Қорғалжын қорығының қазіргі экологиялық жағдайы



Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………3

I ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.

1.1. Табиғаты қорғау және оның маңызды түрлері…………………………6

1.1.1. Табиғатты қорғау оның мазмұны міндеттері…………………………………..6

1.1.2 Ерекше қорғауға алынған территориялар …………………………………………9

1.1.3. Қорғалжын қорығының гидрологиялық жүйесі және климаты……. 14

II Зерттеу нысандары мен әдістері………………………………..18

2.1. Зерттеу нысаны……………………………………………………………18

2.2. Зерттеу әдістері…………………………………………………………..19

III Зерттеу нәтижелерін талдау……………………………………20

3.1. Теңіз-Қорғалжындық көлдер жүйесі………………………………………………..21

3.2. Шалқар-Біртабан көлдер жүйесі………………………………………………………..43

3.3. Ұялышалқар көлдер жүйесі………………………………………………………………45

3.4. Жарлыкөл-Қарасор көлдер жүйесі………………………………………………………47

3 .5. Қорғалжын қорығының жануарлар дүниесіне сипаттама …………………48

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………….51

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………52

Кіріспе

Республикамызда Қорғалжын қорығын ұйымдастырудаға басты мақсаты – қанаттыларды үркітпей, олардың қорын еселеп арттыруға жағдай жасай отырып , осы көлдер иесі болатын аққу, қаз, үйректердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеп , олардың өміріндегі нелер құпия сырларды ашу. Теңіз көлін жер шары жұртшылығының назарын аударып отырған тамаша құс – қызыл қаздар базарына айналдыру. Бірақ, қорықтың алдына қойған мақсатын толық жүзеге асыру үшін күні бүгінге дейін кедергі болып, шешілмей келе жатқан кейбір проблемалар бар. Олардың ішіндегі ең бастысы — көлдерді сумен қамтамасыз ету мәселесі . Соңғы жылдары Құра және Құланөтпес өзендерінің бойынан 25 – 30 мың гектар шабындық жерді суландыру үшін бірнеше бөгеттерсалынғаны мәлім . Бұл жағдай көктемде Қорғалжын көліне су жеткізбей жүр . Соған сәйкес осы көлдің суы тайыздап , тіпті шалшық сулар кеуіп қалады . Осының салдарынан қызылқаз , аққу сияқты құстардың азайып бара жатқаны байқалады . Бұл қорықты шын мәнінде «құс базарына» айналдыру үшін ондағы су деңгейін бір қалыпта ұстау мәселесін дер кезінде шешкен дұрыс . Ол үшін Құра мен Құланөтпес өзендерінің суының белгілі мөлшерін Қорғалжын көліне жылма жыл жеткізіп.

Сол сияқты қорық қойнауын келешек браконьерлер «жауаш» шабуда . Көктемде су беті мұздан арыла бастасымен – ақ көлде ондап — жүздеп моторлы қайықтың үні естіледі . Осындай транспортпен жабдықталған балықшылар ауларын қанаттылар жаппай ұя салып , жұмыртқалайтын қамыс – құраққа таяу құрады . Сөйтіп , мотор үнімен құстардың тыныштығын бір бұзса , екіншіден , балықшы толарына көптеген қаз , үйрек , қасқалдақтар шырмалып қалады . Бұл жерде мемлекеттік қорықтар ережесінде айтылған негізгі принциптердің бірі – қорғауға алынған алқапта табиғат байлықтарына тіпті қол сұғуға болмайтындығы туралы ережені бұзып отырғандығы туралы ережені бұзып отырғандығын көреміз . Тәжірибе көрсетіп отырғандай , қорық ұйымдастырып , қорғауға алынған аймақта балық заводының жұмыс істеуі ондағы табиғи байлықтарды қорғаумен тіпті де сиыспайды .

Теңіз-Қорғалжын көлі-тек қана ең үлкен айдын емес, сонымен бірге бүкіл еуроазиялық континенттегі керемет жерлердің бірі. Бұл жерде құс миграциясының екі маңызды жолдары қиылысады-Орта-азия және Сибирь-оңтүстік еуропалық. Азиядағы ірі суда жүзетін құстардың 112 түрі осы қорықты өздерінің тұрғындарына айналдырған, ал ұя салатын құстардың саны 350- ге жетеді. Су қоймаларында жылына екі рет құстар қайту кезінде аялдама жасайды. Жазғы түлеу кезінде мұнда Қазақстанның солтүстігі мен орталығынан, Сибирьдің батысы мен шығысынан құстар жиналады. Мұнда көбіне торғайлар, олардың үштен екісі бес тұқымдасқа жатады: сандуғаш, сиырқұйрық, құнақ, қаратамақ және сарыторғайлар. Түрлерінің саны бойынша тағы төрт отрядқа бөлінеді: шалшықшы, сүйек тұмсықтылар, жыртқыш және шағалалар.

Ежелгі Теңіз көлі…. Оның аралдарында ұялайтын құстары да ежелгі-керемет қызғылт қоқиқаздар біздің табиғатымыздың ең әдемі құстары болуы мүмкін. Бұл жер қоқиқаздардың ең көп мекендейтін жері. Олар Теңіз-Қорғалжын көлін Тетис теңізі басып жатқан палеоген дәуірінде ұя сала бастаған. Маусымында қоқиқаздардың саны алпыс мыңға жетеді. Теңіз көлі 15-16 миллион құстардың қоректік қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Жалпы алғанда, ұшып-қону жолы жағынан Теңіз-Қорғалжын көліне тең келетін көл жоқ.

Көл және жағалауды мекендеушілерден де басқа қорықта шөл дала жануарлары да қызықты. Қызыл кітапқа ақбас тырна және тарғақ құс сияқты дала жануарлары енген. Қорғалжын қорығының аймағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстардың 22 түрі анықталған: жалбағай, қарабай, қара тырна, сұңқылдақ аққу, қарашақаз, жорға дуадақ және т.б. Олардың 16 түрі қызыл кітапқа, ал бір түрі /ақтырна/ -Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енген. Түлкілер мен жабайы қабандар, қояндар және құлақты кірпішешен – шөлді аймақтардың тұрақты тұрғындары. Әлсін -әлсін қорық аймағына Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сибирьден сілеусін, елік, бұлан сияқты орман аңдары келіп тұрады.

Анықтамасы бойынша қорық — назар салып бақылау және зерттеу құралы. Оны ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап онда ҚР ҒА зоология институты мен ҚАЗМУ мамандары ғылыми жұмыстар жүргізуде. «Қорғалжын қорығының құстары» атты монография –осы бір қызық аймақтың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі. Осыдан басқа мұнда үлкен ағартушылық жұмыстары да жүргізілуде.

Баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында 1968 жылы құрылған Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстан Республикасының қазіргі қорықтарының арасындағы ең үлкені болып табылады. Аталмыш табиғат қорғау аумағы құстардың жаһандық миграция бағытының түйіскен жерінде орналасқан көптеген көлдер аумағы болып есептеледі.

Бұл Қазақстандағы және бүкіл Азиядағы жыл құстарының маңызды сулы-батпақты жері болып табылады.

БҰҰДБ қорықтың биологиялық әр түрлілігі бірегей екенін атап көрсеткен. Ол флораның 374 түрі мен су және құрғақ жануарларының 1400 түрін қамтиды. Қорықтағы құстардың 333 түрі бар. оның 126 түрі аталмыш аумақта ұялайды. Теңіз бен Қорғалжын көлдерінің құстарының сулы-батпақты кешенінің 112 түрі бар. ол Қазақстандағы белгілі 130 түрдің 87 пайызын құрайды.

Қорық аумағында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің 60 түрі бар, деп атап көрсетілген баспасөз баянында. Тіркеу мәліметтеріне сүйенсек, қорықтың көлдерінде әлемдегі бұйра бірқазанның 20 пайызы және тағы бір сирек кездесетін түр ақбас үйректің 10 — 20 пайызы шоғырланған. Сондықтан 1974 жылы Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты жерлері Рамсар конвенциясына сәйкес, әлемдік маңыздылығы бар сулы-батпақты жерлер қатарына жатқызылған. 2000 жылы Теңіз көлі әлемнің нағыз бірегей көлдері кіретін «Тірі көлдер» халықаралық желісіне қосылды.

2007 жылы аталмыш табиғат қорғау аумағының қорықтық көлдері «Әлемнің басты орнитологиялық аумақтары» тізіміне қосылған. Ал қазіргі уақытта Қорғалжын қорығының ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұра конвенциясының аясына ену мәселесі қарастырылуда.

«Қорық Жаһандық экологиялық қор жобасының, БҰҰ мен Қазақстан Республикасы үкіметінің сулы-батпақты жерлерді сақтау жөніндегі даму бағдарламаларының қамқорлығындағы жерлердің бірі болып табылады. Аталмыш жоба аясында 2004-2005 жылдары мұнда ауқымды гидрологиялық, геоботаникалық, флористикалық және фаунистикалық зерттеулер жүргізілген. Онда Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми мекемелерінің мамандары мен қорық қызметкерлері қатысқан. Аталмыш зерттеулер нәтижесі Қорғалжын қорығын кеңейту қажеттілігінің ғылыми негіздемесіне дайындық болды. Ол кейінірек биыл жарияланған «Қазақстандағы жаһандық маңызы бар сулы-батпақты жерлері» («Глобально значимые водно-болотные угодья Казахстана») атты монографиялар сериясының томдарының бірінде жарияланды», — деп көрсетілген баспасөз-релизінде.

Ерекше қорғалатын аумақ территориясы екі еседен астам ұлғаяды деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сонымен қатар, сирек жануарлар мекендейтін жерлері мен сирек өсімдіктердің өсетін орындары қарауылға алынады. Оның ішінде өңірдің далалық экожүйесі де бар.

Жалпы, аумағы екі жарым мың шаршы метрді құрайтын Қорғалжын қорығында құстың жүзден астам түрі мекендеп ұялайды. Енді бұл Қорық шекарасына халықаралық үлгідегі арнайы белгі орнатылды. Осыдан бастап бұл аймақ ерекше қорғауға алынады. Қорғалжын аймағында тұзды және жұмсақ 76 көл бар. Мұнда ұшып келетін құстардың 20ға жуық түрі сирек кездесетін және жоғалып бара жатқандар. Құстардың ұшып келетін мезгілінде ең көп күтілетіні қызғылт қоқиқаз. Олар көбінесе Теңгіз көлінде мекендейді.

«Қорғалжын» мемлекеттік қорығы ерекше қорғауға алынған халықаралық нысанға айналды. Отандық және шет елдік орнитологтар бұл орындарды құстардың мекендеуіне аса қажет деп отыр. Жалпы, аумағы екі жарым мың шаршы метрді құрайтын Қорғалжын қорығында құстың жүзден астам түрі мекендеп ұялайды


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий