«Балқаштүстімет» ӨБ жалпы сипаттамасы



«Балқаштүстімет» ӨБ  Балқаш  көлінің  солтүстік жағалауына, Бетпақ дала шөлінде Қоңырат мыс кен орнының базасында салынған.

Оның қалыптасуы 30-шы жылдары, бүкіл елдің индустриясын көтеру кезінде басталды. Қоңырат кен орнын игеру қажеттілігі отандық мысқа деген зор мұқтаждықтан туды, онсыз Ресейді электрлендіру жоспарын жүзеге асыру.

Қазіргі уақытта комбинат түсті металлургиясының күрделі технологиялық схемамен жұмыс істейтін жетекші кәсіпорны болып табылады, және ол өнделетін шикізаттың барлық пайдалы компоненттерін толығымен немесе жартылай бөліп шығаруға мүмкіндік береді.

Солтүстік Балқаш өңірінің геологиясы туралы алғашқы мәліметтер 1910-1915 жылдарға тиесілі, оларда он шақырымдық масштабтағы бірінші геологиялық карта (Мерферт есебі) жасалған. Ауданды жүйелі түрде зерттеу 1928 жылы басталды, Қоңырат алып мыс кен орнының ашылған уақытынан бері, оны қарқынды зерттеу 1930-1937 жылдары жүзеге асырылды. Кен орнын алғашқы ашушы  белгілі Совет геологы, академик М.П. Русаков болып табылады, ол кен орнында 1933-1934 жылдары тікелей жұмыс жасады.

Қоңырат мыс кеніші 1934 жылдан бастап пайдаланылып келеді. Кен орнының жыныстарында (рудаларында) төмендегідей минералдар бар: пирит, молибденит, арсенопирит, холькопирит, барнит, энергит, сфалерит, галенит, халькозин және ковеллин. Құрамында мыс кездесетін негізгі минералдар – халькозин мен халькопирит, сондай-ақ бағалы металлдар. Кен жыныстарындағы (руда) металлдар құрамының (мөлшерін) төмендігіне қарамастан, олардың барлығы байыту циклонда жоғары экономикалық тиімділікпен шығарылып алынады. Тау-кен жұмыстарының көлемі бойынша, техникалық жағынан жарақтандырылуы және техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша кеніш еліміздегі түсті металлургия кәсіпорындарының арасында жетекші орын алады.

Балқаш мыс балқыту зауыты – Балқаш кен-металлругия комбинатының дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ал оның өзі, өз кезегінде, «Қазақмыс» корпорациясы ашық типті акционерлік қоғамының (АТАҚ) филиалы болып табылады. Мыс зауытының бірінші техникалық жобасы 1934 жылы жасалып, 1936 жылы КСРО халық комиссарлары Кеңесімен бекітілген. Сол жылы металлургия цехының құрылысы басталып, ол 1938 жылы пайдалануға берілді. 1938 жылғы 24-ші қараша – қара мыстың бірінші партиясы алынған күн – Балқаш мыс қорыту зауытының туған күні (дүниеге келген) болып есептеледі.  1952 жылға дейін БМЗ тек қана қара мыс шығарып келді, ол одан соң келесі өңдеуден өткізу үшін, яғни рафинадтау үшін Оралдағы зауыттарға жөнелтілді.

Анод мысын өндіру үшін (алу үшін) анод цехы салынды, одан соң ол участок ретінде металлургия цехына жапсарластырылып салынды. Анодтар түріндегі бірінші рафинад мысы (шақпақ мыс) 1952 жылдың мамыр айында шығарылды. Сол жылы электролиз өндірісі іске қосылды, ол мысты жақсылап қоспалардан тазартуға және сонымен бір мезгілде мыс құрамындағы алтын, күміс, селен сияқты бағалы компоненттерді шығарып алуға мүмкіндік туғызды.

1953 жылы БМЗ дамудың жаңа дәуіріне аяқ басты – жекелеген қиын операцияларды механикаландырудан бүкіл өндірісті механикаландыру және автоматтандыру процессіне көшу басталды. 1956 жылы электролиз өндірісінің екінші кезегі жұмыс істей бастады. Сол жылы қара және шақпақ мысты балқытуды арттыруға есептелген зауытты жаңғырту және ылғайту жоспары қабылданды.

1954 жылға дейін металлругия цехы тек өз байыту фабрикасының концентраттарымен жұмыс істеді, мұнда Қоңырат рудасымен бірге мысқа бай Жезқазған  рудасы да өнделді. 1954 жылы металлургия цехына Жезқазғанның концентраттары түсе бастады. 1956 жылға дейін шағылдырғыш пештер жылу электродталығының көмір тозыңдарымен жылытылды. 1956 жылы металлургия цехының участогы ретінде көмір тозаңы фабрикасы пайдалануға берілді. Шағылдырғыш пештер толығымен көмір тозаңымен жылытуға көшірілді.

60-шы жылдары күкіртті газадан күкірт қышқылын алу өндірісі іске қосылды. Күкіртті газ мы сқұрамдас шикізаттарын балқыту процессінде бөлініп шығады. Күкірт қышқыл цехының бірінші кезегі 1962 жылдың 10-шы қазаңында пайдалануға берілді, ал екіншісі – 1966 жылы, үшіншісі – 1974 жылы.

1963 жылдың наурыз айында жуылатын күкірт қышқылынан активтенген (күшейтілген) көмірдің көмегімен ренийді алатын тәжірибелі-өндірістік қондырғы пайдалануға берілді. 1967 жылы рений алу үшін күкірт қышқылы өндірісін сілтілендіру участогы салынды. Бұл атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтар мөлшерін азайтуға мүмкіндік берді, сол арқылы Балқаш өңіріндегі экологиялық жағдайды жақсартуға және бірінші шикізаттан алынатын металлургия өнімдерінің номенклатурасы көбейтуге қол жеткізді.

Технологиялық процессті интенсивтендіру (күшейту) және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында үлкен жұмыстар жасалды.

Мысалы, қымбат тұратын ағаштың орнына мысты қайта қалпына келтіру үшін қазіргі уақытта № 245371 авторлық күәлік бойынша паромазутты қоспа қолданылады. Бұл жаңалықтың авторлары: БКМК мамандары – Н.К. Пивоваров, Н.М. Чурзин, Б.Г. Переседов, Э.А. Симкин, А.В. Иванов, Б.И. Равдонис, Н.С. Федоров.

Әткеншек тәрізді (карусельная) құю машинасынан анодтарды айырып алу үшін Балқаштың инженерлер М.Е. Майсаков пен А.Ф. Ветровтың ашқан жаңалықтары қолданылады (авторлық, яғни зияткерлік күәлік № 188631).

80-ші жылдары мыс балқыту зауытында сұйық ваннада балқыту (ПЖВ) деп аталатын прогрессивті технологяи енгізілді. ПЖВ-ны енгізі құрамындағы мысы мардымсыз шикізаттарды өңдеуге мүмкіндік берді. Бұл кезде келетін шикізаттың құрамы нашарлап, мысқа кедейлеу болатын, ал ПЖВ үшін бұл соншалықты маңызды емес еді. Қазіргі уақытта мыс балқыту цехы бір-бірімен байланысқан үйлесімді технологиялық механизм болып көрінеді, онда соңғы өнім – мысты алуға арналған негізгі технологиялық цехтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін қажетті цехтар бар. Мыс балқыту зауытының соңғы өнімі – тазалық сапасы 99,99 % болатын шақпақ мыс. Мыс ауыр түсті металлдар тобына жатады. Мыстың негізгі тұтынушылары – электротехника, электроника, машина жасау өнеркәсібі, транспорт, химия және құрылыс өнеркәсібі. Мысты алатын көздерге рудалар, олардың байытылған өнімдері – концентраттар мен екінші (қайталама) шикізат жатады.

«Балқаштүстімет» ӨБ-нің Дайнатек фирмасының технологиясы бойынша жұмыс жасайтын мырыш зауыты 2003 жылғы 11-ші қазанда іске қосылды. Технология – мырыш концентраттың автоклавпен сілтілендіруге, мырыш ерітіндісін қоспалардан тазартуға, мырышты электролиздеуге және Zn – 99,995 және Zn -99,9999, Zn – 99,95;  Zn – 99,5 маркалы мырыш құймаларын алуға, сондай-ақ металлургия кәсіпорындары үшін мырыш тотияйыны мен мырыш блоктарын алуға негізделген.

Балқаш мысының тарихы өз бастауын 1928 жылдан алады, себебі сол кезде ленинградтық геолог Михаил Петрович Русаков жүргізілген экспедицияның нәтижесінде Қоңырат төбелерінде руданың орасан зор қоры бар екенін дәлелдеген болатын. Бір жылы біткеннен кейін М.П. Русаков пен Н.И. Наковниктің басшылығымен жүргізілген кешенді экспедиция Қоңыратқа жан-жақты барлау жасауды бастады, ал оның нәтижесі кен орнын мыс рудасының қоры бойынша еліміздегі алдыңғы қатарлы орындардың біріне қойды.

Балқаш көлінің солтүстік жағалауында мыс балқыту зауытын салу туралы Үкімет шешім шығарады, бұл үшін. «Прибалхашстрой» құрылыс мекемесін құрды. Оның бірінші бастығы өнеркәсіп құрылыстарын салуда үлкен тәжірибесі мол В.И. Иванов болды. Мыс алыбының құрылыс салу үшін көмекке еліміздің ең үздік ғылыми-техникалық күштері тартылды. Зауыт құрылысын салуға жобалау ұйымдарының, құрылыс мекемелерінің, машина жасау және басқа да зауыттардың 300-ден аса қызметкерлері қатысты. Балқаш мыс балқыту комбинатының тапсырыстарын Мәскеу мен Ленинградтың және басқа да ірі қалалардың 25 жобалау институттары орындады.

Құрылыс ірі өнеркәсіп орталықтарынан және теміржолдан жүздеген шақырым алыс жатқан таза тақыр жерге салынды, ең жақын өнеркәсіп Қарағанды қаласы болды. Қарағанды-Балқаш теміржол жемісін төсеу бірінші тұрған маңызды іс болды, себебі жұмысшыларға азық-түлік, құрылысқа арналған жүктер қысты күндері жолсыз даламен көлік-арба арқылы және кемелердің тапшылығына қарамастан жазғы күндері жолсыз көл арқылы тасымалданды. 1935 жылдың желтоқсанының аяғында теміржол пайдалануға берілді, ал құрылыс жылдам қарқын алып, жұмыс ырғағын жеделдетуге мүмкіндік туғызды.

Қоңырат кенішінің құрылысын салған кезде экономиалық жағынан едәуір тиімділеу кенді ашық әдіспен алу жұмыстарына тоқталды. Кенге жету үшін 1,5-2 жылда 6 миллионнан кем емес текше метр жер қыртысын аршып-тазалау керек болды. Тек осындай жағдайда ғана руда өндіріп, байыту фабрикасын қамтамасыз етуге болатын еді. 1936 жыл тамаша оқиғамен сте қалды: Қоңырат бірінші рет жаппай жарылыс жасау жұмысымен жабдықталды. Техникалық есептеулерді және жарылыс жасауға дайындықты жас инженерлер Д.А. Қонаев, А.М. Богатиков және А.Я. Лукьянов жүргізді.

1935 жылы байыту фабрикасының корпусын салу басталды. Бұл уақытқа дейін тәжірибелі байыту фабрикасында көптеген эксперименттерден (сынақтардан) кейін руданы флотация әдісімен өңдеу технологиясы оң нәтиже берді.

Сонымен бір мезгілде мыс балқыту зауытының құрылысы жүргізілді. Мұнда еліміздің бүкіл түкпір-түкпірінен адамдар өз еркімен келе бастады, көп уақыт өтпей-ақ интернационалды құрылысқа айналды. Жұмыскерлердің негізгі бөлігі орталық өнеркәсіптік аудандардан келген мамандардан үйрене отырып тікелей құрылыста квалификациялар (мамандықтар) алды. Осылайша ұлттық кадрлар қалыптасты. Сонымен, 1937 жылдан бастап өнеркәсіп объектілері (нысандары) іске қосыла бастады:

20 қараша 1937 жыл – БЖЭО — Балқаш жылу электр орталығы;

21 наурыз 1938 жыл – бірінші концентрат алынды;

25 мамыр 1938 жыл – байыту фабрикасының бірінші секциясы пайдалануға берілді;

шілде 1938 жыл – бірінші шарпу пеші пайдалануға берілді;

осы жылдың 24 қарашасында – алғашқы қара мыс алынды. Бұл күн БКМК-ның туған күні деп қабылданды;

1939 жылы мыс зауытының тәжірибелі байыту фабрикасы жұмысын бастады;

1941 жылы – молибден цехы жұмысын бастады;

1942 жылы – Шығыс Қоңырат кеніші іске қосылды;

1941 жылдың желтоқсанынан 1942 жылдың ақпанына дейін – түсті металлдар өңдеу зауытын монтаждау (құрастыру) жүргізілді;

1942 жылдың мамыры – түсті металлдар өңдеу зауытында (ТМЭЗ) алғашқы түсті прокат алынды;

1948 жылы – ренші өнімдерін шығару басталды;

1951 жылы – Гүлшат кенішін ұйымдастыру;

1952 жылдың ақпаны – анод цехы іске қосылды;

1952 жылдың мамыры – бірінші рет рафинад мысы (шоқпақ мыс) берілді;

1958 жылдың 30-шы қыркүйегі – оттегі станциясы іске қосылды;

1964 жылы – Гүлшат кеніші жабылды – руда запастары пайдаланылды;

1967 жылы – Саяқ кеніші іске қосылды.

Бірінші рет қара мыс берген адамдардың есімдері тарихта қалды, олар оралдық конвертор шеберлері В.Е. және Ф.Е. Лошкаревтар, В.Г. Баранов, А.О. Вепрев, шарпу пешінің жұмыскерлері В.А. Гужавин, М.Ф. Трофименко, А.Т. Тілеуғабылов, Ф.Ф. Бундин.

Мыс алыбының қалыптасу және даму жыл намасының жарқын беттері «Прибалхашстройдың» бірінші директоры В.И. Ивановтың, Мемлекеттік сыйлықтың тұңғыш лауреаты Е.Н. Антоновскийдің, бірінші инженер-байытушы Қ. Қадыржановтың, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары – гидрометаллургиялық қайта балқыту қалдықтарынан ренийді алудың жаңа технологиясын жасаушылар Ю.К. Победонощевтің, Н.В. Бурундуковтың, П.А. Лобановтың, Б.Н. Ранскийдің,оттегсіз мыс вайербарстарының автоматтандырылған өндірісін өнеркәсіпте игергені үшін мемлекеттік сыйлық алған А.В. Новиковтың, Л.П. Фридманның, И.П. Михайловтың есімдерімен байланысты.

1974 жылғы 24 шілдеде мыс концентраттарын сұйық ваннада балқытатын (ПЖВ) тәжірибе пеші пайдалануға берілді, алайда аталған технологияны сәтті сынақтан өткізу тек қана 1979 жылы аяқталды;

1976 жылы – ағылшынның «Уникаст» фирмасының лицензиялау келісімі бойынша сым дайындамаларын үздіксіз құю қондырғысы пайдалануға берілді;

1980 жылы 26 тамызда – түсті металлдар өңдеу зауытындағы жаңа прокат цехының бірінші кезегі пайдалануға берілді;

1981 жылдың шілде айында мыс-молибден байыту фабрикасы (ММОФ) біріктірілді, ал сол жылдың желтоқсанында мысты-электролиздеу цехының (ЦЭМ) шлам бөлімшесі іске қосылды;

1985 жылдың қыркүйегінде – сұйық ваннада балқыту пешінің тәжірибелі-өнеркәсіптік қондырғысы іске қосылды, ал қараша айында ПЖВ-2 (2 – сұйық ваннада балқыту пеші) пайдалануға берілді;

1994 жылы мыс катанкаларын (ПИМА) өндіретін цех іске қосылды;

1993 жылы Мехико – БКМК сапа үшін берілетін «Алмас жұлдыз» (Бриллиантовая звезда) Халықаралық жүлдесін жеңіп алды;

Мадрид, 1994-1995 ж.ж. – «Коммерциялық беделі үшін» Халықаралық жүлдесі;

Мадрид, 1995 жыл – «Әлемдік бизнеске үлес қосқаны үшін» Халықаралық жүлдемі;

1996 жылы эмаль сымдары цехында алғашқы мыс сымы алынды;

1997 жылы бағалы металлдар зауытының (ДМЗ) құрылысы аяқталды, бірінші алтын кесегі (сом алтын) құйылып, бірінші түйіршіктелген күміс алынды;

Сол жылы «Балқашмыс» АҚ-ын басқару мәселелеріне қатысты айтарлықтай өзгерістер болды. 20 қаңтарда «Балқашмыстың» мүліктік кешендерін сатып алу жөніндегі тендерде;

Оңтүстік-Кореяның SAMSUNG компаниясы жеңіске жетті. 1997 жылдың 7-ші ақпаны күні «Балқашмыстың» мүліктік кешенінің базасында «Қазақмыс» корпорациясының құрылымдық бөлімшесі ретінде БКМК құрылды;

Тарих, 2000 жылы – БКМК-ға «Ең үздік сауда маркасы үшін» Халықаралық жүлдесі табыс етілді;

Женева, 2001 жылы – «Технология мен сапа үшін» Халықаралық жүлдесі»;

2000 жылы – Ванюков пеші кешенін жаңғырту (реконструкция) аяқталды;

2001 жылы – мырыш зауытының құрылысы жүргізіледі;

2001 жылы – Шатыркөл кенішінде және Саяқ кенішіндегі жер асты ұңғылауларында тау-кен қуаты дамытылады.

Бүгінгі күні БКМК – Қазақстан Республикасындағы түсті металлургияның ірі өнеркәсіптік кәсіпорны, оның негізгі қызметінің мәні: катод мысын, бағалы металлдарды және меншікті руда базасының шикізаттарынан және сырттан келетін шикізаттардан басқа өнімдерді, оттегін, халық тұтынатын тауарларды және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлерін өндіру және сату.

БКМК «Қазақмыс» корпорациясы АТАҚ-ның заңды тұлға ретіндегі мәртебесі жоқ филиалы болып есептеледі. БКМК-ның өндірістік-шаруашылық қызметіне байланысты операцияларды жүргізуге арналған ұлттық және шетелдік валютада ағымдағы есепшоты бар. Өнеркәсіптік қуаты негізгі және көмекші өндірістердегі алатын саны және өзге де факторлар бойынша БКМК корпорацияның екінші бөлімшесі болып табылады.

Негізгі өнім түрлерін шығару бойынша:

БКМК-ның өндірістік мүмкіндіктері (жылына):

  1. Катод мысы – жылына 130000 тоннадан жоғары;
  2. Алтын кесегі – 1000 кг. жоғары;
  3. Күміс кесегі (түйіршіктелген) 360000 кг. шамасында;

Шығарылған   өнімдерді   «Қазақмыс»   корпорациясы АТАҚ-ы әлемдік

нарықтың негізгі биржасы – Лондон металлдар биржасының бағасы бойынша сатады.

Нарықтағы сатылатын өнімнің көлемі мен үлесі нарықтағы бағалы қағаздар бағамының (конъюнктура) өзгеруімен тікелей байланысты. Соңғы уақыттарды базалық металлдар бағасының төмендеуіне күшті тенденция байқалады, оған мыс та жатады.

Дәл осы уақытта БКМК аймақтағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың кепілі болып отырғанын атап өткеніміз маңызды. Комбинат болашақ қала жасаушы кәсіпорын ретінде тек өзінің 11 мыңнан астам жұмыскерлерінің және олардың отбасыларының тұрақты табыс көзін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп қана қоймай, БКМК-мен байланыстағы муниципалды инфрақұрылымды қамтамасыз етуі де жағдай жасайды.


Бөлім: Экономика

Добавить комментарий