал майдың мөлшері керісінше 0,18 және 0,68; 0,04 және 0,54% төмен болды.

Ақ түсті аналықтарды әртекті және біртекті жұптастырудан алынған III және VI топтардағы текешіктер етінің құнарлылығы төмен болғанымен, бұл ет сапасы жоғары әртүсті аналықтар тұстастарының басымдылығы жеткіліксіз деңгейде – II топ небәрі 0,6 және 0,9%-ға, V топ – 0,9 және 1,2%-ға тең болды.

Әртүсті текешіктерде сойыс пен еттілік қасиеттерінің жоғарылау, ал ақ түстілерде төмендеу болуы, отандық ешкі тұқымдары малдарының ет өнімділігін сипаттайтын әдебиет деректеріне сәйкес келеді.


Бөлім: Экономика

Добавить комментарий