ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫН БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

Бөлім 1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ САПАСЫН КӨТЕРУ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАСЫ

1.1 Қоршаған ортаның сапасын көтеру адамның өмір сүруін жақсартатын фактор5

1.2 Қоршаған ортаның сапасын бағалаудың әдістемелік бағыттары9

2 ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫН БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА

2.1 Қоршаған ортаны ластау мен негізгі қайнар көздері16

2.2 «Шымкентмұнайоргсинтез» ААҚ-да қоршаған орта сапасының құрамдастарын талдау20

2.3 «Шымкентмұнайторгсинтез» ААҚ шарттарында қоршаған ортаның сапасын басқарудың ұйымдық-экономикалық жүйесі31

ҚОРЫТЫНДЫ36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ37

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақыттың негізгі экологикалық аспектілері болып табылатын қоршаған ортаның жағдайы мен абыржуы, экологикалық проблемалардың глобализациясы, халықтың денсаулығы мен қоғамның ырысын анықтайтын ең маңызды проблемалардың қатарында тұр.

Ғылыми-техникалық прогрестің екпінді дамуы соңғы жүз жылдықтың ішінде қоғамның өміріне көптеген игіліктерді әкелді, олар өмір сүрудің деңгейі мен жайлығын көтеруге, адамдардың ауқаттылығын жақсартуына болысты. Бірақ бұл дамуының ар жағы да бар, ол табиғи байлықтарды өндірудің қарқындауымен және ластаушы заттар көлемінің артуымен қатар жүреді. Осы жағдайлар қоршаған орта күйінің нашарлауына әкеліп соқтырды.

Адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасы өзінің критикалық шекарасына жетті. В.И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам «мықты геологиялық күшке» айналды, ол өзінің еңбегі мен ойы арқылы табиғатты одан әрі басып, өз өмірінің болмысын позитивті қайта құру мүмкіншілігіне ие, бірақта табиғи процестердің заңды өтуін бұзып, өзіне лайықсыз өзгерістерді тудыруы мүмкін. Адам өзін табиғаттың заңдарына бағынатын, оның бір бөлігі екендігін, оның дамуы басқа тірі организмдерінің дамуымен параллельді жүретінің ұмытып барады.

Қоршаған орта, адамның, тірі организмнің биологиялық түрі ретінде өмір сүрудің және репродукциясының қажетті шарты болып табылады. Бұл жағдайда қоршаған орта өмір сүрудің физикалық негізін, адамның интеллектуальді, қоғамдық және рухани дамуын қамтамасыз ететін қажетті қасиеттері мен сапаларына ие болуы керек.

Орнықты дамудың принциптерін жүзеге асырудың басты мәселесі ретінде азаматтардың сапалы, саулы да жайлы қоршаған ортаға конститу-циялық құқықтарының қамтамасыз етуін ұйғарады. Қазіргі уақытта өндіріс дамуының деңгейін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қоршаған ортаның сапасымен тікелей өзара қарым-қатынаста қарастыруды керек етеді. Бірақта қоршаған орта сапасының жаппай нашарлауы қоршаған ортаны қорғау сферасындағы бар басқару механизмі жай халықтың ғана емес, бүкіл экожүйенің экологиялық талаптарын қанағаттандырмайтынын көрсетеді.

Сондықтан қоршаған ортаның сапасы мен негізгі құндылықтарын, табиғаттың байлықтарын сақтау үшін қоршаған ортаны түрлендіру мен қорғауды жетілдірудің шараларын зерттеп жасау керек. Бұл проблеманы шешу әр түрлі іс-әрекеттердің кешенін құрайды, олардың арқасында қоғам қоршаған ортаның сапасына саналы және оң әсер етеді, ал бұл тек қана ең кең аумақты мағынадағы тиімді басқару кезінде мүмкін болады.

Ол үшін, алдымен басқару объектісін зерттеуден бастау керек, яғни «қоршаған ортаның сапасы» деген не екендігін анықтау керек.

Тарихи қалыптасу бойынша, «сапа» деген анықтама материалдық өндіріспен ғана байланысты, «сапа» деген ұғым тек өнімге ғана тиісті болды, басқа ештенеге байланыспады.

Қазіргі уақытта қоршаған ортаның сапасымен байланысты зерттеулерде әртүрлі ұғымдарды пайдаланады, олардың көпшілігі қоршаған ортаның ластануы, қаупі мен дискомфорты, халықтың ауру-сырқауы және т. б. сезгіштік негізінде анықталады. Сонда да адамзаттың өмір сүруде жаңа проблемалары, алып әлеуметтік қозғалыстары пайдаланылатын ұғымда-рының ешқайсысын көпке танымал деуге негіз бермейді. Бұның бәрі теориялық жанжалдарға әкеліп соғады, осы жанжалдардың ар жағы — әлеуметтік-экологиялық саясатының стратегиясы мен тактикасы дамуының үлкен шешілмеген проблемалары, қоғамның өмір сүруінің шарттарын қамтамасыз етуге қажетті көлемі бойынша үлкен инвестицияларды негіздеу болып табылады.

«Қоршаған ортаның сапасы» деген анықтаманы баяндаудағы көз қарастарының көптігі «қоршаған орта» анықтамасының мағынасын баяндағанда тәсілдерінің көптігімен түсіндіріледі, сондықтан «қоршаған ортаның сапасы» дегенге анықтама беру алдыңда «қоршаған орта» деген анықтаманы дәлірек баяндау керек.

Қоршаған орта – бұл қазіргі уақыттың ғылымы мен тәжірибесінің негізгі категориялардың бірі. Интеграцияланған басқару мен бақылау объектісі ретінде табиғат емес, нағыз қоршаған орта болып табылады.

Оқу мақсаттарына байланысты әр түрлі зерттеушілерінде өздерінің тәсілдері, ойлаудың әдеті мен стилі қалыптасты, ал бұл осы анықтаманың қазіргі ғылыми әдебиетінде сан алуан трактовкаларды анықтады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында қоршаған орта сапасын бақылау түрлері мен тәсілдерін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті:

-әдебиеттерге шолу жасай отырып қоршаған ортаның сапасын көтерудің ғылыми-теориялық проблемаларын қарастыру;

-қоршаған ортаның сапасын көтеру адамның өмір сүруін жақсартатын факторларды зерттеу;

-қоршаған ортаның сапасын бағалаудың әдістемелік бағыттарын анықтау;

-қоршаған ортаның сапасын Оңтүстік Қазақстан облысының мысалында талдау

-қоршаған ортаны ластау мен негізгі қайнар көздеріне тоқталу;

-«Шымкентмұнайоргсинтез» ААҚ-да қоршаған орта сапасының құрамдастарын талдау;

-«Шымкентмұнайторгсинтез» ААҚ шарттарында қоршаған ортаның сапасын басқарудың ұйымдық-экономикалық жүйесін қарастыру осы жұмыс-тың міндеті болып саналады.


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий