Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық тастандыларын атмосфералық ауаға әсері



М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3

І. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

ҚАТТЫ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасындағы қатты тұрмыстық тастандылардың

құрамы…………………………………………………………………………………………………..5

1.2 Қатты тұрмыстық тастандылардың жинақталу көздері……………………………8

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ

ТАСТАНДЫЛАРДЫҢ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАҒА ӘСЕРІ

2.1 Қатты тұрмыстық тастандылардың қалалардағы қоқыстар орнындағы

жинақталу жағдайы және оның қоршаған орта компоненттеріне әсері…..11

2.2 Қатты тұрмыстық тастандылар мәселесін шешудегі қазіргі жүргізіліп

отырған шаралар………………………………………………………………………………….16

2.3 Қатты тұрмыстық тастандылар мәселесін шешудің кешенді жолдары…..19

ІІІ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ТАСТАНДЫЛАР ЫҚПАЛЫНАН ТАБИҒАТТЫ

ҚОРҒАУДЫҢ ШАРАЛАРЫ

3.1 Қатты тұрмыстық тастандылар ықпалынан табиғатты қорғаудың бағдар-

ламалары мен шаралары……………………………………………………..24

3.2 Қалдық өңдеу зауыты экологиялық ахуалды жақсартады…………………25

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………….29

Кіріспе

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Азамттың табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдыруда. Қазіргі кезде экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төңдіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез-келген аумақтардан көруге болады.

Экологияны қорғау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес, жүйелі түрде, кешенді жүргізілетін, ұзақ мерзімді, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар проблемаларға айналып отыр. Өйткені, жалпы айтқанда экологияны қорғау еліміздің тұрмысы мен әл-ауқатының артуына, денсаулығының мықты болуына, айналаның, қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының өркендеуіне және т.б. жағдайларды жақсаруына әкеп соғады.

Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы – экологиялық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық бағыттарын айқындай отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғат пайдаланудағы экологиялық шектеулер арқылы мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін және тұрақты дамуының негізгі ірге тасы болып табылады. Бірақ, қазіргі мекемелер белгіленген лимиттерді және қоршаған ортаны қорғау талаптарын үнемі орындай бермейді. Мекемелер экологиялық акцияларды жүргізу барысында қазіргі және болашақ ұрпақ алдында қоршаған ортаның ластануының алдын алу жауапкершілігін біледі. Бірақ, экологиялық зиянды қызметпен айналысатын адамдар пайда табудың арқасында, өз уақыттарын экологиялық жағдайдың қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасауға жұмсамайды. Сондықтан да мемлекет экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші субъект ретінде барлық субъектілерге бірінші кезекте экологиялық мүдденің тұруына ықпал етуі қажет. Сол себептен азаматтардың экологиялық мүдделерін қорғау үшін қоршаған ортаны қорғауда қолайлы механизм табу қажет.

Тақырыптың өзектілігі: Басқа елдердегідей тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану Қазақстан Республикасында да да басты мәселе болып отыр. Қалалық аумақтардың экономикалық және шаруашылық жағдайларының ерекшелігі, әсіресе қала аумақтары тұрмыстық қорының ерекшеліктері ТҚҚ морфологиялық құрамын айқындайды. Тұрмыстық қатты қалдықтардың құрамы бойынша әр-түрлі: тағам қалдықтары, қағаз, метелл сынықтары, резина, шыны, ағаш, синтетикалық заттар т.б болып келеді. Олардың арасында орама материалдардың – қағаз, картон, пластик, (оның ішінде полиэтилен), ағаш, сондай-ақ құрғақ кезінде ықтималды жану компоненті болып табылатын текстиль мен резина көптеп кездеседі. Тұрмыстық қатты қалдықтардың талдауының көрсетуінше олардың негізгі массасы органикалық компанентерден тұрады (80%-ға дейін), зерттеу нәтижелері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардың ылғалдылығы (3-5%-ға), күлділігі (50%-ға дейін), бөлшектер мөлшері (1-3мм 70%). Химиялық құрамы бойынша органикалық заттарға: аммияк және нитрат азоты, жалпы фосфор және калий, кальций, көміртегі, хлориттер, сульфаттар енеді. Органикалық сипаттың құрамында органикалық көміртектің жалпы мөлшері — 90%-дай бар, ал көміртектің азотқа қатынасының индекісі орташа 14%-ды құрайды. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтардың жиналған құрамында жоғары мөлшерде тынайтқыш қасиеттері бар: азот-2%, фосфор-5% және калий-4%, органикалық заттардың құрамы – 40-75%, көміртегі – 35-40%, құрғақ қалдықтар массасына күлділігі – 40-50%. ТҚҚ-дың минералды бөлігі калций, магний, темір, силициум қосылыстарынан тұрады екен.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық тастандыларының атмосфералық ауаға әсерін анықтап, қатты тұрмыстық тастандылар ықпалынан табиғатты қорғаудың шараларын ұсыну.

Жұмыстың міндеті:

-Әдебиеттерге шолу жасай отырып, Қазақстан Республикасындағы қатты тұрмыстық тастандылардың құрамы мен жинақталу көздерін зерттеу;

— Қазақстан Республикасындағы қатты тұрмыстық тастандылардың атмосфералық ауаға әсерін, яғни қалалардағы қоқыстар орнындағы тұрмыстық қатты тастандылардың жинақталу жағдайы және оның қоршаған орта компоненттеріне әсерін талдау;

-қатты тұрмыстық тастандылар мәселесін шешудегі қазіргі жүргізіліп

отырған шараларды қарастыру;

-қатты тұрмыстық тастандылар мәселесін шешудің кешенді жолдарын іздестіру;

-қатты тұрмыстық тастандылар ықпалынан табиғатты қорғаудың бағдарламалары мен шараларын ұсыну.

Жұмыс кіріспе, үш тараудан, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыста Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының еңбегін қолдана отырып орындалды.


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий