Қазақстанда экологиялық аудитті жүргізудің ерекшеліктері



М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………….3

ӘДЕБИТКЕ ШОЛУ

Қазақстанда экологиялық аудитті жүргізудің ерекшелік- тері…………………………………………………………………………………………………………….5

І. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………………..7

1.1 Экологиялық аудит түсінігі………………………………………………………………….7

1.2 Экологиялық аудит жүргізу үшін негіздер…………………………………………..10

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТТІ ЖҮРГІЗУДІҢ САТЫЛАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ………………………………..11

2.1 Экологиялық аудиттi лицензиялаудың жолдары…………………………………..11

2.2Экологиялық аудиттi жүргiзу сатылары…………………………………….13

2.3Экологиялық аудиттi жүргiзудiң ерекшелiктерi……………………………………16

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………….22

КІРІСПЕ

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды. Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды ауа райын мақтан етеміз.

Қазақстанның табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі –аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары.

Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.

Сонымен бірге, қоршаған орта туралы халық арасында экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық саяси, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударуға құқылы.

Тікелей министрліктің ұсынысымен табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қолданыстағы заң талаптары бойынша түсініктемелер берілді. Қазіргі кезде республикада мемлекеттік өкілетті инспекторлар жұмыс істейді. Инспекторлардың халықпен байланысын нығайту, экология жөніндегі жергілікті проблемаларды талқылау және нақты шараларды айқындау мақсатында олардың аудандар мен қалалардағы есебі тыңдалады.

Алайда, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғауға осындай заңдық негізде бақылау жұмыстары жүргізілгенмен, табиғатты пайдалануда қамқорлық емес, қорқаулық көзқарастың жойыла қоймағанын мойын-дауымыз керек. Мәселен, Қапшағай қаласындағы бұрынғы “Вимпекс” арақ зауытының қалдықтары ауаны ластап, қала тұрғындары мен демалушыларға қиындық келтіруде. Сондай-ақ, Іле ауданындағы “Филипп Морис Қазақстан” серіктестігі де өндіріс қалдықтарын жасырын сақтап, қоршаған ортаға мол зиян келтіргені анықталды. Алматы қаласына таяу орналасқан Қарасай, Іле және Талғар аудандарының экологиялық жағдайы баса назар аударуды қажет етеді. Тау аймақтарының бірқатар көрікті жері аталған аудандарға қарайды. Аудандар территориясындағы шатқалдардың орманы оталып, беткейі түзетіліп, шағын тау өзендері бойына зәулім үйлер салынып, оның айналасы дуалдармен қоршалып жатқаны жасырын емес. Кез келген тексерушіні жолата қоймайды. Олардың қарулы күзетшісі және бар. Сән салтанатты сауналар мен моншалардан шыққан лас су тау өзендеріне құйылып жатыр. Осындай нысандарға уақтылы экологиялық сараптама жасап, заңдық тексеру жүргізу мүмкін болмай отыр.

Қоршаған ортаны ластаушы кәсіпорындарға қарсы көп ұзамай тиісті заң шаралары қолданылатын болады. Мәжіліс депутаттары «экологиялық аудит» туралы тиісті заңдарға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жобаны қабылдады. Ауа қабатын ластап отырған кәсіпорындарды тексеріп, тиісті жазасын беруге бағытталған заң жобасы, төменгі палатада қолдау тапты

Ауа қабатын ластап отырған кәсіпорындардың қызметін тексеріп, тиісті шара қолдануға мүмкіндік беретін құжатты, мәжілістің депутаттары жалпы отырыста қолдады. Сенат қарауына жіберілген заң жобасы қолданыстағы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Атмосфералық ауа туралы», жане «банкроттық туралы» заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындау заң жобасының негізгі көздегені. Бүгінгі күнге дейін заңнамалық актілерде тиісті нормалардың болмауы салдарынан, экологиялық аудит кеңінен таралмай келген. Қоршаған ортаны қорғау министрі, «аудиторлық ұйымдардың іс-қызметі мен экологиялық тексерістердің қажет болатын жағдайлары реттелмеген», дейді. Осыған орай заң жобасында экологиялық аудит ұғымы нақтыланған. Кәсіпорындардың ауа қабатына келтіріп отырған зиян көлемін анықтау үшін экологиялық тексеріс қажет. Халық қалаулылары да аталған заң жобасының ауа қабатын қорғау бағытында таптырмайтын құжат екендігін мойындап отыр.

Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталған кезде қоршаған ортаның авариялық ластану нәтижесінде келтірілген зиянды бағалау үшін экологиялық аудиторлар тартуға құқылы.

1. Уәкілетті орган сақтанушының қоршаған ортаны қорғаудың нормалары мен ережелерін, экологиялық талаптарды сақтауын бағалау үшін экологиялық аудиторлар тартуға құқылы.

2. Экологиялық аудит жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы экологиялық аудит жүргізу ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу.

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:

— экологиялық аудиттi лицензиялаудың жолдарын қарастыру;

— экологиялық аудиттi жүргiзу сатыларына талдау жүргізу;

— экологиялық аудиттi жүргiзудiң ерекшелiктерiн саралау.

Бұл жұмыстың ғылыми жаңашылдығы – ұлттық тілде бұл тақырыпта зерттелген жұмыстар аздық танытып отыр. Сондықтан осы қазақ тілінде зерттеліп отырған жұмыстың ғылымға қосатын үлесі, болады деп ойлаймын.

Курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий