ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАУ



Кіріспе3

1.ӘДЕБИ ШОЛУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ………………5

1.1Экологиялық сараптаманың түсінігі, мақсаты, міндеті………………………………..5

1.2 Экологиялық сараптаманың қағидалары9

2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ……………………..14

2.1Экологиялық сараптаманың объектілері14

2.2Экологиялық сараптама комиссиясы15

Қорытынды23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі30

Кіріспе

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Азамттың табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдыруда. Қазіргі кезде экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төңдіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез-келген аумақтардан көруге болады.

Экологияны қорғау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес, жүйелі түрде, кешенді жүргізілетін, ұзақ мерзімді, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар проблемаларға айналып отыр. Өйткені, жалпы айтқанда экологияны қорғау еліміздің тұрмысы мен әл-ауқатының артуына, денсаулығының мықты болуына, айналаның, қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының өркендеуіне және т.б. жағдайларды жақсаруына әкеп соғады.

Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы – экологиялық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық бағыттарын айқындай отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғат пайдаланудағы экологиялық шектеулер арқылы мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін және тұрақты дамуының негізгі ірге тасы болып табылады. Бірақ, қазіргі мекемелер белгіленген лимиттерді және қоршаған ортаны қорғау талаптарын үнемі орындай бермейді. Мекемелер экологиялық акцияларды жүргізу барысында қазіргі және болашақ ұрпақ алдында қоршаған ортаның ластануының алдын алу жауапкершілігін біледі. Бірақ, экологиялық зиянды қызметпен айналысатын адамдар пайда табудың арқасында, өз уақыттарын экологиялық жағдайдың қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасауға жұмсамайды. Сондықтан да мемлекет экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші субъект ретінде барлық субъектілерге бірінші кезекте экологиялық мүдденің тұруына ықпал етуі қажет. Сол себептен азаматтардың экологиялық мүдделерін қорғау үшін қоршаған ортаны қорғауда қолайлы механизм табу қажет. Бұл үшін экологиялық сараптама институтының рөлі маңызды болып табылады.

Экологиялық сараптама институты іске қосылатын объектінің нақты экологиялық жағдайдағы мүмкіншілігін және қоршаған ортаға деген жағымсыз әсер ету дәрежесін анықтап, жобаны жүзеге асыруға экологиялық көзқарас тұрғысында ғылыми қортындылармен сипаттамалар береді. Яғни, экологиялық сараптама шаруашылық және өзге де қызметтің мүмкін болатын жағымыз әсерін ескертеді және бұл қызметтің экологиялық талаптарға сай келетінін анықтайды. Экологиялық сараптама жүзеге асырылатын объектінің экологиялық зиянды қызмет екендігін анықтайтындықтан табиғат қорғау қызметінің басты құрамы болып табылады. Себебі экологиялық сараптама қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын алдын алу шарасы болып табылады.

Экологиялық сараптаманы дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін құқықтық реттеу қажет. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін шаруашылық қызметтің көп түрі дамуына байланысты қоршаған ортаны қорғау және де табиғатты ұтымды пайдалану мақсатында 18 1997 жылдың наурызында “Экологиялық сараптама туралың заң қабылданды. Бұл заңда “қоршаған ортаны қорғау туралың заңда бекітілген экологиялық сараптаманың жағдайы жетілдірілді.

Экологиялық сараптама – қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу құралы болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Экологиялық сараптаманың түрлеріне, мәселелеріне және оның ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу.

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:

— экологиялық сараптаманың мақсатын міндеттерін саралау;

— экологиялық сараптаманың қағидаларын қарастыру;

— экологиялық сараптама субъектілерін зерттеу.

Жұмыс кіріспе, екі тараудан, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарау экологиялық сараптаманың мақсатын міндеттерін, қағидаларын және объектілерін қарастырады.

Екінші тарау экологиялық сараптама субъектілеріне арналған.

Жұмыста қолданылған негізгі терминдер: экологиялық сараптама, субъект, табиғи ресурстар, экологиялық сараптама объектілері т.б.

Жұмыста Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының еңбегін қолдана отырып орындалған.


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий