CУДЫҢ ОРТАСЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН АППАРАТТАРЫ



Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………………………………..3

І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.СУДЫҢ ОРТАСЫНЫҢ САПАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ

1.1 Судың ортасы сапасының маңыздылығы…………………………………………………….5

1.2 Су ортасының сапасының көрсеткіштері мен оған қойылатын қондыр-

ғылар………………………………………………………………………………………………………….6

1.3 Су ортасының сапасын бақылау мақсатында суды ластағыш көздерінен тазарту…………………………………………………………………………………………………………….8

ІІ. СУДЫҢ ОРТАСЫНЫҢ САПАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР МЕН БАҚЫЛАУЛАР

2.1 Судың ортасының сапасына қойылатын талаптар………………………………………11

2.2 Мембраналармен тұщытылған сулардың тазалық сапасына қойылатын талаптар…………………………………………………………………………………………………….14

2.3 Электродиализ тәсілімен судың ортасының сапасына қойылатын талаптар..15

ІІІ СУДЫҢ ОРТАСЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ӘДІСІНДЕ ЕСІЛ ӨЗЕНІНІҢ СУЫН ТАЛДАУ

3.1 Есіл өзенінің сапасын бақылау…………………………………………………………………16 3.2 Есілдің суының сапасын ұлғайтуға арналған іс-шаралар……………………………19

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………….21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………………..22

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының су пайдалану мәселелері 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған су кодексі мен реттеледі. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдардың сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреттерін айқындау мақсатында әзірленген «ҚР Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 2009 жылдың 2 қыркүйекте мақұлданды. Бұл құжаттар бізге қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға және экология мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік берді.

Жер бетіндегі судың жапы мөшері 14 млн км3 шамасында. Бірақ қолданыста жарамды тұщы сулардың стационарлық қоры гидросфераның 0,3% көлемін ғана алып отыр. (4 млн км3 шамасында)

Біздің жер шарымызда су үнемі айналымда болады. Дүние жүзі мұхиттарыны бетінен жылына шамамен 412 мың м3 су буланады, ал оларға қайта түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 310 мың км3 шамсында болады /1,8/. Табиғатта су таза күйінде кездеспейді. Бұған мысал ретінде жауын-шашынның құрамында 100 мг/л дейін жететін әр түрлі ластағыштар дәлел бола алады.

Қалаларды, ауылдарды және өндіріс мекемелерін ортақтандырған су жүйесмен қамтамасыз ету техникалық — экономикалық және ұйымдастырған шаралардан тұратын күрделі жүйе болып табылады. Олардың рационалды түрде бақыланып отырылуы қала мен ауылды жерлердің санитарлық жағдайының деңгейін анықтап, халықтың тіршілгіне қолайлы жағдай туғызады.

Адамзат тіршілігінде маңызды зор тұщы су қорларын шектелген және жер беті мен жер қойнауларында әркелкі таралған/8,10/. Бұндай сулардың көп мөлшері өндіріс орындардың тұрмысына қажет болса, кейбір мөлшері ауыл шаруашылығында, балық аулауда қызметі зор.

Қазіргі кезде адамдардың тіршілік қолданысының артуы нәтижесінде тұрмыстық және шаруашылық бағытта судың бағасы арттырылуда. Орта шамамен бір адам тәлігіне 250 литр су пайдаланады /1,6/. Бұдан су дефициті қауіпті туу мүмкін, ал бұл өз алдына табиғи су қорларының тиімді пайдалану мәселелерін туындатады.

Біздің заманымызда үнемі қолданыста болатын су сапасының деңгейін жоғары дәрежеде екеніне күмән келтіруге болады.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде елімізде қалалық су тасымалдау жүйесінің 60 жуығы авариялық жағдайда. Одан басқа қала сыртындағы ауылдар мен ауылды жерлері есептемегенде, ал бұдай жерлерде табиғи судың сапасы санитарлық нормалардан әлде-қайта алыс /3,6/. Көптеген өтіп жатқан ғылыми конференциялардың мәліметтеріне сүйенетін болсақ біздің краннан тек ішуге ғана емес, тіпті тұрмыстық шараларға жарамсыз су ағып жатыр. Тұрмыстық қолданысқа бағытталған су алдын-ала тазалығыш қондырғыштарда улансыз-дандырылып, тазаланады. Бұндай сулар негізінен беткей қорлардан алынады. Тазалану барысында су сақтау қоймаларына жеткен кезде СанПиНа ең жоғарғы нормаларына сәйкес келді Бірақ көп киллометрлі коррозияға ұшыраған трубалармен жылжыған кезде, оның сапасы күрт төмендейді, мөлдірлігі азайып, иісі пайда болады, құрамында темір, мыс, мырыш және тағы басқа ауыр металдардың мөлшері жоғарылап, суға әр түрлі улы компоненттермен қоса конструкциялық және герметизделген материалдардан бактериялар түседі. Ал бұндай ластанған су адам организімне түсіп әр түрлі аллергияның және қан ауруларының тууына алып келуі мүмкін.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Судың ортасының сапасын бақылау әдістерін мен қондырғыларды қарастыру

Курстық жұмыстың міндеті:

— судың ортасының жалпы маңыздылығымен танысу;

-судың ортасының сапасының көрсеткіштерін зерттеу, судың сапасын ұлғайтатын қондырғыларды қарастыру;

-судың тұтыну сапасына қойылатын гигиеналық талаптардың түрлерін қарастырып, сапасына бақылау жасау;

— ас суымен қамтамасыз ететін су жүйесіне қойылатын гигиеналық талаптарды қарастыру, судың құрамында болатын ластағыштардан тазалау әдістерін зерттеу;

-судың ортасының сапасын бақылау барысында Есіл өзені суының сапасын қарастыру болып табылады


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий