Топырақтың сапасын бақылау әдістері мен аспектілері



М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………………3

І ТОПЫРАҚ САПАСЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

1.1 Топырақ түзілу процестері және оған әсер ететін факторлар………………………5

1.2 Топырақ сапасы экологияның маңызды бөлігі………………………………………….8

ІІ ТОПЫРАҚТЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН АСПАПТАРЫ

2.1 Топырақ сапасын анықтау әдістері мен аспаптары………………………………….14

2.2 Топырақ сапасының критерилері мен негізгі қағидалары………………………..20

2.3 Топырақ сапасын анықтаудың (1979 ж) Мемлекеттік әдістемесі………………24

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………..25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………………27

Кіріспе

Топырақ дүние жүзіндегі тарихи кезеңдерде дамыған адамзат қоғамдары мен табиғи байлықтарының заттық (материалдық) негізі болып табылады. Ол үлкені-кішілі организмдердің Жер планетасындағы аналық жыныстармен өзара әрекеттесуінің арқасында түзіледі. Сондықтан топырақ тірі және өлі заттардың физико-химиялық күрделі бірігуінен пайда болған биосфераның литосфера деп аталатын биокосты бөлігіне кіреді.

Бонитеттеу (латынша bonitos – жақсы) , яғни ізгі сапалық деген мағына береді. Бонитеттеу топырақтарды бағалау, ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері мен белгіленеді. Ғалымдардың анықтауы мынадай: -Соболев С – «Бонитировка немесе топырақты сапалы бағалау деген түсінік — топырақтарды өнімділігі тұрғысынан арнаулы жіктеу; ол топырақтардың, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына оңтайлы және олардың орташа көпжылдық өніктілігіне сай (корреляция) келетін, ең маңызды белгілері мен қасиеттері негізін құрайды».

— Карманов И – «Бонитировка деген – ықтималды егіншіліктің қарқынды деңгейіндегі топырақтарды өнімділігі тұрғысынан салыстырмалы бағалау».

-Гаврилюк Ф – «Бонитировка деген өнімділік қабілетіне қарай топырақ-тардың қасиеттерін салыстырмалы бағалау; …ол деген топырақтарды тектік — өндірістік жіктеу; олардың құнарлығы балл арқылы есептеледі; топырақтар сапасының өнімділігі мен оңтайлылық көрсеткіші».

Учаскелер болса мызғымайтын нысан (объект) – жерлік учаскеге меншіктік құқық, жерді пайдалануға құқығы (жерлік учаскелердің мөлшері мен сапалық күйі, құны, т.б.) және нарықтық экономиканың тіршіліктік (функциялық) , сондай-ақ жер қорын нәтижелі басқару құралы болып саналады. Ол жерлік нарықты дамытуға, бағалауды жетілдіруге, дұрыс салық салуға және т.б. жер төлемдерін атқаруға, ипотектік (жерге қарыз алу) кредиттеуге және фискалдық (мемқазна ынтасы) саясатты іске асыруға себептеседі.

Топырақтарды бағалау жалпы мемлекеттік проблемаға айналып, жер кадастрдың (құжаттар жиынтығы) құрамдық бөлігі болып саналады.

Ал топырақтарды бағалау болса аталған жер кадастр мәселелерін шешуге керек құжат. Солардың бастығы- ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құралы – жер туралы деректермен жоспарлау мекемелерін қамтамасыздау, жерлік деректер болса ауыл шаруашылық өндірісінің жоспарлау, ұйымдастыру мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік әрекетінің нәтижелерін бағалауға, шаруашылық есептік қатынастар жүйесін, ауыл шаруашылық өнімдеріне мемлекеттік бағаларды, материалдық- техникалық қамтамасыздандыруды, салық салуды, кредиттеуді, т.б.реттеуге керек.

Топырақ сапасын анықтаудың мақсаты ауыл шаруашылық дақылдар және табиғи шөптесіндер мен ормандар өсіп-өнуіне ең қолайлы топырақтарды анықтау, оның материалдары аймақтық ғылыми негізделген, өндірістің топырақ – климаттық жағдайларын сәйкес қолданылатын, егіншілік жүйесін енгізуге, тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді пайдалануға және –де басқа мелиоративтік – топырақ құнарлығын қайтаруға, тұрақтылауға және көтеруге бағытталған шараларды енгізуге керек. Жерді (топырақты) бағалау жұмыстарының топырақ жамылғысын бұзылудан, батпақтану, қайта сортандану мен ластанудан, т.б. құбылыстардан қорғауда маңызы зор, себебі жердің (топырақтың) пайдалануы мен күйін анықтау, оның саны мен сапасын қатал есептеу, яғни топырақтарды бағалау материалдары негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, топырақ бонитеті- топыраққа өндірістік тұрғыдан салыстырмалы баға беру.

Курстық жұмыстың мақсаты: Топырақтың сапасын бақылау әдістері мен аспаптарын зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеті:

-топырақтың түзілу процестері және оған әсер ететін факторларды қарас-тыру;

-топырақ сапасын экологияның маңызды бөлігі ретінде зерттеу;

-топырақ сапасын анықтау әдістері мен тәсілдерін талдау;

-топырақ сапасының критерилері мен негізгі қағидаларын анықтау;

-топырақ сапасын анықтаудың (1979 ж) Мемлекеттік әдістемесін көрсету;

-топырақ сапасын бағалау тәсілдерін Қостанай облысы мысалында талдау осы жұмыстың міндеті болып саналады.


Бөлім: Экология, Қоршаған ортаны қорғау

Добавить комментарий